bs-preloader__icon
ru kz en

Дерек көздері: «Росгосстрах» және «Открытие» «Росгосстрах Жизнь» компаниясымен ынтымақтастығын тоқтатады.

Енді «Окрытие» клиенттері үшін уақытша «ВТБ страхование жизни» полистері ұсыныла бастайды.
Дерек көздері: «Росгосстрах» және «Открытие» «Росгосстрах Жизнь» компаниясымен ынтымақтастығын тоқтатады.

МӘСКЕУ /корр. ТАСС Елена Петешова/. «Открытие ФК» банкі және оның еншілес компаниясы «Росгосстрах» сәуір айынан бастап өз желілері арқылы «Росгосстрах Жизнь» сақтандыру компаниясының сақтандыру полистерін сатуды тоқтатады деп хабарлады ТАСС сақтандырушы мен банктің жоспарларымен таныс екі дерек көзі.

Олардың айтуынша, «РГС Жизнь» полистерінің орнына «Открытие» тобының клиенттеріне «ВТБ страхование жизни» полистері ұсыныла бастайды - уақытша, топта дербес өмірді сақтандырушы пайда болғанша.

Бұған дейін хабарланғандай, шығынға батқан «Росгосстрахты» 2017 жылдың тамыз айында «Открытие» сатып алған, сол кезде  банктік топ құрамымен бірге мемлекеттің бақылауына өтіп, Ресей Банкінің «Открытие» санациясына өткен. Табысты «РГС Жизнь» «Открытиемен» жасалған мәмілеге араласқан жоқ және  «Росгосстрахтың» бұрынғы заңды иесі Данил Хачатуровтың бақылауында қалды. Ал «Открытие» және «Росгосстрах» агент ретінде «РГС Жизнь» полистерін сатуды жалғастырған болатын.

«Окрытие» тобы өмірді сақтандыратын дербес компаниясының болғандыына мүдделі (мұндай сақтандырушыларға сақтандырудың басқа түрлерімен айналысуға болмайды) және ТАСС хабарлағандай, ол үшін әр түрлі нұсқалар қарастырылды - басынан бастап жаңа сақтандырушы қалыптастыру, сондай-ақ  Хачатуровтан «РГС Жизнь» компаниясын сатып алу, ТАСС ақпарат көзі онымен келіссөздер жүргізілгендігін хабарлаған.

ТАСС арқылы «Росгосстрахтың» жақын адамы «РГС Жизнь» компаниясын сатып алу нұсқасын «Открытие» басшылығы енді қарастырмайды деп хабарлаған екен («Открытиені» ВТБ 24 банкінің бұрынғы басшысы Михаил Задорнов басқарып отыр). «РГС Жизнь» агенті ретінде «Открытие» тобы енді жұмыс жасағысы келмейді деп хабарлады банк жоспарымен таныс тұлға.

Агенттікпен әңгімелескендердің бірінің айтуы бойынша «РГС Жизнь» сатылымдарын алмастыру үшін кеңселерде және агенттер арқылы «ВТБ страхование жизни» полистерін «Росгосстрах» көмегімен сату туралы келісім белгілі мерзімге жасалды - 2018 жылдың сәуір айынан бастап топта дербес мамандандырылған сақтандырушы компания пайда болғанға дейін өмірді жинақтаушы, инвестициялық, салт-жоралар бойынша сақтандыру полистері сатылатын болады. «Росгосстрах» желілері арқылы «ВТБ страхование жизни» 2018 жылы  2 млрд руб. астам сыйлықақы жинауды жоспарлап отыр (2017 жылғы компания алымдарының 10%) деді агенттікпен әңгімелесуші.

Сонымен қатар «Открытие»ФК сәуір айынан бастап өз кеңселерінде «РГС Жизнь» сақтандыру полистерінің орнына «ВТБ страхование жизни» компаниясының инвестициялық және жинақтаушы сақтандыру полистерін сатуды бастайды деп хабарлады ТАСС банк жоспарымен таныс адам. Банк басқа өмірді сақтандырушылармен жұмыс жасауды жоспарлап отыр, бір немесе екі компания тендерде таңдалып алынады.

Сонымен қоса «Росгосстрах» өмірді сақтандыру бойынша жаңа компания тіркеу мен қолданыстағы лицензиясы бар сақтандырушыны сатып алу нұсқаларын да қарастыруда деп хабарлады ақпарат көзі.

ТАСС «Росгосстрах» өкіліхабарлағандай,  «Росгосстрах» және «РГС Жизнь» - «бұл нарықта жеке-жеке қызмет ететін, бір-бірімен байланысты емес екі дербес құрылым». «Өз клиенттерімізге біз өмірді сақтандыру бойынша үздік өнімдер ұсынуға тырысудамыз», - деп атап өтті ол.

«РГС Жизнь» компаниясының бас директоры Евгений Гуревич «Росгосстрах» және «Открытие» компанияларымен ынтымақтастықтың тоқтайтындығы туралы «бірінші рет естіп тұрмын» деді. «Иә, біз әр түрлі компаниямыз,  акционерлеріміз де әр түрлі. «Открытиемен» ынтымақтастығымыз нарық қағидаттарғанегізделген», - деді ол. «Открытие» және «ВТБ страхование жизни» компанияларының өкілдері ТАСС сұранысына әлі жауап берген жоқ.

«РГС Жизнь» үшін салдарлары

«Росгосстрах» пен «Окрытие» құрылымдарынан «ажырау» «РГС Жизнь» бизнесіне кері ықпал етеді, - деп санайды сақтандыру нарығының қатысушылары. Өмірді сақтандыру негізінен делдалдар арқылы сатылады, олардың ішіндегі ең ірісі - банктер: ОБ деректері бойынша 2017 жылы өмірді сақтандыру сыйлықақыларының 88,2%, демек 292,5 млрд. руб. банктер арқылы алынды.

Банктер өмірді инвестициялық сақтандыру (ӨИС) өнімін белсенді сату арқылы агенттік комиссиялар есебінен табыс табады: 2017 жылы банктер өмірді сақтандыру өнімін сату арқылы 50,5 млрд. руб. агенттік комиссиясын алды.

«РГС Жизнь» басшысы Евгений Гуревичтің айтуынша, «Открытие» - маңызды серіктес, бірақ сатылымдағы банктің үлесінің қандай екендігі туралы  сұраққа жауап бермеді. Ол «РГС Жизнь» ондаған банктермен жұмыс жасайды деді (олардың ішінде, мысалы, Бинбанк және ХКБ бар), оның үстіне компанияның дербес ауқымды агенттік желісі бар. 2017 жылы «РГС Жизнь» алымдардың 93%  (53,5 млрд. руб.) делдалдардың қатысуымен жинады деп растайды ОБ.

Екі «Росгосстрах» туралы

ОБ «Росгосстрахтың» басты бенефициары ретінде екі компания брендінің ұқсастығына алаңдайды, алдында ТАСС екі компания иесінің екі түрлі екендігі хабарланған. Брендке қатысты құқық «Росгосстрахқа»тиесілі, «РГС Жизнь» оны әлі  ұзақ уақыт - 2018 жылдың аяғына дейін пайдалана алады деп хабарлады компанияға жақын тұлға.

«Росгосстрах» компанияға ОСАГО нарығы әкелетін шығынға байланысты жаңа ие қарастыруға мәжбүр болды: 2016 жылдың қорытындысы бойынша ХҚЕС шығыны 6,6 есеге дейін артып, 33,3 млрд. руб. болды, 2017 жылы тағы өсіп, 84,4% -  55,7 млрд. руб. болды. Хачатуровтың қарауында қалған «РГС Жизнь» басқа да сақтандырушылар сияқты, табысты болып отыр: пайда ХҚЕС бойынша 2016 жылы 3,2 млрд. руб. болды, одан жаңа есеп жарияланған жоқ. Компания РФ жалпы сақтандыру нарығында 9-орынды иеленеді және өмрді сақтандыру бойынша 2-орында (алымдар 2017 жылы  57,3 млрд. руб. құрады). «ВТБ страхование жизни» 15 және 5- орындарға тұрақтады (20,9 млрд. руб., 2017 жылы).

Ақпарат көзі: tass.ru/ekonomika/5066751

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру