bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда сақтандыру қалай өзгереді. Инфографика

Шілденің басында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Сақтандыру және сақтандыру қызметі, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістерді енгізу туралы» Заңға қол қойды. LS осы секторда қандай өзгерістер енгізілетіндігі туралы инфографиканы дайындады.
Қазақстанда сақтандыру қалай өзгереді. Инфографика

Бұрын Ұлттық Банктің Данияр Акишев мәлімдеме жасағандай, жаңа құжат нарықта бес негізгі өзгерісті болжамдайды.

Бірінші кезекте шетелге шығып бара жатқан қазақстандықтарды сақтандыруға көзқарас өзгереді.

Қазіргі таңда, егер туроператор қателескені (туроператордың жауапкершілігін сақтандыру кезінде) дәлелденген болса, сақтандыру полисі қызмет етеді. Өзгерістер күшіне енгеннен кейін жолдаманы сатқан кезде туроператор азаматқа сақтандыру сертификатын беруге міндетті. Құжатта шетелде медициналық қызметтерге қол жеткізу бойынша көмекті тәуліктік режимде ұйымдастыратын халықаралық компаниялардың мәліметтерін көрсетіледі.

Шетелде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру компаниясы медициналық қызметтерді, жедел медициналық көмекті және репатриацияны төлеу бойынша шығындарды өтейтін болады.

Бұл ретте туроператор үшін сақтандыру құны күніне шамамен 320-330 теңгені құрайды. Өтеу болса, 3 млн-16 млн теңге аралығын құрайтын болады.

Екінші кезекте – жүктелген сақтандыруды енгізу.

Қолданылып жүрген ерікті және міндетті сақтандырудың түрлеріне қарағанда, жүктелген сақтандырудың ерікті-мәжбүрлі нысаны болады. Ол тікелей заңмен емес, шартпен реттелетін клиент пен компания арасында жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа жүйені енгізу сақтандыру компаниясына да, оның клиентіне де шартпен сақтандырудың икемді талаптарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Келесі бағыт – онлайн-сақтандыруды енгізу.

Қаржы қызметтері өңірлерде, бірінші кезекте облыстық орталықтардан тыс жерлерде және ауылдарда қолжетімді болады. Сонымен қатар Ұлттық Банк сақтандыру бойынша мәліметтер базасында қазақстандықтардың ақпаратын барынша қорғаулуына уәде береді.

Төртінші бағыт – сақтандыру омбудсменының қызметтерін кеңейту.

Сақтандыру омбудсменының өкілеттіліктері сақтандырудың барлық түрлеріне таралатын болады. Бұрын оның өкілеттілігі тек автоиелеріне ғана қолданылатын. Омбудсмен жеке тұлғалардың және шағын кәсіпорындардың дауларын қарайтын болады. Даудың сомасы – 10 мың АЕК (24 млн теңге) дейін мөлшерде.

Бесінші өзгеріс – өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлері бойынша қосымша кепілдендіру жүйесін кеңейту.

Дереккөзі: https://www.lsm.kz/kak-izmenitsya-strahovanie-v-kazahstane-infografika
Фото osdp.info сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнатақы ақшаларын ШОБ облигацияларына инвестициялағысы келеді
Зейнатақы ақшаларын ШОБ облигацияларына инвестициялағысы келеді

Қазақстандықтардың зейнетақы ақшасын ШОБ обл...

Қазақстандық МӘМС жүйесі халық алдында беделін түсірді
Қазақстандық МӘМС жүйесі халық алдында беделін түсірді

Айта кету керек, соңғы жылдары шығындардың қар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру