bs-preloader__icon
ru kz en

Нарықтың өсуіне ӨСК – ҚҚҚ өнімдеріне сұраныстық артуы себепші болады

Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) кезекті есебінде «Сақтандыру нарығы 2020 жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 35,2% төмендеген төлемдерді қоспағанда, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсімді көрсетіп отыр» делінген.
Нарықтың өсуіне ӨСК – ҚҚҚ өнімдеріне сұраныстық артуы себепші болады

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында нарық активтерінің өсуіне тең жалпы сақтандыру компаниялары (+13,4%) және өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар  (+11,4%) теңдей үлес қосты. 2021 жылы бүкіл сектор активтерінің 40%-ы ӨСК-ң үлесінде. Алты ірі компания нарық активтерінің өсімінің  70%-ын иеленіп отыр  - Еуразия СК (22%), Халық СК (18%), FFLife (9%), Nomad Life, Халык-Life және Еуразия ӨСК сәйкесінше 7%-дан.

Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі ӨСК (өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру) өнімдеріне сұраныс жоғарылаған соң 53%-ға 428,6 млрд теңгеге дейін (2020 жыл көлемінің 75%-ы), «жеке сақтандыру» сегменті 100 млрд теңгеден 195 млрд теңгеге дейін (+94%) өсті. Сақтандыру сыйлықақылары көлемінің ұлғаюы сектордың сақтандыру қызметінен түскен кірістерінің 48,5%-ға, 381 млрд теңгеге дейін өсуіне алып келді. Бұл ретте сақтандыру сегменттері бойынша кірістер құрылымында шамамен 56%-ын (212,3 млрд теңгені) ӨСК-нан шығады. 

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында нарық бойынша төлемдердің сыйлықақыларға қатынасы 14%-ды, ӨСК-ғы сегменттер бойынша – 8,3%, міндетті сақтандыру бойынша – 18% құрайды. Ірі ойыншы тарапынан бір реттік өтемақыны ескерсек (47 млрд теңге), ағымдағы жылы төлемдер азайды. Көрсетілген сақтандыру жағдайын ескермегенде сыйлықақылардың былтырғы жыл төлемдеріне қатынасы - 15,8%, салыстырмалы деңгейде болар еді. Сектордың сыйлықақылары мен төлемдерінің шамамен 60% Еуразия, Халық, Nomad Life, Халык-Life және Қазақмыс СК-ң үлесінде.

Сақтандыру қызметінен түскен кірістердің өсімі 56%-ды, инвестициялық қызметтен — 20%-ды құрады. Сектордың сақтандыру төлемдері бойынша резервтерге шығыстары 27,5%-ды, операциялық қызметке — 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 63% -ды құрады. Сақтандыру секторының таза пайдасы 70,4 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 6,6% артық.

Сектор активтерінің орташа салмақталған рентабельділік көрсеткіші (RoAA) былтырғы  жылдың бірінші жартыжылдығындағы 5,2%-дан биылғы жылдың 4,5% дейін, ал капиталдың рентабельділігі (RoAE) — 11,5%-дан 10,3% дейін төмендеді.

ҚҚҚ есебінде: «Сала рентабельділігінің жалпы төмендеуіне қарамастан, нарықта капитал рентабельділігі нарықтан айтарлықтау жоғары ойыншылар бар. Нарықтың әрі қарай өсуіне ӨСК өнімдеріне сұраныстың жоғарылауы, сондай-ақ жалпы сақтандыру өнімдеріне қажеттіліктің артуы себепші болады», - деп көрсетілген.

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жасанды интеллект өмірді сақтандырушыларға көмектеседі
Жасанды интеллект өмірді сақтандырушыларға көмектеседі

Verisk, жетекші деректер жеткізушісі, өмірді сақт...

Қазақстанда 100 некеден 13-і Алматыда тіркеледі
Қазақстанда 100 некеден 13-і Алматыда тіркеледі

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда елде 140,3 мың неке ...

Сақтандырылмаған зейнеткерлер
Сақтандырылмаған зейнеткерлер

Зейнетақы сақтандыру немесе зейнетақы аннуит...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру