bs-preloader__icon
ru kz

ӨСК сыйлықақылары 200 млрд теңгеден асып түсті

Өмірді сақтандыру секторы 2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша сыйлықақылар динамикасын ұлғайтты.
ӨСК сыйлықақылары 200 млрд теңгеден асып түсті

2020 жылдың қаңтар-қарашасында ӨСК-ның брутто-сыйлықақылары рекордтық 200,2 млрд теңгеге жетіп, 14,6%-ға (жылдан жылға) өсті. Осы кезеңге «Nomad Life» ӨСК 61,9 млрд теңгені жинады және 61 млрд теңге жинаған «Halyk life» ӨСК-ден жалпы жинақтар мөлшері бойынша ажырауды ұлғайтты. «Nomad Life» ӨСК автивтер мөлшері (207,6 млрд теңге) және сақтандыру резервтері (144 млрд теңге) бойынша ӨСК арасында көшбасшы болғанын айта кеткен жөн. Және ӨСК активтері мөлшері бойынша тіпті ҚР бүткіл сақтандыру нарығында сақтандыру резервтері бойынша ең ірі болып алдыға шықты.

Сақтандыру сегменттері туралы айтатын болсақ, онда өмірді сақтандыру ең ірі және тез өсетін сектор болып қалады. 2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша жылдық көріністе ӨСК жиынтық сыйлықақыларының үлесін 41,6%-ға дейін ұлғайтып, ол 83,2 млрд теңгеге жетіп, 23,1%-ға өсті. Он айдың қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақыларында өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар үлесі 40,9%-ды құраған.

Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың максималды портфелі «Halyk life» ӨСК-де қалады.

2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша ӨСК портфелі жылдық көріністе өсімді 1,8%-ға дейін үдетіп, 33,4 млрд теңгені құрады. Оң динамиканың үдеуіне қарамастан, «Halyk life» ӨСК басқа ӨСК сыйлықақыларының неғұрлым динамикалық өсуінен өмірді сақтандыру секторында нарықтағы үлесін 40,2%-ға дейін қысқартты.

Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың жылдық өсімі 27,9 млрд теңгеге дейін 129,5%-ды көрсеткен «Nomad Life» ӨСК оған 33,6%-ға дейін өмірді сақтандыру сегментінде нарықтық үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Компания өмірді сақтандыру секторында портфель көлемі бойынша екінші орынды алады.

«Еуразия сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру сегментінде ірі үшінші ойыншы болып қалады. 2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша ӨСК 15,7 млрд теңге жинап және өмірді сақтандыру сегментінде нарықтық үлесін 18,9%-ға дейін қысқартып, 20,7%-ға (жылдан жылға) сыйлықақылардың түсімін көрсетті.

Сыйлықақылардың тұрақты жоғары динамикасын көрсетуді «Standard Life» ӨСК жалғастырып отыр. 2020 жылдың қаңтар-қарашасында осы ӨСК-ның өмірді сақтандыру сегментінде сыйлықақылар өсімі 77,7%-ды (жылдан жылға) құрады, 2020 жылдың қаңтар-қазанында 79% (жылдан жылға) құрады, қаңтар-қыркүйекте ӨСК сыйлықақылары жылдық көріністе 78,4%-ға өсті. 2020 жылдың он бір айында «Standard Life» ӨСК сыйлықақылардың 1,5 млрд теңгесін жинады, нарық үлесі 1,8%-ға дейін өсті.

2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру секторы сыйлықақылардың оң динамикасын ұлғайтты. Жылдық өсім қаңтар-қазандағы (жылдан жылға) 6,6%-ға қарсы 7,8%-ды құрады. Абсолюттік цифрлармен сыйлықақылар 69,6 млрд теңгеге дейін өсті. Дегенмен, сыйлықақылардың динамикасы 2019 жылы бақыланған жоғары жылдамдықты қалпына келтіре алмауда. Өмірді сақтандыру секторымен салыстырғанда аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың баяу динамикасы оның ӨСК жиынтық сыйлықақыларында үлесінің төмендеуіне әкеледі. 2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша аннуитеттердің нарықтық үлесі 34,7%-ды құрады.

Аннуитеттік сақтандырудың құрамына кіретін зейнетақы аннуитеттер 2020 жылдың қаңтар-қарашасында 8,7% (жылдан жылға) өсімді көрсетіп, неғұрлым жанды қарқынмен өсті. Зейнетақы аннуитеттер бойынша ӨСК жиынтық портфелі ӨСК жиынтық сыйлықақыларында 32%-ды алып, 64 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы аннуитеттер сегментінің және аннуитеттік сақтандыру секторының көшбасшысы болып «Nomad Life» ӨСК қалады. 2020 жылдың желтоқсан айының басына аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК портфелі осы сегменттің 35,2%-ын алып, 24,4 млрд теңгені құрады. Зейнетақы аннуитеттері бойынша «Nomad Life» ӨСК портфелі желтоқсан айының басына 23 млрд теңгеге дейін өсті және зейнетақы аннуитеттері сегментінің 35,9%-ын құрайды.

Портфель көлемі бойынша екінші орынды «Halyk life» ӨСК алып отыр. Компания аннуитеттік сақтандыру бойынша 16,7 млрд теңге сыйлықақыларды (осы сақтандыру сегментінің 24% алады) және зейнетақы аннуитеттері бойынша 14,6 млрд теңге сыйлықақыларды  (осы сегменттің 22,8% алады) жинады. 2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ірі ӨСК үштігіне позициясын «Евразия» ӨСК бекітті. Аннуитеттік сақтандыру бойынша компанияның портфелі 9,1 млрд теңгеге дейін өсті және аннуитеттік сақтандыру сегментінің 13,1%-ын алады. Зейнетақы аннуитеттері бойынша «Евразия» ӨСК-нің портфелі 8,8 млрд теңгеге жетті және сегменттің 13,9% үлесін құрайды.

2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша «Жұмыс берушінің жауапкершілік аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар түсу жылдамдығын қысқартты. Осы сегментте ӨСК-нің жиынтық портфелі он айда сыйлықақылардың 11,9%-ға жылдық төмендеуіне және тоғыз айдың қорытындысы бойынша сыйлықақылардың 17,4%-ға (жылдан жылға) түсуіне қарсы 10,2%-ға (жылдан жылға) төмендеді. Ақшалай көріністе ЖЖА бойынша ӨСК-нің жинауы 4 млрд теңгені құрады.

2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша ЖЖА сегментінде көшбасшы «Halyk life» ӨСК болды. Бұл сегментте компанияның портфелі 1 197 млн теңгеге дейін өсті және ЖЖА сегментінің 29,7%-ын алады. Екінші орынға «Nomad Life» ӨСК шықты. Компанияның портфелі 1 192 млн теңгені құрады және ЖЖА сегментінің 29,6%-ын алады. Үшінші позицияда «KM Life» ӨСК болып қалады. 2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша оның портфелі 458,7 млн теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 11,4%-ға дейін ұлғайды.

2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті жылдық көріністе 34,7%-ға сыйлықақылардың жоғары өсімін көрсетті. ӨСК жинақтары 1,5 млрд теңгеден асты. Бұл сегментте жетекші рөл екі компанияға тиесілі. «Halyk life» ӨСК қаңтар-қазандағы 60,2%-ға қарсы сегментте нарықтық үлесін 57,8%-ға дейін қысқартып, 870,7 млн теңге сыйлықақыларды жинады. «Nomad Life» ӨСК сыйлықақылардың 305,8 мн теңгесін тартты және сегменттің 20,3%-ын алады. Үшінші орында позицияларын «KM Life» ӨСК бекітуді жалғастыруда. 2020 жылдың он бір айында ол 266,2 млн сыйлықақы жинады.  Нәтиже ӨСК-ге 2020 жылғы қаңтар-қазандағы 14,1%-ға қарсы 17,7%-ға дейін сегментте үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Басқа ӨСК-лердің сыйлықақыларының үдеуі есебінен сегментте екі көшбасшы-компаниялардың үлесі 2020 жылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша 2020 жылдың қаңтар-қазанындағы 81,8%-ға және қаңтар-қыркүйектегі 89,4%-ға қарсы 78,1%-ға дейін қысқарды.

ӨСК жинайтын жазатайым оқиғадан сақтандыру бойынша (ЖО) жинақтар мықты өсімді көрсетуді жалғастыруда. 2020 жылдың он бір айында ӨСК-нің бұл сегментте жиынтық сыйлықақылары 2019 жылдың қорытындысына 34,4%-ға өсті және 11,8 млрд теңгеден асты.

Жылдық көріністе 415,2%-ға сыйлықақылардың максималды өсімін портфельді 280,35 млн теңгеге дейін ұлғайтып, «Nomad Life» ӨСК көрсетті. Сыйлықақылардың тағы бір жақсы өсімі (344,8%) «Freedom Finance Life» ӨСК-де. Компанияның портфелі 2,9 млрд теңгеге дейін жетті, нәтиже ӨСК-ге 24,7% нарықтағы үлесімен ЖО сегментінде екінші орынды ұстап тұруға мүмкіндік берді.

2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша бірінші орында - «Halyk life» ӨСК. Олардың ЖО бойынша сыйлықақылар жинайтын бірінші ӨСК компаниясының портфелі 3 млрд теңгеден асты. Бұл ӨСК бөлігінде «Halyk life» ӨСК-ге ЖО бойынша сыйлықақылар сегментінде 25,5%-ды алуға мүмкіндік берді.

2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша үшінші позицияны ЕСК ӨСК ұстап отыр. 2020 жылдың қаңтар-қарашасында ол нарықтық үлесін 19,8%-ға дейін ұлғайтып және 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша ӨСК бөлігінде ЖО сегментінің18,4% үлесіне қарсы ЖО бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақыларында 17,2%-ға дейін төмендеп, әлі де портфелі 2 млрд теңгені құрайтын «KM Life» ӨСК озып, 2,3 млрд теңгені жинады.

2020 жылдың қаңтар-қарашасының қорытындысы бойынша ӨСК бөлігінде ЖО сақтандыру секторының шоғырлануы тұрақты болып қалады. Компаниялардың ірі үштігіне ӨСК бөлігінде жиналатын сыйлықақылардың 70% түседі.

ӨСК бөлігінде ауру жағдайына сақтандыру бойынша (ЕМС) сыйлықақылар үлкен қарқынмен өсуді жалғастырды және 2020 жылғы он бір айда жылдық көріністе 1 млрд теңгеден асып түсіп, 6051%-ға өсті. Сыйлықақыларды қалыптастыруда негізгі рөл «KM Life» ӨСК-де қалады. Компанияның портфелі 1 млрд теңгеден асты және сыйлықақылар сегментінің 93,9%-ын жинады. Алайда, ӨСК бөлігінде ЕМС бойынша «KM Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі басқа компаниялардың пайдасына шайылуды жалғастыруда. Осылайша, ЕСК ӨСК-нің үлесі сегментте 2020 жылғы қаңтар-қазандағы 2,97%-ға қарсы 3,53%-ға өсті, ал «Freedom Finance Life» ӨСК-нің үлесі 2020 жылғы қаңтар-қазандағы 1,28%-дан 1,35%-ға дейін ұлғайды.

«Қызметкерді еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар әлсіз қарқынмен өсуді жалғастыруда. 2020 жылдың он бір айының қорытындысы бойынша ӨСК сыйлықақылары 34,3 млрд теңгеге дейін 2,3%-ға өсті.

ЖОМС сегментінің сөзсіз көшбасшысы болып «Nomad Life» ӨСК қалады. Қаңтар-қарашада компанияның портфелі 9,19 млрд теңгеге дейін өсті және 2020 жылғы қаңтар-қазандағы 25,9% үлеске қарсы ЖОМС бойынша жиынтық сыйлықақылардың 26,7%-ын алады.

Екінші орында «Halyk life» ӨСК, оның портфелі 7,8 млрд теңгеге дейін өсті және қаңтар-қазанда 21,9%-дан 22,7%-ға дейін сегментте нарықтық үлесін кеңейтуге мүмкіндік берді. Үшінші позицияны 5,2 млрд теңге портфелімен «Евразия» ӨСК ұстап отыр, ол ЖОМС сегментінің нарықтық үлесін қайта төмендетті, бұл жолы 15,3%-ға дейін.

2020 жылдың қаңтар-қарашасының қорытындысы бойынша ӨСК-нің жиынтық активтері 581 млрд теңгеге дейін 37%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері 25,5%-ға ұлғайып, 410,7 млрд теңгені құрады. ӨСК-нің меншікті капиталы 106,7 млрд теңгеге дейін, 37%-ға (жылдан жылға) өсті.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтар өз зейнетақы жинақтарын қайда жұмсайды
Қазақстандықтар өз зейнетақы жинақтарын қайда жұмсайды

2021 жылы зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынш...

Адамдарды бай ететін бес нәрсе
Адамдарды бай ететін бес нәрсе

Бай адамдардың қаржылық жоспары бар және оны н...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру