bs-preloader__icon
ru kz

Nomad Life, «Халык-Life» және «Евразия» ӨСК Қазақстан сақтандыру нарығының топ-3 құрайды.

Kursiv Research 2020 жылға өмірді сақтандыру бойынша компаниялардың (ӨСК) рейтингін жасады. Өмірді сақтандыру саласы індет жылында жалпы сақтандыруға қарағанда анағұрлым жоғары қарқынмен өскені анықталды.
Nomad Life, «Халык-Life» және «Евразия» ӨСК Қазақстан сақтандыру нарығының топ-3 құрайды.

Өмірді сақтандыру саласы 16% қосып, 2020 жылдың қорытындылары бойынша өсімнің анағұрлым жоғары қарқынын көрсетті. Тоғыз компаниядан үшеуі теріс, алтауы – оң динамиканы көрсетті.

Nomad Life, «Халык-Life» және «Евразия» ӨСК топ-3 құрайды. Freedom Finance Life-тің нарықтық позициясының күшеюі (4-ші орын бір жылда 334,9% жоғары динамика арқасында қамтамасыз етілді) есебінен салада шоғырланудың төмендеуі болды. Егер 2019 жылы топ-3 76,1%-ды бақыласа, 2020 жылы – бұл 69,7%. 

Біріншілік жүлдесін өсімнің 17,8%-ын көрсетіп, 2020 жылы сыйлықақылардың 72,1 млрд теңгесін жинаған Nomad Life ӨСК ұстап тұр. Оң динамикаға негізгі үлесті бір жылда 117,6%-ды қосып, компанияға 35,1 млрд теңге әкелген өмірді ерікті сақтандыру бойынша қызмет қосты. Бұл баптың меншікті салмағы 48,6%-ға дейін ұлғайды, 2019 жылы көрсеткіш 26,3% деңгейінде болған. Сонымен қатар жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша өсім байқалды (+298,7%). Ал аннуитеттік сақтандыру және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру секілді түрлер – тиісінше 20,6 және 11,8%-ға түсімді көрсетті.

2020 жылдың басынан Nomad Life компаниясы сатулардың цифрлық каналдарын белсенді дамытты. Мысалы, клиенттерге сақтандыру шарттарын онлайн режимде жасауға, жеке кабинетте өз инвестицияларының нәтижелерін бақылауға мүмкіндік беретін шешімдер пайда болды – деп, компанияда сақтандыру сыйлықақыларының көлемін өсіруге көмектескен факторлар аталды.

«2020 жылдың жазына таман ҚНРДА клиенттердің инвестицияларға қатысуымен жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларын жасау және оны ілгері жүргізу үшін нормативтік базаны қалыптастыруды аяқтады. Бұл Nomad Life-қа Қазақстанда unit-linked-технологияны енгізуге мүмкіндік берді, оның көмегімен компанияның клиенттері сақтандыру артықшылықтарын пайдалану және қор нарығында инвестициялау мүмкіндігін алды, салық жеңілдіктерін пайдаланады, оларға сақтандыру қорғауы қамтамасыз етіледі, заңды артықшылықтар беріледі» - деп 2020 жылғы жағдайға пікір білдірді Nomad Life Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев. 2020 жылдың үш айының қорытындылары бойынша бұл бағдарлама сақтандыру сыйлықақыларының 4,3 млрд теңгесін тартты.

Рейтингіде екінші позиция «Халык-Life» ӨСК-де. Компания 66,5 млрд теңге сақтандыру сыйлықақыларын жинады, немесе 2019 жылға қарағанда 13,7%-ға азырақ. Кері бағыт аннуитеттік сақтандыру (–26,9%), жазатайым оқиғалардан (–42,1%) және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (–22,4%) бойынша жинамдылықтың азаюымен байланысты. Сонымен қатар, өмірді сақтандыру бойынша жинамдылық 2,3%-ға өскен, оның сыйлықақылардың жалпы көлемінде үлесі басым болып табылады - 55,1% (2019 жылы 46,5%).

«Халык-Life» компаниясы, оның бәсекелестері секілді бизнес-үдерістерді цифрландыруға ден қойды. «Бұл үшін ол клиенттің жеке кабинетін жаңартты және өмірді сақтандыру компаниялары арасында бірінші болып клиенттер үшін нарықта мобилді қосымша шығарды, ол клиенттерге жылдам, онлайн-режимде 24/7, әлемнің кез-келген нүктесінен сервистік қызметтерді алу үшін арналған», - деді «Халык-Life»-тің Басқарма төрайымы Жанар Жубаниязова.  

Сонымен қатар, компания Life-COVID-19 бағдарламасы бойынша сақтандыру полистерін онлайн-сату бойынша жобаларды іске асырды, клиент сақтандырудың шарттарымен таныса алатын, алдын ала есеп жасап, кеңес алуға өтінім қалдыра алатын ең танымал сақтандыру өнімдері үшін ақпараттық сайттарды әзірледі. Өткен жылы компания үшін ең танымалдылардың бірі болған өнім шығарылды – валютада 3,52%-ға дейін пайыздық мөлшерлемемен «Халык-Қазына» өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы. Клиентке валюталық депозиттен жоғары кірістілік және жинақтардың мерзіміне сақтандыру қорғауы ұсынылады.

«2020 жылы індет дәл жеке тұлғаларды сақтандыруға қандай-да бір елеулі әсер тигізген жоқ. Біз сақтандырудың барлық сыныптары бойынша жеке тұлғалармен жасалған шарттар санының ұлғаюын көріп отырмыз», - деп жалғастырды Жубаниязова. Бірақ індет қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға тежеуші әсер етті. Сонымен, сақтандырудың бұл түрі бойынша жасалған шарттар саны 2019 жылдың деңгейінде қалды, ал сақтандыру сыйлықақысының орташа мөлшері небәрі 2%-ға артты. Сақтандырудың бұл түрі бойынша тежеуші факторлар ШОБ кәсіпорындар бөлігінің жабылуы, карантин уақытында жұмыс орындарының қысқаруы, жалақының ішінара төмендеуі болды.

Рейтингіде үшінші позиция салада 334,9%-ға рекордты өсімді көрсетіп, 20,8 млрд теңгеге сақтандыру сыйлықақыларын жинаған «Евразия» ӨСК-де. Компания 181,9 млн теңгеден 10,1 млрд теңгеге дейін аннуитеттік сақтандыру сыныбы (ең алдымен зейнетақы аннуитеті) бойынша сыйлықақылардың жинамдылығын айтарлықтай арттырды. Сыйлықақылардың жалпы көлемінде меншікті салмақ 2020 жылы 3,8-ден 48,5%-ға дейін өсті. Абсолюттік мағынада өмірді және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жинамдылықты айтарлықтай көбейтті- ұлғаю 3,3 млрд теңгеге (+601%) және 1,3 млрд теңгеге (+722,8%). 2019 жылы түсімнің 81,2%-ын әкелген жазатайым оқиғалардан сақтандыру 41%-ға өсімді көрсетті. Бірақ басқа сыныптар бойынша қатты өсімнің аясында сыйлықақылардың жалпы көлемінде оның салмағы 26,3%-ға төмендеді (2019 жылы - 81,2%).

Басқа тез өсуші компания - Freedom Finance Life ӨСК, оның сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 20,4 млрд теңгені, өсім - 115,6%-ды құрады. «Freedom Finance Life – технологиялық компания», - дейді ӨСК-де. «Карантин және оқшаулану кезеңінде компания онлайн-сақтандыруға ерекше көңіл аударды. Біз жаңа бағдарламаларды әзірледік және клиенттерге үйден шықпай-ақ бірнеше минутта сақтандыруды рәсімдеу ыңғайлы және тиімді болу үшін қолданыстағы бағдарламаларды жетілдірдік», - деді Freedom Finance Life-тің Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Мысалы, компания 2020 жылдың сәуірінде Corona Protect бағдарламасы бойынша коронавирустен сақтандыруды іске қосты. Полисті 5,5 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалар рәсімдеген. Сақтандыру COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызу және қайтыс болу секілді тәуекелдерді өтейді. Бірінші жағдайда сақтандыру төлемі 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін құрайды, екінші жағдайда – төлемді мұрагерлері 1 млн-нан 5 млн теңгеге дейін алады.

«Өткен жылдың наурызында девальвация болған кезде адамдар өмірді жинақтаушы сақтандыруға көбірек қызыға бастады. Мәселе кейбір бағдарламалар бойынша төлемдер доллар бағамына индекстеумен жүргізілетіндігінде, ол мысалы, беделді жоғары оқу орнында білім алу секілді үлкен мақсаттарға ұзақ мерзімді жинақтар кезінде өте тиімді», - деп түсіндірді Ердесов.

ӨСК саланың серпінді дамуын көрсетті, оған жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары клиенттерге инвестицияларға қатысуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгертулер көмектескен.

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/strakhovanie/2021-11/kursiv-research-otrasl-strakhovaniya-zhizni-zarabotala-na-16-bolshe-v

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру