bs-preloader__icon
ru kz en

KASE: корпоративтік облигацияларға сұраныс өсуде

Бүгін Алматыда «KASE» АҚ Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген және оның орынбасары Андрей Цалюк осы жылдың бірінші тоқсаны үшін биржа жұмысының қорытындыларын ұсынды. Олардың негізгі тезистерін ұсынып отырмыз.
KASE: корпоративтік облигацияларға сұраныс өсуде
  • Сауданың көлемі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 33,8 трлн теңге құрады және 2017 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты 12,1 % немесе 4 670,3 млрд теңгеге төмендеді. Бағалы қағаздар нарығы (95,8 %-ға өсуі) және шетел валютасының нарығы (34,6 %-ға өсуі) оң динамикасын көрсетті.
  • KASE Индексінің мәні 2 437,05 тармаққа дейін 12,7 %-ға өсті.
  • Акциялар нарығының капитализациясы 18,5 трлн теңге деңгейіне дейін 8,1 %-ға өсті.
  • «ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру» АҚ KASE қорында 9 млрд теңге сомасына өзінің жай акцияларын және  868 млн АҚШ доллары сомасына депозитарлық қолхаттарды (ГДР) сатып алды. ГДР бойынша есеп айырысулар АҚШ долларымен жүзеге асырылды.
  • 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалармен ашылған 110 201 дербес шоттар есептелген, бұл 2018 жылдың басына қарағанда 956 шотқа артық.
  • 15 наурызда KASE ақпаратты ашу, ашықтықты және экологиялылықты, әлеуметтік жауапкершілікті және корпоративтік басқаруды (ESG критерийлері) бағалау практикасын кеңейтуді қамтамасыз ету бойынша жаңартылған әдістемені қолданысқа енгізді.

Инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан акциялар секторында ең белсенді шоттарына айналымның 54,7 % түскен жеке тұлғалар қалады. Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) үлесі  1,5 %, брокер-дилерлердің –  19,3 % құрады, басқа институционалдық инвесторларға  11%, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 13,4 %. Акциялар нарығында бейрезиденттердің үлесі 4,5% пайзды құрайды.

Институционалдық инвесторлар арасында Андрей Цалюк сақтандыру компанияларын атап өтті. «Олар өте белсенді, - деді ол. – Алайда оларға несиелік рейтингтер қажет. Ал бұл жағдайда мәселе туындап отыр, өйткені жергілікті рейтингтік агенттіктер жоқтың қасы, жалғыз болған агенттік жойылды. Ал рейтингтерді халықаралық рейтингтік агенттіктерден сатып алу қымбатқа түседі. Сондықтан эмитенттердің көбісінде ондай мүмкіндіктер жоқ. Жеке тұлғалар-инвесторларға келетін болсақ, олар да қазір көп емес. Ұялы телефон арқылы ноталарды сатып алу мүмкіндігін көздейтін Ұлттық Банктің жобасы тіркелген табысты алу мүмкіндігіне жеке тұлғаларды келтіреді және олардың үлесі өседі деп үміттенеміз».  

Сондай-ақ, KASE басқарма төрағасының орынбасары бірінші тоқсандағы белсенді шоттардың өсуін – 5300-ден артық екенін атап өтті. «Бұл өте жоғары көрсеткіш, өйткені үш жыл бұрын бұл көрсеткіш бір жарым мыңнан аспаған еді»,- деді ол.

Сонымен қатар кездесу барысында Андрей Цалюк корпоративтік облигацияларға сұраныстың өсуін де атап көрсетті.

- Депозиттер бойынша табыстылық жылдам төмендеп келеді, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша да төмендеді, Ұлттық Банктің ноталарының табыстылығының төмендеуі жылдамдады, және, әрине, инвесторлар баламасын іздеуде. Біз корпоративтік облигацияларға деген сұранысының өсуін байқап отырмыз. Бұл тоқсанда 5 орналастыру болды, бұл көрсеткіш алдыңғы тоқсанға қарағанда әлдеқайда жоғары. Коммерциялық қағаздардың мерзімі қысқа болғандықтан, сұранысқа ие болады, - деп баспасөз конференцияда Цалюк мырза атап өтті.

Есеп беру тоқсанның соңында KASE сауда тізімдерінде 66 эмитенттің 254 атауының корпоративтік облигациялары болғанын атап өту жөн. Бұл кезеңде KASE тізімдеріне "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ, "Кселл" АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ және «Цеснабанк» АҚ облигациялары енгізілген еді.

Коммерциялық облигациялар іске қосылған сәттен бастап бұл құралмен 9 компаниялар пайдаланып көрді. Орналастыру көлемі 13,3 млрд теңге құрады, қайталама нарықтың мөлшері 1,2 млрд теңгеге тең. Осы жылдың бірінші тоқсанында екі эмитент – "Цеснабанк" АҚ және "Halyk Finance" Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ қысқа мерзімді қарызға алу нарығына шықты. KASE қорында коммерциялық облигациялардың секторы листингтік компаниялар тез әрі арзан қысқа мерзімді қаржыландыруды келтіру үшін іске қосылғаннын айтылды.

KASE қорында корпоративтік облигациялардың сауда мөлшері 77,8 млрд теңгеге жетіп, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, жалпы бастапқы нарықтың арқасында 8,2 есе өсті. Сауданың орташа күндік мөлшері 1 318,4 млн теңге құраса, мәмілелердің орташа күндік саны – 5, бір мәміленің орташа мөлшері – 255 млн теңгеге жетті.

Есеп беру тоқсанында 55,8 млрд теңге жалпы сомаға бес эмитенттің облигациялары орналастырылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 851,5 млн тек бір орналастыру болды.

Инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығында ЕДБ шоттарына  1,8%, басқа институционалдық инвесторлардың шоттарына – 10,5 %, өзге заңды тұлғаларға  – 87,7% болды.

Қайталама нарықта сауданың мөлшері 13,3 млрд теңгеге немесе 2,5 есе өсті, бұл  22,0 млрд теңгені құрады. Бұл жағдайда екінші деңгейлі банктердің шоттарына 29,4 %, брокер-дилерлердің – 11,1 %, басқа институционалдық инвесторлардың – 38,1 %, өзге заңды тұлғалардың шоттарында – 17,9 % болды. Нарықтың осы сегменттегі жеке тұлғалардың үлесі  3,5 % құрады. Бейрезиденттердің қатысуы  1,5 % пайызбен бағаланады.

Баспасөз конференцияда сондай-ақ KASE және «Мәскеу Биржасы» ЖАҚ арасында келісімге қол қою туралы айтылды. Келісім екі биржаның стратегиялық серіктестігінің орнатылуын және болашақта Мәскеу Биржасының KASE капиталына қатысуын көздейді. Алина Алдамберген атап көрсеткендей, қазақстандық заңнамаға сәйкес капиталға қатысуы 25% пайыздан аспауы тиіс.

KASE презентациясымен http://kase.kz/files/presentations/ru/18_04_16_IQ_2018.pdf сілтемесі бойынша толық танысуға болады

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру