Unit-Linked бұл қайтыс болу тәуекелдерін сақтандыру мен инвестициялық жинақтарды біріктіретін, сақтандыру шартының түрі. Мұндай шартта клиент салымдар мен жарналардың жоспарын таңдайды, олар таңдалған жоспарға сәйкес инвестицияланады.
«Unit-linked-тің артықшылықтарының бірі – бұл клиентке ыңғайлатылған инвестициялау үдерісі: шарттың қолданылуы ішінде салымдар стратегиясын оңай ауыстыру мүмкіндігі және инвестициялаудың қарапайымдылығы. Басқасы – көптеген басқа инвестициялық шешімдерден айырмашылығы шарт бойынша салық салу төлеуден босату», - дейді Ерлан Камбетбаев.
Өмірді инвестициялық сақтандыру - өмірді сақтандыруды және әртүрлі қаржылық активтерге (облигацияларға немесе акцияларға) ақша салу арқылы табыс табуға мүмкіндік беретін, инвестициялық құралды біріктіретін қаржылық өнім. Іс жүзінде сақтандыру ұйымы клиенттердің қаражатын олардың таңдаған бағыттарына инвестициялай отырып, басқарушы компания ретінде әрекет етеді. «Негізгі міндеттер - өмірді сақтандыру және әртүрлі ұзақ мерзімді өмірлік мақсаттар үшін капиталды жинақтау: оқу ақысын төлеу, зейнетақы жинақтары, жылжымайтын мүлік сатып алу және т.б.», - деп түсіндіреді Nomad Life ӨСК басшысы.
Полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жинақталған соманы алады, ол осы уақыт ішінде инвестициялар құнының өсуіне байланысты бірнеше есе өсуі мүмкін. Ал шарт мерзімі біткенге дейін сақтандыру жағдайы болған жағдайда сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін және жинақталған инвестиция сомасын клиент алдын ала таңдаған алушыға төлейді.
«Unit-linked-тің жинақтаушы сақтандырудың басқа түрлерінен маңызды айырмашылығы – шарт жұмысының нәтижелері мен клиент таңдаған қаржы құралы арасындағы тікелей байланыс. Сақтандырушылар өнімдер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ашуға, атап айтқанда, құнының динамикасына полис бойынша кіріс мөлшері тәуелді активтер тізімін көрсетуі тиіс. ZOLOTO NOMADOV Invest өмірді инвестициялық сақтандырудың сақтандыру бөлігінің кірістілігі (бағдарлама бойынша клиенттің салымдары екі бөлікке бөлінеді: сақтандыру және инвестиция) полистің мерзіміне байланысты валютада 3,41%-ға дейін құрайды. Өнімнің инвестициялық бөлігінің табыстылығы клиент таңдаған инвестициялық портфельдерге байланысты», - деп нақтылайды Ерлан Камбетбаев.
ZOLOTO NOMADOV Invest – бұл сақтандыру қорғауының (өмірді сақтандыру) және қаржы құралдарына қаражатты инвестициялау жолымен капиталды жинақтаудың үйлесімі болып табылатын, классикалық unit-linked өнімі немесе өмірді инвестициялық сақтандыру. Кәдімгі депозит немесе кепілдендірілген кірістілікпен жинақтаушы сақтандырудан айырмашылығы, unit-linked клиенттерге инвестициялау стратегиясын өздері таңдауға және ықтимал жоғары кірістерден пайда алуға мүмкіндік береді. Nomad Life компаниясы инвестициялық бағыттардың үлкен көлемін талдап шықты және ең ірі және сенімді әлемдік компаниялардың басқаруындағы кірістілік пен тәуекелдер тұрғысынан неғұрлым қызықты тоғызын іріктеп, өз клиенттеріне келесі инвестициялық портфельдерді ұсынады: «АҚШ 500 ең ірі компаниясы», «Қытай қор нарығы», «Жоғары технологиялар», «Денсаулық сақтау саласы», «Энергетика», «Алтын өндіру», «АҚШ 100 ең ірі IPO компаниялары», «АҚШ қазынашылық облигациялары», «Еуропаның қор нарығы». Клиент сақтандыру полисін рәсімдеу және стратегияны таңдау жолымен өз активтерін инвестициялайды.
«2022 жыл әлемдік қор нарықтары үшін күрделі болды – жоғары инфляция және инфляциямен күрес бойынша АҚШ ФСҚЖ шаралары нарықтардағы түзетулерге әкелді, бұл ретте ZOLOTO NOMADOV Invest өнімі іске қосылған сәттен бастап орташа кірістілік 18%-ды құрады. Келесі жылы әлемдік инфляцияның төмендеуін ескеріп, біз клиенттеріміз жақсы өсімді көретінін күтеміз. Тәжірибеде қор нарықтарының күрт түсімі кезінде көптеген инвесторлар өз инвестицияларын ұлғайтады, себебі бұл инвестициялардың өсімінен кірістерді ұлғайту мақсатында өзіңіз үшін қолайлы «ену нүктесін» анықтау мүмкіншілігі.
Сурет ашық дереккөздерден