2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы мөлшері 347,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде «өмірді сақтандыру» саласына 110,4 млрд теңге сай келеді. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында бұл көрсеткіш 21,7%-ды көрсетті, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ол 17,3%-ға тең болды.
10 жыл бойы сақтандырушылар Салық комитетін жеке табыс салығы бойынша екі есе салық салуын алып тастауын өтініп, онымен келіссөз жүргізді. Бұл орайда мемлекет «өмірді сақтандыру» саласын жұмыс істемейтін салық жеңілдігімен ынталандырғысы келген. Бұл жеңілдікке сәйкес өмірді сақтандыру шартын жасаған адамның СК-дан жылдың қорытындылары бойынша салық шегерісіне салымдарын алуға құқығы бар еді. Алайда шарт аяқталған кезде қабылдаушы ЖТС (ИПН) 10% мөлшерінде төлеуге тиіс.
«Біздің тәжірибемізде клиенттер салымдарды алмаған (тек қана 15% сақтанушы бұл жеңілдікті пайдаланған), сондықтан бұл екі есе салық салуы болып табылған, яғни сақтанушылардың 75%-нан айырылатынбыз. Үлкен кәсіпорындағы бухгалтерия бір ғана қызметкер үшін жеңілдікті ресімдемейтінін жақсы түсінесіз, ал адамдар өздері салық органдарына бармайтын», – деп «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Шәкенов түсіндірді.
Енді сақтандыру полисін алған кезде жеңілдік бойынша норма қолданылмайды, бірақ нарықтың дамуына бұл аса көмектеспейді, өйткені полистен түсетін табыстарға табыс салығы салынбайды, тек қана сақтанушы, сақтандырылған тұлға және пайда алушы бір тұлға болған жағдайда ғана табыс салынады.
«Егер адам сақтандырып, жарнаны төлеп, кейіннен ақшаны алатын болса, онда салық салынбайтын. Бірақ адамдар өз өмірлерін өздері үшін ғана емес сақтандырудаы. Шарттардың басым бөлігі баланың пайдасына ресімделген. Әрине, жете ойластырылмаған салық жүйесі нарықты ынталандырмайды. Біз бұл жағдайда салық шегерімін қысқартуды ұсынамыз. Фискалдар капиталдың шығарылуы басталады деп қорқады. Біз статистиканы көтердік. Осылайша, Қазақстанда өмірді сақтандыру есебінен салықтан қашып құтылудың схемалары кездеспеген», – деп «Халык-Life» ӨСК-ның басқарушы директоры Виталий Любимов баяндап берді.
«Өмірді сақтандыру компаниялары» азаматтардың, олардың отбасыларының әлеуметтік қорғалуын арттыруға, соның нәтижесінде мемлекетке түсетін әлеуметтік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. сондықтан елімізде өмірді сақтандырудың дамуын ынталандыру қажет», – деп ҚҚҚ-да есептейді.
Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/strakhovanie/2019-01/otrasl-strakhovanie-zhizni-stanovitsya-vse-bolee-privlekatelnoy
Фотосуреттер ашық дереккөздерінен алынды.