bs-preloader__icon
ru kz

ӨСК – жылдың керемет бастауы

Өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) бұл жылды мажорлық нотада бастаған. Сақтандыру сыйлықақылары қаңтар айында 2018 жылғы ұқсас кезеңіне қатысты 34%-ға (3,1 млрд теңгеге) 11,9 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл жағдайда компанияларға шығындарды ыңғайлы деңгейде ұстап тұруға көмектесе отырып, сақтандыру төлемдері бойынша шығындар тек 0,3%-ға, 1,47 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін өсті.
ӨСК – жылдың керемет бастауы

Өмірді сақтандыру 5,1 млрд теңгені 2018 жылғы қаңтар айындағы 2,7 млрд теңгеге қарсы сыйлықақыларды жинап алды. Бұл өсімді саны 62,7%-ға, 118,5 мың бірлікке дейін өскен шарттар қамтамасыз етті. Бірдей көрсеткіші бар үш компания алдыңғы қатарға шықты: «Халык-Life» ӨСК (1 982 млн. теңге), «Nomad Life» ӨСК» (1 536 млн. теңге), «Еуропалық Сақтандыру компаниясы» ӨСК» (1 533 млн. теңге). Үш сақтандырушы өмірді сақтандыру бойынша нарықтың 98% қалыптастырады.

Қызметкерді өндірісте жазатайым оқиғадан сақтандыру (ЖОМС) қаңтар айында сыйлықақылардың азаюын көрсетті, ӨСК алымдары 3,1 млрд. теңгеден 2,8 млрд теңгеге дейін төмендеді (жылдан жылға). Барлық шарттар дерлік тікелей сатуларға қатысты болды, қайта сақтандырудың ішкі шарттары бойынша 58,5 млн. теңге құрады. ЖОМС шарттары бойынша нарықтың максималды үлесі «Nomad Life» компаниясында - 40,6% (1 150 млн. теңге), екінші орында «Халык-Life» - 36,5% (1, 034 млн. теңге). 

Қайта сақтандыруға резиденттерге 44,4 млн. теңге тапсырылды. 2018 жылғы екінші жартыжылдығында заңнамаға өзгерістер енгізілгенін естеріңізге саламыз, бұл өзгерістерге сәйкес Ұлттық Банк ӨСК сыйлықақыларын жалпы сақтандыру бойынша компаниялармен қайта сақтандыруды шектеп қойды.

Күнтізбелік жылдың ішінде аннуитеттік сақтандыру 78%-ға, 1,9 млрд. теңгеден 3,4 млрд теңгеге дейін өсті. Сақтандыру шарттарының саны 374 бірлікке ұлғайды, 2018 жылғы қаңтар айында бұл көрсеткіш 276 шартты көрсеткен еді. Динамиканы зейнетақы аннуитеттері қамтамасыз етіп отыр. Олардың сатулары екі еселенді, 1,5 млрд. теңгеден 3 млрд. теңгеге дейін өсті. 2019 жылғы қаңтар айында 219 шарт жасалған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 110 шарт болған.

Ерлер үшін зейнетақы аннуитетінің құны күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша аса көтерілмеді. 2019 жылғы ақпан айының басында аннуитеттік шарттың құны 9,8 млн теңге құрады, ал бір жыл бұрын ол 9,6 млн теңге болды. Әйелдер үшін аннуитеттік шарттың құны болса, керісінше, арзандай түсті: 13 427 мың теңге, 2018 жылғы ақпан айында бұл көрсеткіш 13 476 мың теңгеге тең болған. Себебі – әйелдер үшін зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен ұлғаюы.

Зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылардың өсуі БЖЗҚ салымшыларының белсенділігімен ұласты. 2019 жылғы қаңтар айындағы қорытындылар бойынша болашақ зейнеткерлер зейнетақы қорынан ӨСК-ге 2,6 млрд теңгені аударды, ал бір жыл бұрын БЖЗҚ-дан 1,3 млрд теңге мөлшерінде ғана зейнетақы жинақтарын аударған болатын. Зейнетақы аннуитеттері сегментінде сөзсіз лидер  «Standard Life» ӨСК болды. Ол 2 млрд теңге сыйлықақысын жинап алып, нарықтың 69% жаба білді.

ЖОМС сақтандыру шеңберінде жасалған аннуитет шарттары бойынша сыйлықақылар, зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылар сияқты соншалықты әсерлі болмаса да, өсті.  Алымдар быр жыл бұрын болған 305 млн теңгенің орнына 321 млн теңгені құрады. Жасалған сақтандыру шарттарының саны 100-ден 122-ге дейін өсті, сақтандырудың негізгі нысаны заңды тұлғалар болып табылады.

ЖОМС бойынша аннуитеттер нарығын өмірді сақтандыру бойынша ең ірі екі ойыншы өзара бөліп алды. Бірге олар сыйлықақылардың 88% жинап алды. «Халык-Life» ӨСК қаңтар айында 168 млн теңгені, ал «Nomad Life» ӨСК - 118 млн теңгені жинап алды.

Аннуитеттердің өзге түрлері бойынша нарықтың сегменті қаңтар айында ӨСК қызметінде әлсіздеу буыны болып қалды. Алымдар жасалған сақтандыру шарттарының саны қысқарғаны арқасында 167 млн теңгеден 96,4 млн теңгеге дейін түсті.

Жазатайым оқиғадан сақтандыру ӨСК үшін қызметтің тұрақты түрі болып қалуда. 2019 жылғы қаңтар айында ЖО жиынтық сыйлықақылары 958,5 млн жетті, 2018 жылғы қаңтар айында 753,5 млн теңгені құрады. ЖО-да ӨСК үлесі қаңтар айының қорытындылары бойынша 60,7% немесе абсолюттік санда 581 млн. теңгені құрады.

Мұнда ЖО бойынша сақтандыру шарттары құрылымының өзгерісін атап кету жөн. 2019 жылғы қаңтар айында сақтандыру шарттарының саны 39,8 мыңға дейін қысқарды, 2018 жылғы осындай ұқсас кезеңі үшін 84,4 мың шарттың орнына. Бұл ретте шарттардың қысқаруы оларды ірілендірумен бірге жүрді. Сақтандырылған нысандардың саны 74,5 мыңнан 440,7 мың бірлікке дейін өсті.

Ауру жағдайында сақтандыру (ЕМС) бұрынғыша ӨСК мүдделерінің саласы болып қала береді. ЕМС-ке назарды үш компания ғана білдіреді. Жиынтықта олар 6,5 млрд теңгеден 527 мың теңгені жинақтайды. Олар жалпы сақтандыру бойынша компаниялардың сыйлықақыларға жатады. ӨСК арасында ЕМС бойынша максималды портфель «Standard Life» компаниясында (505 мың теңге) болды.

Жалпы ӨСК нарықта өзін сенімді болып сезінеді. Олардың активтері 19,2%-ға, 329 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ірі ӨСК үштігі («Халык-Life», «Nomad Life», «Мемлекеттік аннуитеттік компания») сыйлықақылардың 82,6% қалыптастырады.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығында жаңа өнім пайда болады
Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығында жаңа өнім пайда болады

Президент сақтандыру нарығын реттейтін заңда...

РФ-да өмірді инвестициялық сақтандыру қалай дамитын болады
РФ-да өмірді инвестициялық сақтандыру қалай дамитын болады

Ресейде өмірді инвестициялық сақтандыруды қа...

Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы
Зейнетақылық жоспарлаудың маңыздылығы

Адамдардың көпшілігі зейнетке шығу жайында әр...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру