bs-preloader__icon
ru kz

Нені таңдаймыз: өмірді мерзімді сақтандыру немесе өмірді медициналық сақтандыру

Қаржылық сарапшылар өз қаржылық қорғауыңызды көтеру үшін адамдарға сақтандыру полистерін сатып алу қажет екенін айтады. WION мақаласында сақтандырудың әр түрлі түлерін салыстырады.
Нені таңдаймыз: өмірді мерзімді сақтандыру немесе өмірді медициналық сақтандыру

Өмірді және денсаулықты сақтандыру – сақтандыру тарихының ажырамас бөлігі. Дәл осындай сақтандырулар алғашқылардың бірі болып әлемдік нарықта кең таралымға ие болды. Өмірді және денсаулықты сақтандыру біздің қызметіміздің барлық өрісін қамтиды және әрқайсымыздың басымызға келуі мүмкін, әр түрлі өмірлік жағдайлар үшін қолданылуы мүмкін.

Сақтандырудың осы түрінің көп жіктемесі бар және медициналық көмекті, инвестициялық жинақтарды, жазатайым оқиғалардан немесе ауыр аурулардан сақтандыруды алу үшін қолданылады.

Бұл ретте полистің түріне байланысты сақтандыру өтемі ақшалай төлем түрінде, сондай-ақ тегін емделуді ұйымдастыру және медициналық көмек көрсету түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Өмірді мерзімді сақтандыру – уақыттың белгілі бір кезеңіне қорғауды көздейді. Егер сақтандырылушы шарттың қолданылу мерзімінің аяғына дейін өмір сүрмесе, пайда алушы сақтандыру төлемін алады. Егер клиент бағдарламаның аяқталуына дейін аман-есен өмір сүрсе, сақтандыру қорғауы өз әрекетін тоқтатады, ал барлық төленген жарналар сақтандырушының иелігінде қалады.

Өмірді мерзімді сақтандырудың негізгі қолданыстағы бағдарламалары мыналардан қорғанысты қамтамасыз етеді:

жазатайым оқиғадан;

ел бойынша саяхаттаушы, шетелге шығушы азаматтарға;

кәсібі жоғары тәуекелмен байланысты адамдарға (міндетті сақтандыру).

Өмірді мерзімді сақтандыру жеке (жеке, бір немесе бірнеше – отбасы мүшелеріне), топтық (корпоративтік) болады. Қолданылу мерзімі – бір күннен бір жылға дейін.

Дереккөзі: https://www.wionews.com/business-economy/insurance-and-you-why-and-when-should-you-buy-it-477303

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Fitch Ratings Standard Life компаниясының рейтингін ‘BB-’ деңгейіне көтерді
Fitch Ratings Standard Life компаниясының рейтингін ‘BB-’ деңгейіне көтерді

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Standard Life өмірді с...

Әйелдер және зейнетақы аннуитеті
Әйелдер және зейнетақы аннуитеті

Ұзақ уақыт бойы зейнеткерлікке шығуға қатысты...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады
Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады

Мәжіліс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлтт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру