bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандық сақтандыру нарығы ойынның жаңа ережелерін күтуде

Келесі жыл сақтандыру нарығы үшін оқиғаларға бай болуға уәде береді. Заңнаманы жаңарту жоспарлануда - оған соңғы екі жылда пісіп-жетілген өзгерістер енгізіледі.
Қазақстандық сақтандыру нарығы ойынның жаңа ережелерін күтуде

Қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) алаңында нарық пен реттеуші үнемі проблемалық мәселелерді талқылап, заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ететін ұсыныстар әзірлейді. «Реттеуші «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу бастамасын көтерді, бірақ ол үшін алдымен заң жобасының тұжырымдамасын бекіту қажет», – деп ҚҚҚ басқарушы директоры Ерлан Бурабаев түсіндіреді.

Бурабаевтың айтуынша, заң жобасының тұжырымдамасы тұтастай алғанда сақтандыруды дамытуға және жеке және заңды тұлғалар үшін сақтандыру өнімдерінің тізбегін кеңейтуге жағдай жасауға бағытталған. Алайда, ӨСК ерекше назар аударылды – олардың өнімдері арқылы азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттырған дұрыс. ӨСК дәстүрлі жинақтаушы сақтандыруды ғана емес, сондай-ақ сақтандыруды қорғайтын инвестициялық жоспарларды да ұсына алады, бұл халық табысының өсуіне ықпал етеді.

Сондықтан заң жобасының тұжырымдамасында сақтанушының инвестицияларға қатысуымен өмірді сақтандыру өнімі (unit-linked) салынған, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін төмендету есебінен зейнетақы аннуитетінің қолжетімділігін кеңейту декларацияланады. Кейінге қалдырылған және бірлескен (ерлі-зайыптылық) зейнетақы аннуитеттерін енгізу, ӨСК мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МББЖ) тарту болжанады.

Бұл өнімдердің қажеттілігі туралы соңғы уақытта ӨСК өкілдері көп айтқан. Сақтандыру нарығында осындай құралдар пайда болған жағдайда ӨСК архитектурасы айтарлықтай өзгеруі мүмкін, деп есептейді Nomad Life ӨСК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев. «Маған бір ӨСК барлық қызмет бағыттарында табысты жұмыс істей алатынын елестету қиын. Мүмкін, біз қызметтің белгілі бір түрлеріне мамандандыру және бағдарлануды көреміз, – деп болжайды Чегебаев.

Барлық талқыланатын өнімдер нарық үшін маңызды болғанымен, unit-linked бойынша көптеген қиындықтарға тап болдық. Бұл Қазақстан үшін өмірді сақтандыру мен инвестицияларды қосатын жаңашыл өнім және тәуекелді, неғұрлым маржиналды инвестициялау стратегиясы ретінде талап етілуі мүмкін. Әзірге тұтынушылардың қызығушылығын төмендететін бірқатар шектеулер unit-linked енгізуге кедергі келтіреді. Мысалы, бір тұлға шығарған қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық мөлшеріне шектеулер (ӨСК таза активтері құнының 20%-ынан аспайтын) бар. Үлеспұлдық инвестициялық қорлардың (ҮИҚ) үлеспұлдарын ӨСК портфеліне сатып алғаннан кейін оларды есепке алуды жүргізуге байланысты әкімшілендірудің қиындықтары бар.

Чегебаев ӨСК реттеушімен бірлесіп нормативтік актілерге өзгертулер әзірлеп, ӨСК-ға өз кезегінде unit-linked аясында ҮИҚ-қа ұқсас инвестициялық портфельдерді құруға мүмкіндік беретінін нақтылайды.

«Unit-linked мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыстың бірінші кезеңі өнімді барынша икемді ету болып табылады. Екінші кезеңде ӨСК зейнетақы реформасына енгізілген жағдайда басқарушылар ретінде осындай өнім бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қосымша талаптар белгілеу жоспарлануда», – дейді Қайрат Чегебаев.

Сонымен қатар, unit-linked ӨСК инвестициялық декларациясының парадигмасын өзгерте алмайды. Чегебаевтың айтуынша, заң жобасы инвестицияларды ырықтандыруды көздемейді. Unit-linked аясында тұжырымдамалық тұрғыдан өзгеше тәсіл ұсынылады – инвестициялау стратегиясын таңдау клиентке қалдыру және клиенттің және ӨСК қаражатын кастодиан-банктің шоттарында бөлек есепке алу, бұл өнімді барынша ашық етуге мүмкіндік береді. Ал сақтандыру компаниясы клиентке неғұрлым қызықты ұсыныстар бере отырып, оған қызмет көрсетуге жауап береді.

Чегебаевтың пікірінше, unit-linked сыйлықақылардың қандай көлемін қосатыны туралы болжам жасауға әлі ерте. Дамыған нарықтардың тәжірибесіне сәйкес, unit-linked бойынша алымдар бүкіл саладағы алымдардың орта есеппен 40-60%-ын құрайды. 2019 жылы ӨСК сыйлықақысы 200 млрд теңгені құрады, оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 77 млрд теңге, сондықтан айналымды елестетуге болады.

«Біз аталған өнімге қатысты айтарлықтай оптимист болудамыз, бірақ өнімді дамыту уақыт алатынын түсінеміз, адамдар оны түсініп, қабылдауы керек», – деп қорытындылайды Чегебаев.

Сонымен қатар, ӨСК-дан басқа жалпы сақтандыру бойынша компаниялар да өзгерістер пакетін күтіп отыр. Басты жағымды жаңалық – КҚИ АҚЖМС (ОГПО ВТС) сақтандырудың жаппай түрі бойынша тарифтердің өзгеруі. Статистика КҚИ АҚЖМС шығындылығының жалпы көрсеткіші қолайлы деңгейде екенін көрсетеді, бірақ өңірлер мен сақтанушылар топтары бөлінісінде елеулі теңгерімсіздік бар. Бурабаевтың пікірінше, бұл бір өңірлердің басқа өңірлерді субсидиялайтынын және жалпы алғанда тарифтерді үлкен дараландыруға көшудің орынды екенін көрсетеді. Нарық үшін бұл сақтандыру құнының нақты ұлғаюын және соның салдарынан сыйлықақылар жинаудың өсуін білдіреді.

Дереккөзі: https://forbes.kz/finances/insurance/dobavit_premiy_1598290386/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұзақ өмір сүру үшін ұйқы сағаттарының қолайлы мөлшері
Ұзақ өмір сүру үшін ұйқы сағаттарының қолайлы мөлшері

Психикалық және физикалық денсаулық үшін түнг...

Жұмыста өзіңізді қалай қорғауға болады
Жұмыста өзіңізді қалай қорғауға болады

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қа...

Қазақстандағы сақтандыру нарығы 2018 жылы 10%-ға артады.
Қазақстандағы сақтандыру нарығы 2018 жылы 10%-ға артады.

Мұндай пікірді Алматы қ. «Орталық Азиядағы сақ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру