Ал сол арада дәл осында жеңілдетілген сәйкестендіру аса қажет дейді Дубровин. Ол «Левада-Орталығы» (РФ) жүргізген сауалнаманың деректерін келтіреді, бұл деректерге сәйкес Ресей халқының үштен екі бөлігі жинақтарды мүлдем жасамайды, сондықтан олардың қиын жағдайда ешқандай қаржылық көпшігі жоқ. Бұл ретте БҚПЗО сауалнамалары бойынша жартысынан артығы қалай болғанда да әр түрлі қаржы құралдарымен таныс және оларды ұзақ мерзімді жинақтары үшін пайдалануға дайын болғандарын айтады. Егер мемлекет бұл салымдарға банктік салымға сияқты кепілдік беретін болса, әрине, және де қаржы ұйымдарына тең жағдай жасайтын болса, деп сарапшы атап өтті.
Оның пікірінше, адамдарда тұрақты жинақтарды құру бойынша неғұрылым көп мүмкіндіктері болса, біз дамыған елдердің тәжірибесіне жақындай түсеміз: азаматтар зейнетке шығу, пәтерді сатып алу немесе балаларының ЖОО-ға түсу туралы ой қорқытпағаны болар. Өмірді сақтандыру бойынша жан басына шаққанда орташа есеппен алғанда жылдық сыйлықақысы 2017 жылы — $1899, Ресейде — $43, Үндістанмен салыстырғанда бұл төмен (54).
Оның үстінен қазір сақтандырушылар ұзақ мерзімді жинақтар үшін қарапайым, қымбат емес, көпшілікке арналған сақтандыру бағдарламаларын белсенді түрде әзірлеуде. Егер адамдар болашақ зейнеткерлікке немесе балаларының оқуына өз жалақысынан аударымдарды жасағысы келсе, оған өз төлқұжатын көрсету және өз жеке басын сәйкестендіру үшін сақтандыру компаниясының кеңсесіне бару немесе сақтандыру агентімен кездесудің қажеті жоқ. Көптеген адамдар бұны қашықтықтан жасауды артық көреді. Дәл осындай жағдай өмірді сақтандыру полисімен де дәл солай болуы тиіс, деп Дубровин мырза есептейді.
Мұнда негізгі қиындық «Ақшаны жылыстатумен күресудің қаржылық шараларын әзірлеу тобының» (FATF) 10 халықаралық ұйымының ұсыныстарына сәйкес ақшаны жылыстату тәуекелімен байланысты. Алайда мұндағы тәуекелге бағытталған тәсілдеме қолданылады: егер ақшаны жылыстату қауіпі жоғары болса, онда қаржы ұйымы клиентті тексеруі тиіс, егер ондай қауіп жоқ болса, онда жеңілдетілген сәйкестендіруге жол беріледі. Бұл ретте топтың өзі 1 мың АҚШ долларынан/евродан кем жыл сайынғы сыйлықақысымен өмірді сақтандыру шарттары, қайта табыстау құқығысыз зейнетақы сақтандыру арқылы, сонымен қатар «мөлшері бойынша нақты анықталған және шектелген қаржы өнімдері» бойынша қаржыны заңсыз шығарудың, яғни ақшаны жылыстату мүмкіншілігі немесе мәні жоқ тәуекелдерді өте төмен деп санайды, дейді сарапшы. Бұл ретте, оның сөзінше, тіпті жеңілдетілген сәйкестендіру кезінде клиентті мол ақпаратты қамтитын бірыңғай деректер базасын (Ресейде бұл ЕСИА-Мемлекеттік қызметтер, СМЭВ) бірыңғай деректер базасы көмегімен клиентті тексеруге болады.
Дубровин мырза сақтандыру компанияларын тартумен клиенттерді жеңілдетілген сәйкестендіруді өмірді сақтандыру саласында енгізу мүмкіндігін құру үшін ақшаны жылыстату тәуекелдеріне масштабты бағалауды өткізуді ұсынады. Оның пікірінше, жеңілдетілген сәйкестендіру пайдасына ддәлелдер өте көп. Мысалы, өмірді жинақтаушы сақтандыру шартының орташа мерзімі – 10 жыл. «Ақшаны жылыстату үшін бұл тым ұзақ мерзім», – деп сарапшы есептейді.
«Мемлекет қаржы ұйымдарының қолдауымен бұл мәселемен күресу керек. Бірақ қазіргі жағдай сақтандырушылар және олардың бәсекелестері – ЖЗҚ және УК үшін тең емес жағдайды жасайды», – деп Виктор Дубровин қорытындылайды.
Дереккөзі: https://iz.ru/904680/viktor-dubrovin/v-budushchee-vziali-ne-vsekh
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.