bs-preloader__icon
ru kz

ҚНРДА-де білім беру сақтандыру өнімі туралы айтты

МБЖЖ – бұл кез келген азаматтың өз баласына Қазақстанда немесе шетелде кәсіби-техникалық және жоғары білім ақысын төлеуге жеткілікті қаражат жинау үшін берілетін мүмкіндік, - деп хабарлады ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
ҚНРДА-де білім беру сақтандыру өнімі туралы айтты

«МБЖЖ 2013 жылы екінші деңгейдегі банкілер арқылы жұмыс істей бастады және осы күнге дейін табысты қызмет етіп келеді.  Жүйе 2020-2025 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құрамына кіреді», - деп атап өтті   ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сақтандыру нарығы мен актуарлы есеп айырысулар депратаментінің директоры Асель Амирбаева.

 Бұл құралдың артықшылығы азаматтардың жинаған қаражатына екінші деңгейлі банкінің немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық табыснан өзге халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына 7% және азаматтардың қалғандар санаттары үшін 5% мемлекет сыйлығы қосылатынында.

МБЖЖ аясындағы өнімдердің арқасында азаматтар мемлекеттен тікелей қосымша пайыздық жинақтау ала отырып, балаларын оқытуға қаражат жинай алады. Нәтижесінде жинақтаудың жалп сомасы біртіндеп өсетін болады. Бұл оқуды оңайырақ төлеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі 4 банк пен  4 өмірді сақтандыру компаниясы МБЖЖ бағдарламасы бойынша өзінің жеке өнімдерін ұсынуда.

Сақтандыру компанияларының ұсыныстарының өз артықшылықтары бар. Біріншіден, табыстылық  мөлшерлемесіне  депозиттен айырмашылығы (8%-дан 10%-ға дейін) сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне кепілдік беріледі. Екіншіден, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігі толық жинақталған соманы жабады, ал Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігі 20 млн теңгеге дейінгі соманы ғана жабады. Үшіншіден, ата-анасы еңбекке қабілеттілігінен айырылған немесе  қайтыс болған жағдайда, оқудың толық құны жинақталған сомаға қарамастан төленеді.

Сақтанушы үшін тағы бір пайда – сақтандыру жарналарын жүзеге асыру кезіндегі салықтық жеңілдік (жұмыс беруші  жеке табыс салығын есептеген кезде 320 АЕК шегінде) және сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайда салықтан босату.

«МБЖЖ-ға өмірді сақтандыру бойынша компанияның қатысуы ата-аналардың көпшілігіне өз балаларының оқуына қаражат жинау мүмкіндігін алуға кө мектесті. Бұл мемлекет сибисидиялайтын бірінші сақтандыру өнімі» деп қорытындылады Асель Амирбаева.

Фото ашық дерек көздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру