bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстан секторының сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қаңтар-ақпан айларында 18,8%-ға өсті

Сақтандыру секторының пайдасы былтырғы жылғы осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 66,8%-ға өсіп, екі айдың ішінде 10,3 млрд теңгені құрады, деп dknews.kz. хабарлайды.
Қазақстан секторының сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қаңтар-ақпан айларында 18,8%-ға өсті
Қазақстан секторының сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қаңтар-ақпан айларында 18,8%-ға өсті
Қазақстан секторының сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қаңтар-ақпан айларында 18,8%-ға өсті
Қазақстан секторының сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қаңтар-ақпан айларында 18,8%-ға өсті

Қазақстандық сақтандыру компанияларының жиынтық активтері ақпан айында 8,9 млрд. теңгеге төмендеді, бірақ жылдың басынан жағымды динамикасы сақталуда. Осылайша, 2019 жылғы алғашқы екі айының ішінде активтер 2,1%-ға немесе 22,6 млрд теңгеге, 1 071,1 млрд теңгеге дейін өсті. Былтырғы жылда сақтандыру компанияларының активтері 123,2 млрд теңгеге (+13,3%) өскенін естеріңізге саламыз. Бұл сектордағы активтердің төмендеуі сондай-ақ Standard СК лицензиясынан айырылуымен және Еуразия СК-ның маңызды төлемдерімен байланысты болды. СК активтерінде бағалы қағаздардың үлесі 51,9%-дан 52,8%-ға дейін көтерілді, ал салымдар мен ақшалай қаражаттың үлесі 22,0 пайыздан 19,3%-ға дейін қысқарды.

Сол уақытта өмірді сақтандыру компаниялардың (ӨСК) активтері 2018 жылғы 20,0%-ға өсуден кейін 2019 жылғы алғашқы екі айдың ішінде 0,5%-ға 331,4 млрд теңгеге дейін өсті. Осылайша, сектордағы ӨСК үлесі 31,4%-дан 30,9%-ға дейін төмендеді.

Қазақмыс СК сақтандыру қорларының төмендетілуі бүкіл секторы арасында едәуір мәнді болып қалуда. Осылайша, Қазақмыс СК сақтандыру қорлары ағымдағы жылдың басынан 3,1 млрд теңгеге немесе 16,1%-ға төмендеді.  Сол арада бүкіл сектордың сақтандыру қорлары ақпан айында 1,1 млрд теңгеге төмендеді, бірақ жылдың басынан 27,9 млрд теңгеге өсуін көрсетті. Ағымдағы жылда сақтандыру қорларының өсуі бойынша, сондай-ақ активтер бойынша көшбасшы Евразия және Халық СК болып табылды – плюс 10,8 және 10,5 млрд теңге сәйкесінше.  ӨСК қорлары екі айдың ішінде 2,2%-ға 272,0 млрд теңгеге дейін өсті. 2018 жылы сектор қорларының өсуі 77,9% ӨСК-ға шақ келді – плюс 45,9 млрд теңге.

Сақтандыру компанияларының өзіндік капиталы ойыншылардың нарықтан кетуі бойынша төмендеп келеді. Ағымдағы жылда үш компанияның – Kompetenz, Салем және Standard – лицензиялары кері алынғанын естеріңізге сала кетейік. Аталған компаниялардың өзіндік капиталы жылдың басында 5,9 млрд теңге құраған еді. Алайда аталған төмендеу нарыққа «Евразия» ӨСК-ның шығуымен жартылай түрде ішінара тегістеледі, бұл келесі айда ҚР ҰБ есептілігінде есептелетін болады. ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңы бойынша капиталдың минималды ұйғарынды мөлшеріне қойылатын талаптарынан шыға отырып, «өмірді сақтандыру және қайта сақтандыру» саласы бойынша «Евразия» ӨСК жарғылық капиталы 5,4 млрд теңге құрайды.

Сақтандыру сыйлықақылардың мөлшері былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға 91,9 млрд теңгеге өсті. Алайда ақпан айында тартылған сыйлықақылардың мөлшері қаңтармен салыстырғанда, 57,5%-ға төмен болды. 2019 жылғы қаңтар айында сыйлықақылардың брутто-мөлшері 64,5 млрд теңгені құрады, ал таза сыйлықақылардың сомасы 46,0 млрд теңге деңгейінде болды. Сол арада ағымдағы жылдың сектордың барлық сыйлықақыларының 60,8% екі компания арқасында – Евразия (28,1 млрд теңге) және Халық (18,4 млрд теңге) қол жеткізілді. ӨСК-мен тартылған сыйлықақыларының мөлшері 22,7 млрд теңге құрайды, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда 62,4%-ға жоғары болды. Сонымен қатар ӨСК компанияларының үлесі сақтандыруда 18,1%-дан 24,8% дейін өсті.

Сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығындар 2019 жылғы қаңтар-ақпан айында 17,6 млрд теңгені құрады, ал бұл 2018/ жылғы дәл осындай кезеңі ндегі шығындармен салыстырғанда 17,6%-ға жоғары. 2018 жылғы сақтандыру төлемдерімен байланысты жиынтық шығындары 95,2 млрд теңгені құрғандығын естеріңізге саламыз. Сол арада төлемдер сақтандырудың барлық түрлері бойынша өсуде. Алайда қайта сақтандыру есебінен сақтандыру төлемдерінің таза сомасы тек қана 8,5%-ға 15,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сол арада сақтандырудың алты компаниясы төлемдерді 3,1 млрд теңгеге жасады, бұл сектордың барлық төлемдерінің 17,4%-ға тең келеді.

Сақтандыру компаниялары 2019 жылда пайданың өсімін көрсетуде. Осылайша, Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша сектордың пайдасы екі айдың ішінде былтырғы жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда, 66,8%-ға өсіп, 10,3 млрд теңгені құрады. Сол уақытта бес ең ірі компанияның пайдасы 10,0 млрд теңгені немесе бүкіл секторының 96,9% құрады. Сектордың активтерінің екі айдағы тиімділігі 1,0%-ды, ал капитал тиімділігі – 2,2% құрады.

Суретте:

1иаграмма. Активы страховых компаний. Дереккөзі: ҚР ҰБ.

2-диаграмма. Сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақылары, млрд теңге. Дереккөзі: ҚР ҰБ.

3-диаграмма. Сақтандыру ұйымдары капиталының тиімділігіДереккөзі: ҚР ҰБ.

1-кесте. Сектордың көрсеткіштеріДереккөзі: ҚР ҰБ.

Источник: https://dknews.kz/strahovanie/obem-strahovyh-premii-sektora-v-anvare-fevrale-vyros-na-188.html

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Актуарийлерге бізде әрдайым жол ашық
Актуарийлерге бізде әрдайым жол ашық

Қазақстанда алғаш рет «Қазақстан актуарийлер...

Альцгеймер ауруына виртуалды шындық арқылы диагноз қойыла бастады
Альцгеймер ауруына виртуалды шындық арқылы диагноз қойыла бастады

Лондон университетінің колледжінің зерттеуші...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру