Сонымен, «Ашық платформалар стандарттарын құру жөнінде тұжырымдама», неғұрлым кең таралған бизнес-үдерістер бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге талаптардың ұсыныс сипаттамасы әзірленетін болады.
«Қаржылық цифрлық инфрақұрылымды дамытудың технологиялық негізі ретінде түрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелер және мемлекеттік және қаржы қызметтерді көрсету саласында ыңғайлы және қауіпсіз шешімдерді қамтамасыз етуге бағытталған сервистер шығуы мүмкін. (...) Қаржы нарығы үшін, «ҚРҰБ ҚБЕАО» РМК-ның Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының қашықтан биометрлік сәйкестендіру сервисі жасалды, делінген Ұлттық Банк баяндамасында.
Реттеушінің өкілдері API стандарттау үдерісі Open API жалпы инфрақұрылымын бағдарламалау және әзірлеу интерфейсін енгізуге бірыңғай тәсілді шығаруға мүмкіндік береді деп санайды. «Сонымен қатар бұл бағдарламалық өнімдерді енгізуді жеңілдетеді, оларды қолдаудың жалпы құнын төмендетеді, сондай-ақ олардың тиімділігін жоғарылатады. Стандарттау банктік және қаржы жүйесінде бар және жаңа шешімдерге API интеграциясын үдетеді, бағдарламалық өнімдердің тұрақтылығын және үйлесімділігін қамтамасыз етеді», - деп хабарланады реттеушінің құжатында.
Верификациялау, яғни клиенттің жеке басын және оның өзі туралы беретін деректерді тексеру алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тәсілдерінің бірі ретінде биометрлік параметрлер бойынша жеке басты верификациялау секілді заманауи құралдар мен технологияларды қолдануды талап етеді. «Осындай мақсаттарға жету үшін ҚРҰБ қаржылық тұрақтылықты бекітуге және адал бәсекелестікті дамытуға бағытталған жүйелі маңызды инфрақұрылымдық шешімдер қатарын ұйымдастырады, олардың ішінде Ұлттық төлем жүйесін, Ұлттық цифрлық биометрлік сәйкестендіру платформасын, бағдарламалаудың ашық интерфейстері негізінде деректермен қауіпсіз алмасу үшін платформалар (Op;n API) құру және банктердің KYC рәсімдерін орындау бар», - дейді
Ұлттық Банкте.
Ұлттық Банктің жоспарлары 2025 жылға дейін Жол картасымен бірлесіп ҚР-да Open API және Open Banking дамыту тұжырымын бекіту.
Банктер және өзге қаржы ұйымдары үшін Open API стандарттар тізімін қалыптастыру және Open API стандарттарын әзірлеу Open API орталықтандырылған платформасының MVP құру (ағылш. minimum viable product, ең төменгі тіршілікке икемді өнім);
Open API платформасының қызмет етуі үшін операциялық және өзге талаптарды әзірлеу Қаржы және қаржы емес қызметтерді көрсету кезінде қаржы ұйымдарына биометрлік деректерді, цифрлық келісімді, KYC сервисін және басқасын қолдану үшін қолжетімділікпен биометрлік сәйкестендіру бойынша сервисті кеңейтумен Ұлттық биометрлік сәйкестендіру платформасының инфрақұрылымын құру. Мемлекеттік ұлттық төлем жүйесінің сервистерін масштабтау.
Дереккөзі: https://prodengi.kz/post/kak-nacbank-nameren-regulirovat-cifrovye-servisy-finansovyx-organizacii
Сурет ашық дереккөздерден