bs-preloader__icon
ru kz
✕

Ерлер жүрек-қан тамырлары ауруларымен 2,5 есе жиі ауырады, бірақ сақтандыруды сирек рәсімдейді

«Росгосстрах» компаниясының деректеріне сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда аса қатерлі ауруларға қарсы сақтандыруды 1,6 есе жиі рәсімдейді: биыл сақтандыруды 62% әйел және тек 38% ер адам сатып алған. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары ауруларына ерлер көбірек ұшырайды — бұл бағыттағы сақтандыру төлемдерінің 71%-ы ер адамдарға тиесілі.
Ерлер жүрек-қан тамырлары ауруларымен 2,5 есе жиі ауырады, бірақ сақтандыруды сирек рәсімдейді

Кардиохирургиялық операцияларды қажет еткен ең жиі кездесетін аурулар — жүректің ишемиялық ауруы мен жүрекшелердің жыбырлама аритмиясы болды. Бұл диагноздармен жасалған өтініштердің үлесі шамамен 50%-ды құрады.

«Росгосстрах» компаниясында аса қатерлі аурулар бойынша сақтандыру арқылы жүрекке жасалатын операцияның орташа құны — шамамен 300 мың рубль (2 миллион теңгеден астам). Жылдық полистің орташа құны — 12 мың рубль (81,7 мың теңге). Ал кардиологиялық қауіп бойынша ұйымдастырылған ең қымбат емнің сомасы 1 миллион рубльге (6,8 миллион теңге) жеткен: дәл осы сомаға «Росгосстрах» Калининград қаласының клиентіне «аорталық стеноз» диагнозы қойылған соң аорталық қақпақты транскатетерлік имплантациялау операциясын және одан кейінгі оңалтуды ұйымдастырып, төлеген.

— Статистикаға сәйкес, ерлер жүрек-қан тамырлары ауруларына көбірек бейім. Аурушаңдыққа өмір салты мен зиянды әдеттер де әсер етеді. Әйелдер, әдетте, денсаулығына көбірек мән береді: спортпен шұғылданады, дұрыс тамақтануға тырысады және алдын алу мақсатында дәрігерге жиі барады. Ал ер адамдар көбіне тек ауру асқынғанда ғана маманға жүгінеді, — дейді «Росгосстрах» компаниясының жеке сақтандыру әдіснамасы және андеррайтинг департаменті директорының орынбасары Ольга Купцова. — Денсаулықты күту мен тұрақты тексерулерден бөлек, саналы өмір үшін қаржылық қауіпсіздік те маңызды. Ол үшін сақтандыру қажет. Әсіресе, аса қатерлі ауруларға арналған сақтандыру тек кардиохирургия мен нейрохирургияны ғана емес, онкологиялық аурулар сияқты шұғыл әрекет пен қаржыны қажет ететін қауіптерді де қамтуы мүмкін.

Сурет ашық дереккөздерден алынған.

 
 
Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 21 трлн теңгеден асты
Қазақстандықтардың зейнетақы активтері 21 трлн теңгеден асты

2024 жылғы бірінші қазандағы жағдай бойынша БЖЗ...

Пандемия өмірді сақтандыруға серпін берді
Пандемия өмірді сақтандыруға серпін берді

COVID-19 пандемиясы қаржылық жоспарлауға, соның і...

Қазақстандықтар ипотекалық сақтандыру туралы не білуі керек
Қазақстандықтар ипотекалық сақтандыру туралы не білуі керек

Ипотекалық сақтандыру-форс-мажорлық жағдайла...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру