bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстан COVID-19-бен күреске 71 млрд теңгеден аса жұмсады

Осы жылы коронавируспен күреске 71 млрд теңгеден артық жұмсалды. Бұл туралы ӘМСҚ-ның басшысы Болат Төкежанов хабарлады, деп жазады LS.
Қазақстан COVID-19-бен күреске 71 млрд теңгеден аса жұмсады

Төкежановтың сөзінше, коронавирустық инфекция және өкпе қабыну кезінде қазақстандықтар медициналық көмекті мәртебесіне тәуелсіз тегін алады. «Қор коронавирус және өкпе қабынуымен күреске 71,6 млрд теңге жұмсады», - деректерді келтірді спикер.

Атап айтқанда, 2021 жылғы I тоқсанда медицина қызметкерлеріне үстемеге 42,4 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 15,6 млрд теңге медициналық көмекке және аурудың таралуының алдын алу қызметтеріне жіберілді. Төкежановтың деректері бойынша, бұл сома ауруханаға жатқызылған 95 мыңнан астам адамға жұмсалған. ПТР-тестке 10,3 млрд теңге, мобильді топтардың шығуына – 3 млрд теңге, үйдегі стационарларға – 33,3 млн теңге жұмсалған.

«Егер бүткіл өткен жылы шамамен 1,9 млн ПТР-тест жүргізілсе, осы жылдың алғашқы үш айында вирусты анықтау үшін 1,3 млн зерттеулер қаржыландырылған», – деп қосты қор басшысы.

Дереккөзі: https://lsm.kz/na-koronavirus-uzhe-potratili-71-mlrd-tenge

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Хирург сақтандыру төлемі үшін әдейі аяғын үсірген
Хирург сақтандыру төлемі үшін әдейі аяғын үсірген

Ұлыбританияда сот 49 жастағы бұрынғы тамыр хир...

Әйел сақтандыру төлемі үшін өзінің өлімін қолдан жасады
Әйел сақтандыру төлемі үшін өзінің өлімін қолдан жасады

Карен Салкилд 700 мың долларлық өмірді сақтанды...

Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі қазірдің өзінде 42%-дан асты
Қазақстанда қарттар мен балалардың үлесі қазірдің өзінде 42%-дан асты

Соңғы бес жылда Қазақстанда демографиялық жүк...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру