bs-preloader__icon
ru kz en

Компаниялар санының қысқаруы сақтандыру нарығына пайдасын тигізді

2019 жылдың басында нарықта 29 сақтандырушы, оның ішінде 6 өмірді сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 1 қарашаға қарай Ұлттық банк статистикасының жиынтық мәліметтеріне сәйкес, олардың саны 27-ге жетті, бірақ өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар саны 7-ге дейін артты.
Компаниялар санының қысқаруы сақтандыру нарығына пайдасын тигізді

Сақтандырушылардың жиынтық активтері 2019 жылдан бастап 11,4%-ға (1 трлн 168,5 млрд теңгеге дейін) өсті. Бұл ретте активтер құрылымындағы басым үлесті бағалы қағаздар алады – 62,5%. Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдарға жиынтық активтердің 16,7%-ы келеді, бұл ретте олардың көлемі шамалы – 2,2%-ға (194,6 млрд дейін) артты. Қайта сақтандыру активтері 25,7%-ға (83,1 млрд теңгеге дейін) қысқарды. Нәтижесінде олардың жиынтық активтердегі үлесі жыл басындағы 10,7%-дан 7,1%-ға дейін төмендеді.

Сақтандыру секторының жиынтық активтерінің елдің ЖІӨ-ге қатынасы жыл басындағы 1,70%-дан 1 қарашаға қарай 1,89%-ға дейін артты.

Сақтандырушылар міндеттемелерінің құрылымында сақтандыру резервтері басым. Оларға жиынтық міндеттемелердің 91,9% тиесілі болды. Бұл резервтердің жалпы көлемі жыл басынан бері 11,5%-ға (579,4 млрд.) өсті. Міндеттемелердің өзі 8,7%-ға (630,4 млрд дейін) артты.

Сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі қараша айының басындағы деректермен салыстырғанда 31,0%-ға (416,2 млрд дейін) өсті. Бұл ретте тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сыйлықақыға 379,8 млрд теңге тиесілі. Сыйлықақылардың негізгі үлесі ерікті жеке сақтандыруға – 41,0% (абсолюттік айқындалуында 170,5 млрд теңге) тиесілі. Міндетті сақтандыру бойынша сыйлықақы үлесі жиынтық көлемнің 24,3%, ал ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 34,8% құрады.

«Өмірді сақтандыру» саласында жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі жыл басынан бері 77,6%-ға (118,2 млрд дейін) шарықтап кетті, соның нәтижесінде олардың жиынтық көлемдегі үлесі жыл ішінде 21,0%-дан 28,4% дейін көтерілді.

«Жалпы сақтандыру» саласында өсім– 18,7% (297,9 млрд теңгеге дейін) аса әсерлі болмады. Қазақстанның ЖІӨ-ге (0,67%) қатысты сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі өте қарапайым көрінеді, бірақ бұл көрсеткіштің мәні жыл басындағы 0,62%-дан аздап өсті. Жан басына шаққанда сақтандыру сыйлықақыларының 20 920,4 теңгеден 22 383,6 теңгеге дейін өсуі байқалады.

Сақтандыру төлемдері. Осы жылы өткен жылмен салыстырғанда сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 82,3%-ға (106,1 млрд теңгеге дейін) өсті. Ең үлкен үлес ерікті мүліктік сақтандыру бойынша төлемдерге тиесілі – 41,7%, содан кейін ерікті жеке сақтандыру (31,4%) және міндетті сақтандыру (26,9%) ілесіп келеді.

Дереккөзі: https://365info.kz/2019/12/sokrashhenie-kompanij-poshlo-na-polzu-rynku-strahovaniya

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Инвестициялық сақтандыру полисін сатып алудың бес артықшылығы аталған
Инвестициялық сақтандыру полисін сатып алудың бес артықшылығы аталған

Өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) — бұл қа...

Сізге өмірді сақтандырудың қанша мөлшері қажет
Сізге өмірді сақтандырудың қанша мөлшері қажет

Өмірді сақтандырудың қажетті көлемін анықтау ...

Қазақстандық МӘМС жүйесі халық алдында беделін түсірді
Қазақстандық МӘМС жүйесі халық алдында беделін түсірді

Айта кету керек, соңғы жылдары шығындардың қар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру