- Дәурен Қасымханович, Сіздің ойыңызша, онлайн-сақтандыру болашақта толықтай сақтандыру агентін ауыстыра алады ма? Енді сақтандыру агенттеріне қойылатын талаптар қаншалықты жоғарылай түседі?
- Онлайн-сақтандыру – бұл келешекте нарықты өзгерте алатын алға қарай жасалатын үлкен қадам. Бірақ бірінші кездерде аса күрделі өзгерістерді күтудің қажеті жоқ: қағаз полистеріне үйреніп қалған клиенттер электрондық полистерге сенімсіздікпен қарайтын болады, ал сақтандыру агенттері үйреншікті режимде жұмыс істеуін жалғастырады. Сақтандыру нарығының алдында үлкен жұмыс тұр, бірақ бұл жұмыстың нәтижелері бұған тұрарлық болады. Уақыт өте келе қазақстандықтар электрондық полистердің ыңғайлылығын бағалайтынына сенемін.
Ал сақтандыру агенттеріне келетін болсақ, келешекте олардың саны қысқаруы мүмкін, бірақ онлайн-сақтандыру оларды толықтай ауыстырады деп ойламаймын. Менің ойымша, қазақстандық нарық еуропалық нарыққа жақындау жолмен жүреді. Бұл еуропалық нарықта түрлі қалалар мен түрлі елдерде – жағдай әр түрлі: клиенттердің шамамен 80% онлайн-сақтандыруды қалайды, ал қалған 20% – сақтандыру агенттері мен компаниялардың кеңселерін таңдайды, ал кейбір жақтарда керісінше: 80% сақтандыру агенттері мен компания кеңселерінің көмегіне жүгінсе, 20% – электрондық полистермен жұмыс жасайды.
Бұл ретте агенттерге қойылатын талаптар жоғарыламайды, бірақ сақтандыру компаниялары мен агенттер арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі өзгере түседі. Ең бастысы мынаны білуі қажет – енді сақтандыру агенті бір ғана компанияға жұмыс істей алатын болады. Бұл өз кезегінде компаниялар арасында таңдау жасау керектігіне, яғни сақтандыру компанияларына бейілділіктің арттыруына да әкеліп соқтырады.
- Сіздің сақтандыру агенттерімен жұмыс тәжірибеңіз мол, олардың өздері бұл жағдайды қалай қабылдап жүр? Сіздің компанияңызда агенттер штатын маңызды қысқартуға баруға мәжбүр боласыз ба?
- Біздің компаниямыз сақтандыру агенттерін өте құрметтейді, олар – қажетті бөлік, оларсыз жалпы сақтандыруды елестету мүмкін емес. Тіпті қазір біреулер сақтандырудағы өзгерістер сақтандыру агенттері үшін елеулі нәтижелерге әкеліп соқтырады деп алаңдап отырса, олар мынаны ұғыну тиіс: нарық олардан ешқашан бас тартпайды, сақтандыру агенттері нарыққа қажет!
«НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясына келетін болсақ, біз, әрине, жаңа реалийге сәйкес болуы үшін көп нәрсені қайта қарастырамыз, ауыстырамыз. Бірақ бұл сақтандыру агенттерінен бас тартатынымызды немесе олардың штатын қысқартатынымызды білдірмейді. Сақтандыру компаниялары алдында халық арасында ғана емес, сонымен қатар сақтандыру агенттері арасында да сақтандыру сауаттылығын көтеру міндеті тұр. Біз қашан да өз клиенттеріміз үшін де, сақтандыру агенттері үшін де осындай жағдай жсау үшін барынша күш салып келгенбіз, әрі қарай да жалғастырамыз.
- Сіз қалай ойлайсыз: онлайн-сақтандыру елдің сақтандыру нарығында төңкерісті жасайды ма әлде сақтандырушыларды артық шығындарға әкеліп соқтырады ма?
- Онлайн-сақтандыру – бұл сандық жүйеге көшіруге және клиенттер үшін қауіпсіздік шараларын көтеруге үлкен қадам. Өйткені жосықсыз сақтандыру агенттері бар екені баршаға мәлім. Ұзақ жылдар бойы олар сақтандыру компаниялары өз клиенттерімен тікелей әрекеттесуге мүмкіндігі болмауы үшін барын салды. Мысалы, сақтандыру полистеріне өз телефон нөмірлерін жазатын. Түпкі нәтижеде клиенттердің өздері зардап шегетін еді. Менің есебім бойынша Қазақстанда барлық сақтандыру полистерінің 20-25% – заңсыз болып табылады. нарықтың әрбір бесінші бөлігі – соңына дейін сақтандырылмаған екен. Бұл өте үлкен көрсеткіштер. Сақтандыру нарығы алдында сақтандыру қызметтерінің түпкі тұтынушысы сапалы қызмет алуы үшін барын салу міндеті тұр. Ұлттық Банк дұрыс, бірақ күрделі бағыттта жұмыс жүргізуді таңдады: онлайн-сақтандыру клиенттерді қауіпсіздендіру және сақтандыру полистерін ресімдеу үрдісін жеңілдету үшін қажет. Біз Ұлттық Банктің бұл бағытын қолдаймыз, өйткені бұл біздің де басымдылығымызға жатады.