bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыруды сатып алудан адамдарды тежейтін аңыз әңгімелер

Сақтандыру жазатайым оқиғалардан, дүлей апаттардан, банкроттан, аурулардан және өзге жағымсыз заттардан қауіпсіздендірмейді. Бірақ шығындарды өтей алады, деп жазады InsuranceNewsNet.
Өмірді сақтандыруды сатып алудан адамдарды тежейтін аңыз әңгімелер

Бірінші аңыз: жастық

Шын мәнісінде өмірді сақтандыру полисін әсіресе жас кезде сатып алған тиімді, себебі ол кемел жастағы адамдарға қарағанда арзанырақ. Сонымен бірге, жиі жас адамдарда қосымша жинақтар немесе күтпеген жағдайларда жақындарына қаржы қолдауын қамтамасыз ете алатын қаржылай қауіпсіздік кепілі әзірге болмайды.

Екінші аңыз: қымбатшылық

«Insurance Barometer Study by LIMRA» халықаралық компаниясы өткізетін зерттеуге сәйкес, сараптау тобы өз болжамдарында өмірді сақтандыру құнын 213%-ға асыра бағалады. Яғни, зерттелетін топ өмірді сақтандырудың ақырғы бағасын нақтыдан екі есе жоғары болады деп күтті. Өмірді сақтандыру тек байлар үшін ғана деп кім айтты? Керісінше, бұл қызметті әрбір адам сатып ала алады. Сақтандыру полистері қолжетімділік бойынша ерекшеленеді. Белгілі бір тәуекелдерді, әрекет ету мерзімін таңдай отырып, және клиенттің денсаулығын ескеріп сақтандыру полисінің әр түрлі құнын алуға болады.

Төртінші аңыз: банк ӨСК-ден жақсы

Өмірді сақтандыру бірінші күннен қорғаныс сезімін қамтамасыз етеді – сіз қайтыс болған жағдайда жақындарыңыз өтемді алады. Өз кезегінде, жинақтар немесе инвестициялар бақытсыздық жағдайында сенуге болатын мөлшерге жету үшін уақытты талап етеді.

Дереккөзі: https://insurancenewsnet.com/innarticle/the-myths-that-keep-people-from-buying-life-insurance

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ЖИ сақтандыру нарығы қандай болашақты күтеді
ЖИ сақтандыру нарығы қандай болашақты күтеді

Жасанды интеллект (ЖИ) экономиканың бірқатар с...

Неліктен қарт адамдарға өмірді қосымша сақтандыру қажет
Неліктен қарт адамдарға өмірді қосымша сақтандыру қажет

Зейнетақы аннуитеттері егде жастағы адамдар ү...

Өмірді сақтандырушылардың жаңа қаржы құралы
Өмірді сақтандырушылардың жаңа қаржы құралы

Өмірді сақтандыру компанияларында жаңа қаржы ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру