bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар 2022 жылы әлеуметтік әмиянды пайдалана алады

Қазақстанда әлеуметтік әмиян 2022 жылы іске қосылады. Бұл туралы Ұлттық Банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды LS.
Қазақстандықтар 2022 жылы әлеуметтік әмиянды пайдалана алады

«Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржылық секторды дамытуға көмек көрсететін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап ұлттық тауар өткізуші жүйемен одан әрі бірігумен әлеуметтік әмиянды енгізу жоспарлануда. Лездік төлемдерді дамыту және төлем карточкаларының банк аралық жүйесін ұйымдастыру арқылы ұлттық төлем жүйесін құру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл халық пен бизнес үшін транзакциялық шығындарды төмендетуге, қаржы қызметтерінің қолжетімділігін жоғарылатуға және қаржы нарығында бәсекелестікті кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады.

Досаевтің сөзінше, ақшалай-кредиттік саясаттың тиімділігін жоғарылату үшін өтімділікті реттеуді жақсарту бойынша іс-шаралар қабылдау жоспарлануда.

«Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша үкіметпен бірлескен іс-шаралар экономиканың қажеттіліктері үшін нарықта өтімділіктің тиімді қолданылуына ықпал ететін болады. Өтімділікті тиімді байланыстыру бағамға және инфляцияға қысымды төмендетіп, валюталық нарыққа қаражаттың ағылуының алдын алады. Үкіметтің фискалды саясатының контрциклділігін жоғарылату үшін Ұлттық Банкпен бірлесіп фискалдық тәртіпті және сыртқы шоктарға экономиканың бейімділігін жоғарылататын, 2022 жылдан бастап жаңа бюджеттік ережелерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Дереккөзі: https://lsm.kz/koshelek

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
"Еуразия" ӨСК тағы бір цифрлық сервисті енгізді
"Еуразия" ӨСК тағы бір цифрлық сервисті енгізді

"Еуразия" ӨСК баспасөз қызметі компанияда "Қыз...

Қазақстанда ерлер мен әйелдердің арақатынасын санады
Қазақстанда ерлер мен әйелдердің арақатынасын санады

ҚР халқының саны бір жылда 2022 жылдың басына 19,12...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру