Өз өмірін неге сақтандырмасқа? Әрине, қазіргі кезде адам өмірінің құны бойынша Қазақстанның әлемдегі орнын анықтайтын нақты есептері мен бірыңғай рейтингі жоқ. Бірақ елдің ішінде бұл көрсеткішті есептеудің бірнеше әдісі бар, деп жазады 365info.kz. ақпараттық порталы.
"Адам өмірі тауар болып табылмайды, оның құны жоқ, оны сатуға немесе сатып алуға болмайды, – деп «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры» АҚ басқарушы директоры Марина Шиповалова тұсініктеме береді. Алайда, оның сөзінше, адам өмірінің құнын бағалау талпыныстары бар, өйткені бұл көрсеткіш адам өмірі мен денсаулығын сақтандыру кезінде өтемақылы төлемдердің әділ мөлшерін анықтау үшін, сонымен қатар апаттар кезінде сақтандыру сомаларының мөлшерін анықтау кезінде де маңызды экономикалық мәнге ие. Бұл шама адамның өліміне кінәлі адам белгіленген жағдайда, сот талапарызында да үлкен мәнге ие.
Ғалымдар мемлекетте адам өмірі жоғары бағаланса, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сезінуі жоғары болатындығын дәлелдеді, өйткені сақтандыру тетіктері тәуекелді жұмсартумен және ертеңгі күнге сенімділігімен байланысты болады. Бірақ егер АҚШ-та, мысалы, өмірді ерікті сақтандыруға сақтандыру нарығының бүкіл көлемінің 60 пайызы келсе, Еуропада – 50 пайыз шамасында, ал бізде ерікті түрде ешкім сақтандырылмайды, тіпті біздің өмірімізде тәуекел көбірек болса да.
Идея мынадай: жас жұбайлардың әрқайсысына екі миллионды бөліп, олардың өмірлерін сақтандыру өте дұрыс болар еді, өз өмірінің құның әрбір адам өз бетінше анықтайды.
Мақаланың толық нұсқасы: http://today.kz/news/zhizn/2018-06-22/767152-kak-s-polzoj-potratit-dengi-kotoryie-obyichno-sedaet-svadba/ сілтеме бойынша.
Фотосурет www.drgatis.com сайтынан алынды.