Агенттіктің басымдықтары сақтандыру нарығын реттеуді жетілдіру және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сақтандыру алаяқтығын болдырмау жөнінде шаралар әзірлеу, онлайн-сақтандыруды жетілдіру және есептілікті оңтайландыру арқылы қызметтерге қол жетімділікті дамыту, жинақтаушы сақтандырудың тартымдылығын арттыру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері дәстүрлі зейнетақы жинақтарына осы балама болуы үшін жағдайлар қалыптастыру болады.
Реттеуші Insurance Regulatory Information System (IRIS) халықаралық реттеуші жүйесінің элементтерін енгізуді қоса алғанда, сақтандыру ұйымдарының тәуекел-менеджментінің рөлін арттыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады, сақтандырудың міндетті түрлерін тарифтеудің неғұрлым икемді жүйесі енгізілетін болады, тәуекелдерді қайта бөлудің тиімді жүйесін құру үшін сақтандырудың ауыстырылған түрлері бойынша пуллингтік жүйе одан әрі дамитын болады. «Өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандырушылар Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қол жеткізеді.
«Біздің барлығымызға агенттіктің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың еліміздің сақтандыру секторын дамыту перспективалары туралы пікірін тыңдау өте қызықты болды. Мен реттеуіш басшысының сақтандыру нарығын табысты дамытудың қажетті шарты сақтандырушылардың қазіргі заманғы экономиканың болмысын неғұрлым барабар түсінуі болып табылатындығы туралы пікірімен толық келісемін. Менің пікірім: реттеуші сақтандыру саласы мәселелерінің тақырыбы бойынша терең және оларды шешу бойынша жоспары бар», – деп «Евразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Борис Уманов кездесудің қорытындысы бойынша атап өтті.