bs-preloader__icon
ru kz

БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалана алады?

Жаңа түзетулерге сәйкес 2021 жылы қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлеміне кірмейтін емделу үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолдану құқығын алады, - деп хабарлайды БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.
БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалана алады?

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге пайдалану құқығын төмендегілер қолдана алады:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған, зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі жеткіліктілік шегінен асып түсетін жинақтары бар азаматтар үшін қарастырылатын болады. Соңғысы әр жас үшін жеке анықталатын болады.

- қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50%-ынан аспайтын шекте қолдана алады. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш құқықты пайдалануға болады.

- өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар.

БЖЗҚ деректеріне сай 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 761 мыңнан астам жұмыс істейтін салымшы жалпы көлемі 2,4 трлн теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану құқығын қолдана алады. Жинақтардың жеткіліктілік сомасынан асатын орташа сомасы шамамен 3,2 млн. теңгені құрайды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен, өз жинақтарын тексеріп, жеткіліктілік шегінен асатын қажетті соманың бар екеніне көз жеткізуі тиіс.

БЖЗҚ-да үзінді-көшірмені қордың сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы алудың қолжетімді және жедел тәсілдері қамтамасыз етілген. Үзінді көшірмені БЖЗҚ кеңселеріне келмей-ақ, 24/7 режимінде қашықтықтан алуға болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу туралы шешім қабылдаған адамдар тұрғын үй сатып алу және емделу мәселелері бойынша уәкілетті операторға жүгіне алады, оны Үкімет айқындайды. Мұндай оператор ретінде «Отбасы банк» қызмет атқаратын болады деген болжамдар жасалуда. 

Салымшының құжаттарын тексергеннен кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға салымшының өзі айқындаған және оның өтінімінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібереді.

Салымшы зейнетақы жинақтарын төлеген кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау құқығына ие болады (жарналар аударылған кезде ЖТС алынбағанын ескертеміз). Азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды таңдаса болады не тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеуге арналған жинақтарын алған кезінде ЖТС-ты толық көлемде өтей алады.

Уәкілетті оператордан хабарламаны алғаннан кейін БЖЗҚ уәкілетті операторға зейнетақы жинақтарын аударуды 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асыратын болады. Уәкілетті оператор жинақтарды 1 жұмыс күні ішінде арнайы шоттарға есептейді.

Зейнетақы жинақтары арнайы шоттарда 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жата алады. Осы мерзім ішінде жинақтар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға не салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс.

Сондай-ақ, азаматтар түрлі инвестициялық стратегиялар ұсынатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) арасында өз қалауымен таңдау жасау арқылы жинақтарын басқаруға қатыса алады. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға нысан бойынша және талап етілетін құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш бере алады. БЖЗҚ-ға өтінішті жеке өзі немесе enpf.kz интернет-ресурс арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып беруге болады.

БЖЗҚ қаржы нарығының реттелетін қатысушысы ретінде компаниялармен сенімгерлік басқару шарттарын, кастодиан-банктермен кастодиандық шарттар, сондай-ақ тұрғын үй және емделу жөніндегі уәкілетті оператормен келісім жасайтын болады. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бірыңғай есебі мен бақылауы одан әрі жүргізіле береді.

Дереккөзі: https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/news/index.php?ELEMENT_ID=11486

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әйел екі жыл ішінде 53 келіден қалай оңай арылуға болатынын айтты
Әйел екі жыл ішінде 53 келіден қалай оңай арылуға болатынын айтты

2016 жылы британдық Рейчел Даун екінші ұлы дүние...

Мүгедектер үшін өмірді сақтандыру
Мүгедектер үшін өмірді сақтандыру

Өмірді әмбебап сақтандырудың негізгі мақсаты ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру