bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қаржы секторының цифровизациясы – бұл қажеттілік – Ұлттық банк

Қаржы секторы үшін клиенттерге қаржы қызметтерін көрсету кезінде олардан талап етілетін қағаз анықтамаларын алып тастау мәселесі өзекті болып қалуда, деп ҚР Ұлттық Банкінің басшысы Данияр Акишев мәлімдеді, деп Tengrinews.kz хабарлайды.
Қаржы секторының цифровизациясы – бұл қажеттілік – Ұлттық банк

«Біз жүргізген талдаудың нәтижелері клиенттер қазір қаржы ұйымдарына анықтамалардың және қағаз түріндегі мәліметтердің 40 түрін ұсынатындығын көрсетті. Бұл ақпараттың барлығы мемлекеттік органдардың жүйелерінде бар, қаржы ұйымдары оны мемлекеттік базалардан тікелей ала алады», –деп Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы хабарлады. Акишевтің сөзінше, осы міндетті шешу аясында Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге тиісті жұмыс тобы құрылып, жол картасы жасалды және қажетті жұмыс жасалуда. Сонымен қатар қазақстандықтар қаржы институттарының бөлімшелеріне барудың қажеттілігі болмас үшін клиентті қашықтықтан сәйкестендіру жобасы іске асуда. «Бүгінгі таңда Ішкі істер, Әділет және Ақпарат және коммуникация министрліктерімен бірге биометриялық көрсеткіштер және мемлекеттік деректер базасынан мәліметтерді пайдаланумен клиенттерді онлайн-сәйкестендіру мәселелері қарастырылуда», – деп Акишев айтып берді. Оның сөзінше, онлайн-сақтандыруды ендіру жобасы халыққа сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы электронды нысанда міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға мүмкіндік береді.

Дереккөзі: https://tengrinews.kz/money/kak-kazahstanskie-banki-okonchatelno-izbavyat-ot-bumagi-348102/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Егер сіздің сақтандыру компаниясы банкротқа ұшыраса не болады?
Егер сіздің сақтандыру компаниясы банкротқа ұшыраса не болады?

«Банкроттық үшін тым үлкен» деп саналған AIG са...

Қазақстандық банктердің осы жылы депозит портфельдері қалай өзгерді
Қазақстандық банктердің осы жылы депозит портфельдері қалай өзгерді

Ауыр «коронакризистік» 2020 жыл жалпы елдің эко...

К 2084 жылға қарай дүниеде адам өлімі туу көрсеткішінен асып түседі – БҰҰ
К 2084 жылға қарай дүниеде адам өлімі туу көрсеткішінен асып түседі – БҰҰ

Жер шарындағы халық саны өскен сайын өлім саны...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру