bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыру компанияларының клиенттері қандай бонустар алады

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынш агенттігінің деректері бойынша қаңтарда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 945 505 шартты құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 35,9% - ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша шарттарға тиесілі (36,3% немесе 124 197 шарт) және туристтерді сақтандыру (232,1% немесе 57 206 шарт). Әрине, сақтандырушылар клиенттердің басымдықтарын зерделей отырып және креативті жарнамалық қадамдармен тезірек тарту арқылы әр клиент үшін бір бірімен жарысады.
Сақтандыру компанияларының клиенттері қандай бонустар алады

Өмірді сақтандыру компаниялар тобында көшбасшылардың қалғандарынан сақтандыру сыйлығының  таза сомасы бойынша  алға шығуы ды үлкен.

2023 жылдың басында ең үлкен сыйлық сомасы Қазақстанның Ұлттық банкісінің деректері бойынша Қазақстан халық банкісінің «еншілесі» Халык-Life-те - 121 млрд теңге болған. Nomad Life ӨСК-да сақтандыру сыйлықтары 86 млрд,  «Еуропа сақтандыру компаниясы» ӨСК-да 54 млрд, Freedom Finance Life ӨСК-да - 39 млрд теңгені құрады.

Халык-Life

Топ көшбасшылары да коммерциялық жетістікке жету үшін клиенттерге акциялар мен бонустар қолданады. Клиенттерді өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша шарттар жасасуға тарту аясында  Халық-Life клиенттер үшін акция өткізеді. Акция талаптары бойынша әрбір клиент миллион теңгеге дейін сомаға тұрмыстық техника немесе электроника сатып алуға сыйлық сертификатын ала алады. Сертификаттың номиналы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарнасының  мерзімі мен мөлшеріне байланысты. Осылайша, компания клиенттері сақтандыру қорғанысын да, сыйлық сертификаты түріндегі жағымды бонусты да алады. Мұндай акция ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

Nomad Life

Nomad Life ӨМК өз клиенттеріне Zoloto nomadov валюталық жинақтау өніміне осындай полистің қолданылу мерзіміне байланысты Қазақстанда кепілдендірілген, 2% - дан 4,1% - ға дейін ең жоғары доллар мөлшерлемесін АҚШ долларымен беруге уәде етеді. Жоғары долларлық табыс  өнімнің негізгі құраушысын толықтырады, ол  - өмірді жинақтаушы сақтандыру полисі, яғни осы өнім бойынша қаржылық және сақтандыру қорғанысын алуға болады.

Nomad Life өмірді сақтандыру компаниясы бірнеше жыл бойы өзінің ZOLOTO NOMADOV полисі иелерінің арасында автомобильдер мен басқа бағалы сыйлықтар ұтысын өткізіп келеді. Мысалы, автодан басқа қазақстандықтар ҚР мен Оңтүстік Кореяның үздік жеке меншік клиникаларында check-up (толық медициналық қызмет көрсету) ұтып ала алады. Кейбіреу қымбатты үй гаджеттерінің иесіне айналады. Әдетте, ұтыс ойындары үш кезеңнен тұрады. Қатысу полистер санына қарамастан жүргізіледі. Шарттардың бірі: ұтыс ойынына әр салынған $10 мың қатысады.

Freedom Finance Life ӨСК баспасөз қызметінің деректері бойынша клиенттерге ұсыныс әзірлеуде. «Еуропа сақтандыру компаниясы» ӨСК-ның бойынша 2023 жылы акциялар мен бонустар туралы айтқанын таба алмадық.

 Жалпы сақтандыру бойынша компания

Сақтандыру компаниялары азаматтардың жақсы ақша табатын осы компаниялармен іскерлік қатынаста болуына сендіретін маркетингтік стратегиялар ойластыруда. «Кіммен бірге болсаң, өзің де сондай боласың!» деп текке айтпаған – деп жиі  ойлайды азаматтар полиске қол қойған кезде.

МАҚЖ сақтандыру бойынша талаптар барлық сақтандыру компанияларында бірдей және ол заңмен реттеледі. Полис бағасы автомобильді тіркейтін аймақ немесе оның жылы, сонымен қатар жүргізушінің жүргізу өтілі сияқты параметрлерге ғана байланысты.

Жалпы көріністе ерекшелену үшін сақтандыру компанилары автокөлік иелерінің назарларын  сыйлықтармен,  жеңілдіктермен, акцилармен, ұтыс ойындарымен аударады.

Ұтылыссыз ұтыс ойыны жарнамалық стратегиясы өнімді жұмыс істейтінге сияқты: сектордағы жұмылдырылған сыйлықтар көлемі бойынша полиске қосымша таңдауға бәрінен көп сыйлықты МАҚЖ бойынша көшбасшылары ұсынады.

Кейбір, Қазақстан үшін барынша экзотикалық сақтандыру түріне тарту да сақтандырушылардың тәтті «тоқаштарымен» бірге іске асады. Мысалы, «Қазақмыс» СК үйдегі  үш айдан бастап жеті жасқа дейін асыл тұқымды және қарапайым мысықтар мен иттерді  өлімнен және жоғалып кетуден онлайн сақтандырғандар үшін  үй жануарлары жарақаттанып қалған жағдайда таңдалған сома шығынының 20% өтеп беруді ұсынады.

Фото ашық дерек көздерінен алынды

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру