bs-preloader__icon
ru kz

ӨСК өсімнің жоғары қарқынын сақтап тұр

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өмірді сақтандыру нарығының шамамен барлық сегменттері сыйлықақылардың қос таңбалы өсімін көрсетті
ӨСК өсімнің жоғары қарқынын сақтап тұр

2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ӨСК сыйлықақыларының динамикасы өте жоғары деңгейде қалуды жалғастырды. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте жиналған ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары жылдық көріністе 74,2%-ға (сегіз айдың қорытындысы бойынша 79,8%) 276,3 млрд теңгеге дейін өсті. Сыйлықақылардың 92,7 млрд теңгеге ең үлкен портфельді «Halyk life» ӨСК жинады. Компанияның өмірді сақтандыру нарығында үлесі 33,6%-ды құрайды. Өмірді сақтандыру компаниялары арасында активтер (222,7 млрд теңге), сақтандыру резервтері (170,6 млрд теңге) және үлестірілмеген табыс (9,4 млрд теңге) бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК қалады. «Nomad Life» ӨСК Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын жалғыз өмірді сақтандыру компаниясы болып табылады, компанияның портфелі 2021 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша 8,4 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша «Өмірді сақтандыру» сегменті барынша өсуші және өмірді сақтандырудың ең көлемді сыныбы болып табылады. «Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылардың жылдық өсімі 101,5%-ды құрады, ақшалай көріністе сыйлықақылар 127,5 млрд теңгеге жетті. Сыйлықақылар осы сегменттің көшбасшылары жинақтарының күшті динамикасы есебінен өсті: жылдық көріністе «Halyk life» ӨСК портфельді 112,6%-ға, «Nomad Life» ӨСК портфельді 111%-ға ұлғайтты. Сыйлықақылардың ең үлкен өсімін жеті ай қатарынан «Standard Life» ӨСК көрсетіп отыр: қыркүйекте сыйлықақылар 256,6%-ға (жылдан жылға) өсті. «Өмірді сақтандыру» сегментінің көшбасшысы 56,3 млрд теңгеге портфель жинаған және осы сегменттің 44,2%-ын алатын «Halyk life» ӨСК болып қалады. Көлемі бойынша 41,8 млрд теңгеге екінші портфельді «Nomad Life» ӨСК жинады, ол сегментте нарықтық үлесін 32,8%-ға дейін ұлғайтты. «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру бойынша үшінші ең ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша ӨСК сегменттің 15,9% ала отырып, 20,2 млрд теңгеге дейін портфельді ұлғайтты.

Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары 2021 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша қайта қарқынның төмендеуін көрсетті және үш таңбалы өсім аумағынан шықты. Сақтандыру жинақтары тамыздағы 96,4%-ға және шілдедегі 122,5%-ға қарсы (жылдан жылға) 85,9%-ға өсті. Зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылар жылдық көріністе сондай-ақ тамыздағы 101,9%-ға және шілдедегі 129,8%-ға (2020 жылдың ұқсас кезеңдерінде) қарсы 90,8%-ға өсімді көрсетіп, үш мәнді динамиканы ұстап қала алмады. Аннуитеттік сақтандыру және оған кіретін зейнетақы аннуитеттері барлық ӨСК жинақтарының күшті көрсеткіштері есебінен өсті, олардың үлкен бөлігі нарықтан жоғары болды. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары абсолюттік көріністе 102,7 млрд теңгені, зейнетақы аннуитеттері бойынша – 97,5 млрд теңгені құрады.  

Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегменттерінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК сыйлықақыларының көлемі 32,7 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 31,7 млрд теңгеге дейін өсті. Қыркүйектің қорытындысы бойынша «Nomad Life» ӨСК аннуитеттер сегментінде 31,8%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 32,6%-ды алады. Көлемі бойынша екінші аннуитеттік сыйлықақылар портфелі «Halyk life» ӨСК-де. Ол аннуитеттік сыйлықақылар бойынша сыйлықақылардың 27,9 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 26 млрд теңгені жинады. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде ӨСК үлесі 27,2%-ды, зейнетақы аннуитеттері сегментінде 26,7%-ды құрады. Үшінші орында сыйлықақылардың 13,5 млрд теңгесін жинаған, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 13,3 млрд теңге жинаған «Евразия» ӨСК тұр. 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша «Евразия» ӨСК «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбында 13,2%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 13,7% үлесті алады.

«Жұмыс беруші жауапкершілігі аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша жылдық көріністе сегіз айдың қорытындысы бойынша 23,4%-ға және жеті айдың қорытындысы бойынша 31,5%-ға (жылдан жылға) қарсы, 3,7 млрд теңгеден асып түсіп сыйлықақылар динамикасын 21,9%-ға дейін төмендетті. ЖЖА сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады, оның сыйлықақылары 1,3 млрд теңгеге дейін, ал нарықтық үлесі 37,1%-ға дейін өсті. Екінші орында «Nomad Life» ӨСК тұр, оның сыйлықақылар портфелі 825,6 млн теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 22,2%-ды құрады. Үшінші позицияға 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша, ЖЖА сегменті көшбасшыларының үштігінен шығуға тура келген «KM Life» ӨСК-ні озып шыққан қайтадан «Standard Life» ӨСК оралды. «Standard Life» ӨСК сыйлықақылардың 447,3 млн теңгесін тартты және ЖЖА сегментінің 11,8%-ын алады. 2021 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша сегмент көшбасшыларының үлесі тамыздағы 71,9% және шілдедегі 72,5%-ға қарсы 71,3%-ға дейін қысқаруды жалғастырды.

«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті қыркүйекте тамыздағы 45,3% және шілдедегі 56,6%-ға қарсы жылдық динамиканы 36,1%-ға дейін  бәсеңдетті. ӨСК сыйлықақыларының жиынтық портфелі ақшалай көріністе 1,5 млрд теңгеден асып түсті. Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалуды жалғастыруда. Қыркүйекте ӨСК-нің сыйлықақылар портфелі 795,6 млн теңгеге дейін өсті, алайда оның нарықтық үлесі қысқаруды жалғастырып келеді: ол тамыздағы 54,3% және шілдедегі 56,1%-ға қарсы 52,9%-ды құрады. Жинақтар жиыны бойынша 593,3 млн теңгеге екінші нәтижені «Halyk life» ӨСК көрсетті, ол сегментте нарықтық үлесін тамыздағы 38,5%-ға қарсы 39,5%-ға дейін ұлғайтты. Сегментте үшінші ірі сақтандырушы - «Nomad Life» ӨСК 87,7 млн теңге жинады және нарықтық үлесін 5,8%-ға дейін ұлғайтты. 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы бойынша ӨСК-лердің ірі үштігі сыйлықақылардың 98,2%-ын жинады, бұл ретте 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысына нөлдік өсімді көрсетті.

ӨСК бөлігінде жиналатын, жазатайым оқиғадан сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша тамыздағы 33%-ға қарсы (жылдан жылға) 34%-ға дейін тарту динамикасын жоғарылатты. Абсолюттік цифрлармен ӨСК жиынтық сыйлықақылары 13,2 млрд теңгені құрады.

Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады, оның портфелі төрт ай қатарынан 4 млрд теңгеге алдыңғы айға қатысы бойынша өте әлсіз динамиканы көрсетіп келеді. Жылдық көріністе ӨСК сыйлықақылары 100,3%-ға өсті. Сыйлықақылардың әлсіз динамикасы «KM Life» ӨСК-нің нарықтық үлесін қысқартуда: қыркүйек айының қорытындысы бойынша ол тамыздағы 33,9% және шілдедегі 37,7%-ға қарсы 30,8%-ға дейін төмендеді. «Freedom Finance Life» ӨСК 3,7 млрд теңге жинап және нарықтық үлесін тамыздағы 26,6% және шілдедегі 24,5%-ға қарсы 28,6%-ға дейін ұлғайтып, екінші позицияны алып отыр. Үшінші позицияны ЕСК ӨСК ұстап тұр. Ол 2,69 млрд теңге жинады және нарықтық үлесін тамыздағы 19% және шілдедегі 17,7%-ға қарсы 20,4%-ға дейін ұлғайтты.

«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша тамыздағы 5,3% және шілдедегі 5,6%-ға қарсы (жылдан жылға) 6,4%-ға өсімді көрсетті. ЖОМС бойынша ӨСК жиынтық жинақтары 31,2 млрд теңгені құрады.

ЖОМС сегментінің көшбасшысы 7,59 млрд теңге портфель жинаған және сегментте нарықтық үлесін тамыздағы 23,8%-ға қарсы 24,3%-ға дейін өсірген «Nomad Life» ӨСК қалады. «Halyk life» ӨСК қыркүйектің қорытындысы бойынша портфель үлкендігі бойынша ЖОМС-тың екінші сақтандырушысы болып табылады: ол сыйлықақылардың 6,8 млрд теңгесін жинады және тамыздағы 23%-ға қарсы сегменттің 22%-ын алады. Үшінші орынға «Евразия» ӨСК орнықты, ол 5,39 млрд теңге жинады, алайда сегментте үлесін тамыздағы 18%-ға қарсы 17,3%-ға дейін қысқартты. ЖОМС сегменті көшбасшылары – ӨСК үштігінің үлесі 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 63,7%-ды құрады.

ӨСК бөлігінде ауыру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйлықақылар жинағы 2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша тамыздағы 71,9%-ға қарсы (жылдан жылға) 78%-ға дейін үдеді. Ақшалай көріністе сыйлықақылар 1,6 млрд теңгеден асып түсті. «KM Life» ӨСК 1,3 млрд теңге жинап, сегменттің ең ірі сақтандырушысы болып қалады, бұл ретте ол нарықтық үлесін тамыздағы 88,5%-ға қарсы 83,8%-ға дейін қысқартты. Үлестің қысқаруы тамызға қатысы бойынша (2%) сыйлықақылардың әлсіз динамикасымен және жылдық динамиканың бәсеңдеуімен шартталған: тоғыз айда сыйлықақылар 2021 жылғы сегіз айындағы 56,9% өсіміне қарсы 55,7%-ға өсті.

ӨСК бөлігінде ЕМС сыйлықақылар жинағы бойынша екінші орынды ЕСК ӨСК алады, ол 217 млн теңге жинады және сегментте үлесін тамыздағы 9,3%-ға қарсы 13,3%-ға дейін ұлғайтты.  Үшінші орынға 24,6 млн теңге (сегментте 1,5%) жинаған және 19,1 млн теңге (сегментте 1,2%) жинаған «Freedom Finance Life» ӨСК-ні озған «Halyk life» ӨСК шықты.

2021 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық активтері 711,8 млрд теңгеге дейін 25,7%-ға өсті. Сақтандыру резервтері 27,7%-ға ұлғайды және 510,2 млрд теңгеден асып түсті. ӨСК меншікті капиталы 137,9 млрд теңгеге дейін 30,1%-ға ұлғайды.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру