Алдымен қазақстандық ӨСК-да инвестициялаудың немесе инвесторлардың қосымша дереккөздерін іздеуде қажеттілігі туындағанын атап өткеніміз жөн.
«Әңгіменің бәрі «ұзақ» (ұзақ мерзімді) салыстырмалы түрде арзан инвестициялар қашанда экономикаға әлеуметтік мәнді институционалдық жобаларды іске асыру үшін қажет», – деп өзінің lifeinsurance.kz түсініктемесінде «Nomad Life» ӨСК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Шәкенов көрсетеді. – АХҚО-мен ынтымақтастық компанияларға аса елеулі емес шығындармен түрлі валютада едәуір тартымды инвестицияларға қолжетімділігін, салық салудан босатуды, «кіру билетінің» төменгі мөлшерін ұсынады, өйткені ӨСК клиенттерді инвестициялау үшін пулдарға біріктіруде.
Расымен, өмірді сақтандыру компаниялары шын мәнінде инвесторлар болып табылатынын және инвестициялау валютасы теңгенің шегінен шығатынын ескерсек, олар халықаралық қаржы нарықтарына қол жеткізуге ұмтылады.
Бүгінгі таңда АХҚО қазақстандық ӨСК-ға қандай мүмкіндіктерді ұсына алады деген сауалға Орталықтың Қоғаммен байланыстар жөніндегі департаментінде осы компаниялардың акционерлерінде АХҚО-да жаңа сақтандыру компаниясын, кэптивті немесе ислам сақтандыру компаниясын құруға мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Сонымен қатар ӨСК өзінің еншілес компаниясын, филиалын немесе өкілдігін аша алады.
Оның үстіне Орталықтың баспасөз-қызметінде ӨСК АХҚО Биржасында – Astana International Exchange (AIX) инвестор болып және белгілі бір қаржы құралдарын сатып алуға құқылы екенін атап көрсетті. Бұған Биржаға қол жеткізетін кәсіби қатысушылардың қызметтерін пайдалану арқылы жасауға болады.
Сондай-ақ АХҚО баспасөз-қызметі Биржаның артықшылығы, ол жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық орта жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігінде екенін атап көрсетеді.
«Бұл шетелдік инвесторлар тарапынан биржаға қолжетімділігін жеңілдетеді және жергілікті инвесторларды қосымша кепілдіктермен қамтамасыз етеді. Astana International Exchange өнімдер топтамасының дамуына жұмыс істейді, мысалы, эмитент ретінде юниорлық тау-кен компанияларын, сонымен қатар биржалық қорларды тартып, «Пояс и Путь» инфрақұрылымдық халықаралық бастамасын ашатын мүмкіндіктерді пайдалана отырады, – lifeinsurance.kz сауалына жауап ретінде АХҚО-да атап көрсетеді. – Жақын арада инвестор үшін кез келген ыңғайлы валютада бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігі қолжетімді болмақ. Сауда үшін ұсынылатын құралдардың тізімімен Биржаның www.aix.kz сайтында «Нарықтың мәліметтері» тарауында танысуға болады. Биржаға кіру сауда-саттыққа кіру рұқсаты болуы тиіс брокерлік компаниялар немесе АХҚО Комитеті уәкілетті органының лицензиясы арқылы жүзеге асырылады. Брокерлік компаниялардың тізімін де www.aix.kz сайтында Сауда мүшелері тарауында табуға болады. АХҚО заңнамалық актілерінің тізімі АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің сайтында жарияланған (сілтемесі - Legislation)».
Сондай-ақ АХҚО-да қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны алуды көздейтін Орталық қатысушысы мәртебесін алған жағдайда, ӨСК-да АХҚО қатысушыларына таралатын барлық артықшылықтарға, оның ішінде салықтық преференцияларға, АХҚО Халықаралық сотында қорғауға, «English Common Law» Жалпы құқығында негізделген заңнаманы пайдалануға, жеңілдетілген валюталық режимді пайдалануға қол жеткізе алатынын атап көрсетеді.
Асқар Шәкеновтың сөзінше, АХҚО-да расында да арнайы салықтық режим жасалған, бұл режимде Орталықтың қатысушылары 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін корпоративтік құн салығын төлеуден босатылады, ал бұл ынтымақтастықты орнатуды ынталандыру болып табылады. Алайда бұл ретте ерекше салықтық режимге түсетін қаржы қызметтерінің тізімінде өмірді сақтандыру қызметі жоқ екен, осы салада жұмыс істейтін компанияларды АХҚО қатысушылары болуға ынталандырылмайтынын атап көрсетті.
Алайда, бәрі біздің қолымызда, – деп оптимистік көңіл-күйді кешуде. – Біздің салған күшімізден қазақстандық қаржы секторы айқын, тиімді, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі игілігіне халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңаша жұмыс жасау тәртібі байланысты болады. Біз life-секторының өкілдері ретінде бұған мүдделіміз.
Фото: Total.kz, bnews.kz