bs-preloader__icon
ru kz en

Standard Life таза пайдасы 2017 жылы 60%-ға өсті

2018 жылғы наурыз айында Fitch сақтандыру компаниясына «Тұрақты» болжамы мен «В» қаржылық тұрақтылықтың рейтингін берді, деп хабарлайды afk.kz
Standard Life таза пайдасы 2017 жылы  60%-ға өсті

Standard Life сақтандыру компаниясының таза пайдасы 2017 жылғы қорытындылары бойынша 729,3 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткішінен (456,0 млн теңге) 59,9%-ға жоғары болды. Компания пайдасы ең бастысы комиссиялық шығындардың елеулі қысқаруымен (-1,4 млрд теңге) және сақтандыру шарттары бойынша қорлардың азаюымен (-1,5 млрд теңге) байланысты болды.

Сол арада компанияның таза еңбекпен табылған сыйлықақылары 2017 жылы 6,2 млрд теңгеден 4,1 млрд теңгеге дейін 34%-ға төмендеді. Сыйлықақылардың төмендеуі ірі сақтандыру агентімен – заңды тұлғамен тапсырма шартының бұзылуына байланысты болды. Бұл шарт бойынша агент компанияның атынан және оның тапсырмасымен сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған. Бүкіл сектордың таза сақтандыру сыйлықақылары өткен жылы 11,3%-ға 266,6 млрд теңгеге дейін өсті.

Компанияның активтері 16,2%-ға 24,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Теңгерімнің актив бөлігінде негізгі ұлғаю банктердегі шоттарда және депозиттерде (+2,8 млрд теңге), кері репо операцияларында (+1,2 млрд теңге) және негізгі құралдарында (+0,5 млрд теңге) байқалады. Банктегі депозиттер (18,0 млрд теңге немесе активтердің 74%) компанияның бүкіл инвестицияларының 87,4% құрайды және көбінесе В- және В+аралығындағы несиелік рейтингі бар ЕДБ-де орналастырылған. Сатуға арналған қаржы активтері 1,2 млрд теңгеге дейін қысқарғандығын атап өту жөн, бұл BB- және BB+аралығындағы несиелік рейтинг бар қазақстандық банктердің еврооблигацияларының 100% пакетін сатуымен байланысты. ҚР ҰБ мәліметтеріне сәйкес жылдың басындағы жағдай бойынша компанияның активтері сектордың жиынтықта активтерінен 2,6% пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, компанияның жиынтық міндеттемелері 14,9% пайызға 20,0 млрд теңгеге ұлғайғандығын көрсетеді. Барлық міндеттемелердің 98% пайызын құрайтын сақтандыру шарттары бойынша қорлар 16,9 млрд теңгеден 19,6 млрд теңгеге (+16%) дейінгі өсуін көрсетті. Бөлінбеген пайда қорының 80% пайызға 1,8 млрд теңгеге дейінгі өсуі байқалады, бұл 4,4 млрд теңгеге дейінгі тиісті сомаға ұлғайған өзіндік капиталға оң ықпалын көрсеткен. Дегенмен, компанияның акционерлік капиталы өзгермеген және 2,6 млрд теңгені құрап отыр.

2018 жылғы сәуір айындағы жағдай бойынша компанияның негізгі акционері Д.Д.Кумпеисов болып табылады, оған компанияның барлық акцияларының 22,47% пайызы тиесілі. Бұл орайда бір жыл бұрын осы акционердің үлесі 53,7% пайызды құраған болатын. Сондай-ақ қалған он акционердің үлесі акциялардың 7,48% және 8,03% пайыз аралығында өзгеріп тұрады.

Соңғы рейтингтік әрекеттер: 2018 жылғы 13 наурызда Standard Life компаниясына Fitch «Тұрақты» болжамы мен «В» қаржылық тұрақтылықтың рейтингін берді. Fitch-тің пікірі бойынша компанияның рейтингтері Standard Life компаниясының әлсіз бизнес-портфелін, сақтандыру портфелінің ұзақ мерзімді тәуекелдерге бейімділігн, жоғары инвестициялық тәуекел мен активтер және пасивтер құрылымының әлсіз сәйкестігін айқындайды, бұл компанияның реттеуші төлем қабілеттілігі тұрғысынан күшті позициясымен орнын толтыра алады.

Дереккөзі: http://afk.kz/ru/analytics/emitentyi-kase/pribyil-standard-life-uvelichilas-na-60.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру