bs-preloader__icon
ru kz en

Алматылықтар жазда немен ауратындығы туралы сақтандырушылар айтып берді

Кең таралған диагноздарына жоғары тыныс алу жолдарының асқынған вирустық инфекциясы, жарақаттар, жүрек-қан тамырлар жүйесінің аурулары жатады, деп bnews.kz хабарлайды.
Алматылықтар жазда немен ауратындығы туралы сақтандырушылар айтып берді

Алматыда маусым және шілде айларында ерікті медициналық сақтандыру полисінің әрбір алтыншы иесі немесе сақтандырылғандардың жалпы санының 16% дәрігерлік көмекке жүгінді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында бұл көрсеткіш одан да жоғары, сақтандырылған балалардың жалпы санының 23,2% медициналық мекемелерге жүгінді. 55-65 жас аралығындағы адамдардың арасында да жоғары көрсеткіш орын алуда, олардың ішінде 26,4% дәрігерге қаралды. Бұл туралы "Kompetenz" СК» АҚ баспасөз-қызметі хабарлады, деп BNews.kz айтты.

Алматылықтар арасында жазғы кезеңде кең таралған диагнозы жоғары тыныс алу жолдарының асқынған вирустық инфекциясы болып табылады, бұл диагноз науқастардың 32%-на қойылды. Мамандар ыстық күнде тұмау мен вирустық сипаттағы аурулар ұзағырақ және қиынырақ өтеді деп есептейді.

Екінші орында жарақаттар, бұл диагноз науқастардың жалпы санының 13% қойылды. Жарақаттардың кең таралған түрлеріне тек қана жаралар мен соғылу ғана емес, сонымен қатар білек сүйегінің сынуы, қолдың жарақаты жатады. Содан кейін жүрек-қан тамырлар жүйеісінің аурулары (9,5%) орын алады.

«Ыстықтың салдарынан гипертония, инфаркт және инсульт тәуекелі де өсуде. Күн ыстықта жүрек қанды тездетілген режимде «тартуға» ұмтылады, өйткені қан ағзаның сұйықтықты жоғалтқандықтан қоюланып кетеді, оттегімен қанықпаған болып, тіптен сіз қапырық көлікте болмасаңыз да, ашық күннің астында басыңыз төмен салбырап тұрмасаңыз да, гипоксия мен талып түсуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тамырдың дистониясы – «қоюланып қалған» қан мен лимфаның жағдайында – қанның ұйып қалуына және тамырдың бітеліп қалуына әкеліп соқтырады», - деп сақтандырушылар атап өтті.

Күн ыстықта ағзамыз сұйықтықты көп жоғалтады: қоршаған ортаның температурасы 40°С болғанда, ағзадан сағатына шамамен бір литр тер шығады. Сұйықтықпен бірге ағза минералды тұздар, оның ішінде жүректің жұмысы және жүрек ырғағын сақтау үшін қажетті калий мен магнийді жоғалтады. Қанның айналысын қалыпқа келтіруге жағдай жасайтын ең үздік профилактика ылғалдың қажетті деңгейінің орнын толтыру бола алады. Мамандар ыстық күні газдалмаған суды ішуге, яғни оны қажет болғанда, аз мөлшермен ішуге кеңес береді. Бұл ретте ағзаның жеке ерекшеліктерін ескеру қажеті, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар адамдар үшін судың мөлшерін тек дәрігер ғана анықтай алады.  

Тамақпен улану жағдайлары да жиі кездеседі. Олар дәрігерге қаралғандардың жалпы санының 7,8% құрайды. Азық-түліктің, әсіресе ет, балық және сүт өнімдерінің балғындылығын мұқият қадағалау қажет.

Сонымен қатар алматылықтарды жылу соғулар мен күн күйіктері де мазалайды. Бұл жағдайға адамдар күннің астында немесе қапырық бөлмеде ұзақ болғандықтан ұшырайды. Жылу соғуларын алдын алу үшін бас киімін тастамай, табиғи маталардан тігілген киімді кию керек, көбірек су ішу керек.

Сондай-ақ аллергиялық аурулармен байланысты дәрігерге қаралу да көбейді. Сақтандырылғандардың 4% шағымдары күрделі қызару және аллергиялық реакцияны тудыратын жәндіктердің шағуларының жағымсыз салдарымен байланысты. Масаның, араның шағуы улағыш реакцияларға әкеп соқтырады. Ісіп кетуі, қызаруы, лимфалық түйіндердің ұлғаюы, сонымен қатар жүрек айынуы, құсу, қалтырау, буындардың ауруы, бас ауруы, температураның көтерілуі, артериалдық қысымның түсіп кетуі, тыныстың бітуі, талу сияқты салдар пайда болуы мүмкін.

Дереккөзі: https://bnews.kz/ru/news/rasprostranennie_letnie_zabolevaniya_sredi_almatintsev_nazvali_strahovshchiki

Фотосурет positivepeople.md сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетке мерзімінен ерте шығу. Нақты нұсқаулық
Зейнетке мерзімінен ерте шығу. Нақты нұсқаулық

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы өзге...

Sanasa Life Insurance балаларды сақтандыру полисін іске қосады
Sanasa Life Insurance балаларды сақтандыру полисін іске қосады

Sanasa Life Insurance, өмірді сақтандыру компаниясы "Ана...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру