bs-preloader__icon
ru kz

Неліктен миллениалдар өмірді сақтандыру полисін сатып алу туралы ойлануы қажет

Өмірді сақтандыру проблемасы жарналарды төлейтін адам бұл инвестициялардың барлық артықшылығын бірден сезіне алмайтындығында. Ал жас адамдарға мұндай келешек теріс әсер етеді, деп жазады MoneyWise.
Неліктен миллениалдар өмірді сақтандыру полисін сатып алу туралы ойлануы қажет

2021 жылы Маркетинг және зерттеулер қауымдастығы өткізген, өмірді сақтандыру саласындағы сауалнама америкалық миллениалдардың 49%-ында ғана өмірді сақтандыру барын көрсетті. Салық кеңесшісі және Integrated Estate Solutions-тің басқарушы серіктесі Кевин Уорк көптеген жас адамдар сақтандыруға ерекше қажеттіліктер болған кезде ғана жүгінетінін, және әдетте өмір бойылық полистерді таңдайтынын айтты, себебі олар қымбат емес.

«Жас клиенттермен ісіңіз болған кезде, сіз олардың инвестициялары шектеулі екенін білесіз. Себебі олардың жуырда отбасы, үйі пайда болды және олар өз мансаптарының басында жүр, сондықтан өмірді сақтандыру полисін сатып алу оларда соңғы орында тұр», - деп санайды Уорк.

Бірақ бұл кейін өкінетін таңдау. «Бірінші полисті өздігінен ең болмағанда 25 жаста сатып алған жөн. Бұл өте маңызды, себебі белгілі бір жастан кейін өмірді мерзімді сақтандыру бойынша сақтандыру жарналары екі немесе үш еселенуі мүмкін», - деп еске салады сарапшы.

Соңғы он жылдықта миллениалдардың өмір салтында айтарлықтай өзгерістер болды, алайда құндылықтар өзгерген жоқ.

«Миллениалдар – неғұрлым өзіндік сана-сезімі бар ұрпақ. Олар үшін жұмыс пен демалыс арасында баланс маңызды, ол өнімділікке және денсаулықтың жалпы жағдайына оң әсер етеді. Алайда бұл ұрпақтан идеализмге ұмтылуды байқауға болады – олар үшін жұмыс орны өмірлік «іс» болуы керек, сондықтан оларға әлеуметтік пакет маңызды емес. Және бұл жерде кеңесшілер жас адамдарға олардың өздерін қорғауы тиіс екенін түсіндіруі керек», - деп қорытындылады салық кеңесші.

Дереккөзі: https://moneywise.com/insurance/life/young-people-permanent-life-insurance

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы аннуитеттері туралы білуге қажет бес нәрсе
Зейнетақы аннуитеттері туралы білуге қажет бес нәрсе

Аннуитеттер-бұл сіздің зейнеткерлікке шығуды ...

Алғаш рет дің жасушаларынан адам жүрегін өсіру мүмкін болды
Алғаш рет дің жасушаларынан адам жүрегін өсіру мүмкін болды

Мичиган штатының Американдық университетінің...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру