Сауалнамаға қатысқандардың 25% күнделікті қарбалас өмірде алдағы жылдарға өмірді жоспарлауға және болашақтың түрлі әлеуетті сценарийлерін қарастыруға уақыттары жоқ екенін мойындады.
Көптеген адамдарға барлығымыз да өлетінімізді қабылдау қиынға соғады. Адамдардың көбісін саяхат жасауды сақтандырудың қарапайым полисі отанға қайтару бойынша шығындарды өтейтіндігін білген кезде, бір түрлі сезім билейді. Бір жақтан алда сонша күрделі жоспар күтіп отырғанда, өлімге дайындалу ақылға симайды, бірақ сондай-ақ, БАҚ-та жақын адамдардың сүйегін отанына алып келуге ақшасы жетпей қалғаны туралы жаңалықтар жиі кездесіп отыр. Мұндай мәселелер шынайы өмірге айналды.
Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан латвиялықтардың жартысы немесе 51% шын мәнінде өз өмірін сақтандырғысы келетіндігін айтты. Және де бұл адамдар отбасымен бірге саяхатқа шығуды ғана емес, одан да жақсысын қалайды (39%). Бұл Латвия тұрғындарының басым бөлігі өз жақындарының қаржылық амандығы туралы ұзақ мерзімді перспективада ойлайтындығын көрсетеді.
«Бүгінгі күніңмен өмір сүр!» лозунгы өте керемет. Бірақ бұл лозунгты ипотекалық несиені өтеу үшін өз үйін сатуға мәжбүр болған жағдайда жақындарыңыз ұстанады ма екен? Ешкім және ешқашан да жақын адамды физикалық тұрғыдан да, эмоция тұрғысынан да алмастыра алмайтыны, сөзсіз. Біздің шарасыз дүниені алдын алу шамамыз жоқ. Алайда біз өз отбасымызды асыраушысының бірі мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, пайда болуы мүмкін қаржылық шұңқырға түсіп қалудан құтқара аламыз. Латвиялық отбасыға орташа есеппен жақын адамы қайтыс болғаннан кейін өмірге бейімделу үшін шамамен 6000 евро қажет екені есептелді.
Әрине, кез келген жағдайда прагматикалық болу керек, өйткені отбасының қосымша қаржылық көпшігі туралы ойламауға мүмкіндік беретін жеткілікті капиталы бар болуы мүмкін. Өмірді сақтандыру полисі – жалғыз емес және соңғы емес мүмкіндік, банктекі шот, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, немесе тұрақты отбысы бизнесі де болашаққа сенімділікпен қарауға көмектеседі.
Егер сізде қазіргі жағдайда бірде бір асырауындағы адамыңыз болмаса, сонымен қатар сіз қайтыс болған жағдайда кредиторлар сіздің туыстарыңыздан (тіпті сіздің тірі кезіңізде сіздің олармен қарым-қатынасыңыз жақын болмаса да) талап етпейтін үлкен несиені алмасаңыз өмірді сақтандыру туралы ойламасаңыз да болады. Немесе сізде асыраушыдан айырылғаннан кейін қаржылық олқылықты толтыруға көмектесетін жиналған қорыңыз бар болса. Бұл жағдайда полис қаржылық қауіпсіздіктің тағы бір кепілгері бола алады, бірақ маңызды өмірлік қажеттілікке айналмайды.
Асырауында бірнеше жақыны бар, сонымен қатар алған несиелер бойынша ай сайынғы төлемдерді жасап отырған адамдар тәуекел тобына жатады. Олардың басым бөлігі өзінің болашағы туралы ойлануға уақыты жоқ 25%-ға жататын шығар. Жұмыс, балалардың үйірмелері, машинаны жөндеу, кәріз жүйесімен қиындықтар, үйде аз уақыт боласың деп кінәлау. Ең бастысы – бұл күнді, аптаны, жылды өткізу... Бірақ, шын мәнінде, дәл осы адамдарға басқаларға қарағанда сақтандыру полисі өте қажет. Сонымен қатар ол бізге жайлылықты және сенімділікті сезінуге мүмкіндік береді, өйткені егер күтпеген жағдай орын алса, біздің туыстарымыз қорғалған болады.
Дереккөзі: http://www.reitingi.lv/ru/news/ekonomika/99894.html
Фотосурет Ипотека.zone, Rapidasig.md сайттарынан алынды.