bs-preloader__icon
ru kz en

KASE Talks Азамат Жолдасбековпен бірге

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі мен нарығын қалыптастыруға елеулі үлесін қосқан танымал қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks ашық дәрістер циклін ұсынады.
KASE Talks Азамат Жолдасбековпен бірге

KASE Talks Қазақстан қор биржасы мен корпоративтік басқару жүйесінің қалыптасуына куә болған адам, Қазақстан қор биржасының экс-президенті Азамат Жолдасбековтың сөздерімен ашылды. KASE Talks-тың алғашқы дәрісі 29 наурызда өтті. Азамат Мырзаданұлы Қазақстанның қор биржасының дамуы мен оның заңнама негіздерін құру тарихы жөнінде айтып берді.

Азамат Мырзаданұлының презентациясын мына сілтеме арқылы көруге болады: http://kase.kz/files/presentations/ru/18_03_29_KASE_Talks.pdf

 Кездесуден соң LifeInsurance.kz сайтының Қаақстанның қор нарығының қазіргі даму жағдайында инвестициялық құрамдас бөлікті дамыту қиынға соғып жатыр деген кейбір сарапшылардың пікіріне қалай қарайсыз және қандай жауап беруші едіңіз деген сұраққа KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Цалюк жауап берді:

«Бізде қор нарығы дамымаған деген пікірмен келіспеймін. Әрине, ол америка нарығымен салыстырғанда, шынында да дамымаған. Бірақ қазір Қазақстандық қор биржасында ненің бар екенін және экономиканың қазіргі даму деңгейін есепке ала отырып, біздің қор нарығымыз әжептеуір деп санаймын. Бұған міндетті түрде жеке зейнетақы қорларына қайтару керектігінің жөні бөлек. Сонда ол өсіп-өнеді. Біз де бұл құбылыстың қарсаңындамыз. Сондықтан мен өмірді инвестициялық сақтандыру үшін бұл жеткілікті деп ойлаймын.

Анықтама

Әр түрлі жылдары Азамат Мырзаданұлы Алматы қаржы құралдарының биржасын (AFINEX), Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясын басқарды. Қазіргі уақытта ол «Құнды қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Бірыңғай құнды қағаздар тіркеушісі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры, және "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Анықтама

KASE Talks-тың мақсаты – республиканың қаржылық нарығының қалыптасуы және оның дамуына әсер ететін негізгі факторлары жөнінде қалың қоғамның хабардарлығын арттыру. KASE Talks міндеті – Қазақстанның қор нарығын бұдан әрі дәріптеу, сондай-ақ KASE қызметі және жалпы қаржы нарығы жөнінде ақпарат беру.

2017 жылы KASE-те сауда капиталы рекордтық 151,5 трлн теңге дейін өсті, акциялар нарығын капиталдандыру 17 трлн теңгеге, ал Биржада айналыстағы корпоративтік қарыз көлемі – 9,2 трлн теңгеге жетті. Бүгінгі таңда KASE тізімінде 174 эмитенттің құнды қағазы, ал саудаға болар қолжетімді қаржы құралдарының жалпы саны 174,9-жылдық максимумын жаңартқан KASE индексі 2016 жылы 58 %-ға, ал 2017 жылы– 59 %-ға өсіп, әлемнің бәрінен жылдам өсетін қор индекстерінің үздік үштігіне кірді.

Фотосурет kapital.kz сайтынан алынған.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
S&P: ӨСК-нің беделі артуда
S&P: ӨСК-нің беделі артуда

Осы жылы өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ...

Ботокс немесе кремдер – қайсысы қауіптірек?
Ботокс немесе кремдер – қайсысы қауіптірек?

Әсемдік шаралар оларды сауатсыз өткізген неме...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру