Қызметтердің енуі нарық сегментінің сыйымдылығына сатулардың жалпы көлемінің арақатынасы түсініледі. Сақтандыру саласында – бұл сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-де үлесі. Қазақстанда сақтандырудың енуі жалпы әзірге өте үлкен емес, ол саланың макроэкономикалық көрсеткіштерімен бекітіледі. Сонымен, 2021 жылдың бірінші желтоқсанында сақтандыру секторында активтер үлесі ЖІӨ-де 2,29%-ды («өмірді сақтандыру» саласы бойынша - 0,97%); сақтандыру сыйлықақыларының үлесі ЖІӨ-де - 0,88%-ды («өмірді сақтандыру» саласы бойынша - 0,37%); халықтың жан басына сақтандыру сыйлықақысының ара қатынасы – 35 638 теңгені («өмірді сақтандыру» саласы бойынша – 14 915 теңге) құрады.
«Сонымен адамдар әр түрлі себептермен өз тәуекелдерін төмендету үшін сақтандырылмау (underinsured) мәселесі бар немесе мүлдем сақтандыру құралын пайдаланбайды, не тек міндетті полистерді алумен шектеледі. Дегенмен, өмірді сақтандырудың көмегімен адам қаржылай, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті», - деп пікір білдірді «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.
Жалпы, өмірді сақтандырумен Қазақстанның барлық жұмысқа орналасқан халқы қамтылған. Заңнамалық деңгейде әрбір жұмыс беруші өз қызметкерін жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. «Өмірді ерікті сақтандыруға қатысты болса, - шамамен 1,5 млн адамның өмірді сақтандыру полистері (зейнетақы аннуитеттерін қосқанда) бар, бұл барлық жұмысқа орналасқан халықтың 16%-дан көп емес. Бұл ретте 1,5 млн адамның үлкен бөлігі – ЕДБ кредит пакеті ұсыныстары аясында сақтандыру шарттарын жасаған өмірді және қарызгердің еңбекке қабілеттілігін сақтандыру бағдарламаларының клиенттері екенін ескеру маңызды, яғни, бұл жүктелген сақтандыру және оны ескеру дұрыс болмас. Негізінен, өмірді ерікті сақтандырудың ену деңгейі өте төмен. ҚР өмірді сақтандыру саласының ЖІӨ-де үлесі сәл ғана 0,5%-дан асады», - деп белгілейді «Nomad Life» ӨСК-нің басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
Бүгінгі күні республикада өмірді сақтандырудың ену деңгейіне шамамен 90-жылдардың аяғында басталған өмірді сақтандыру нарығының даму басынан қарайтын болсақ, таң қалдырады, бірақ сонымен қатар дамыған елдермен салыстырғанда әзірге жеткіліксіз. Рейтингілік агенттіктерден деректерге сәйкес 2021 жылы сақтандыру сыйлықақысының-брутто үлесі Қазақстанның ЖІӨ-де 0,2%-ға жуықты құрады, ал сол уақытта экономикасы дамыған Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 13%-ға дейінді құрайды. «Бұл себептердің бірқатарымен түсіндіріледі, олардың негізгілері мыналар болып табылады: адамдардың сақтандыру өнімдеріне сенбеуі (әдетте өмірді сақтандыру шарттары ұзақ мерзімді кезеңге жасалады); халықтың төмен табыс деңгейі және болашақта қаржылық тұрақтылыққа сенімсіздік; жоғары инфляция; бағалы қағаздар нарығының жеткіліксіз дамуы және тиісінше өмірді жинақтаушы сақтандырудың негізгі сақтандыру өнімдерінің шектеулі инвестициялық мүмкіндіктері; қаржылық сауатсыздық, қаржы қызметтерінің шекті тізбесі және өмірді сақтандыру бағдарламалары туралы әлсіз хабардарлығы және т.б.», - дейді «Халык-Life» ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов.
Дегенмен, өмірді сақтандыру дамып жатыр, маңызды көрсеткіштердің бірі жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі болып табылады. Өткен жылы Freedom Finance Life ӨСК 30 бен 65 жас аралығында қазақстандықтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген болатын. Өмірді сақтандыру шарттарын рәсімдеген сауалнамаға жауап берушілердің 37%-ы 35-45 жастағы адамдар екені анықталды. 33% –50 жастан жоғары, ал 20% – 35 дейін жас санатындағы адамдар. Барлығынан сақтандыруға 45 пен 50 жас аралығындағы қазақстандықтар сирек қызығушылық білдірген. Сауалнамаға жауап берушілердің арасында 73%-ы өмірді жинақтаушы сақтандыруды (ӨЖС) таңдайды. 27%-ы тәуекелді өнімдерді қалайды: COVID-19-дан, ауыр аурулардан (қатерлі ісік және жүрек-қан тамыр аурулары) сақтандыру, туристтік сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру. «Жауап алу барысында біз қазақстандықтар 1 мың долларға дейін ең төменгі жарнамен өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарын жиі жасайтынын анықтадық. Осылай сауалнамаға жауап берушілердің 83%-ы жауап берді. 10 мың долларға дейін жарнамен бағдарламалар сауалнамаға жауап берушілердің 10%-ын, ал 20 мыңнан бастап 50 мың долларға дейін жарнамен- 7%-ын қызықтырады», - деп бөлісті «Freedom Finance Life» ӨСК басшысы Азамат Ердесов.
Нарық келешегі
Жалпы шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның сақтандырудың әлемдік жалпы көлемде үлесі 1%-дан кемді құрайды, сондықтан дендеп ену үшін келешек өте зор. «Болашақ жақсы, бірақ айта кетерлігі, ол біртіндеп жылжитын болады. Мысалы, 2021 жылы күшіне енген өмірді сақтандыру бойынша салық жеңілдіктері нарықтың одан әрі өсуіне ықпал ететін болады. Білім беруге баланың пайдасына өмірді сақтандыру өнімі бойынша жинақтаушы сақтандыруды қаржыландыру секілді, МБЖЖ аталатын жаңа өнімдердің нарыққа күтіп отырған шығуы да өз әсерін береді», - деп болжамымен бөлісті Виталий Любимов.
Өмірді сақтандырудың енуі көптеген жағдайда халықтың нақты табыс деңгейіне байланысты. Бұдан бөлек, өмірді сақтандыру – ұзақ мерзімді түр, полис 3 жылдан 20 жылға дейін мерзімге жасалады, сондықтан саланың сену мәселесі әрқашан өзекті болады. «Сақтандырушыларға осы бағытта жұмыс істеу қажет: беделіне, сервиске, өнімдерге, салада қалыптасатын және сұраныс пен ұсыныстар деңгейінде сипатталатын, экономикалық жағдайдың өзгерістеріне жедел әрекет ету, - деп түсіндіреді Гүлжан Жақсымбетова. – Жалпы сақтандыру секторы бойынша сарапшы болжам оң, соңғы бірнеше жылда біз саланың өсімін және негізгі басты көрсеткіштердің өсімін көріп отырмыз. Сонымен, халықтың табысының өсуіне қарай өмірді сақтандыру өнімдерін сатып алуға шығындар үлесі өсетін болады, ол сақтандыру сыйлықақылары көлемінің және ЖІӨ-да үлестің ұлғаюына әкелетін болады».
Сонымен қатар, өмірді сақтандыру қызметтерінің ену деңгейіне мемлекеттік бағдарламалардың болуы және саланы қолдау да әсер етеді.
«Ену деңгейі қаржылық сауаттылық деңгейіне, қаржылық тәртіпке және мүмкін өте маңызды – заңнамалық базаның тұрақтылығына байланысты, өмірді сақтандыру шарттары әдетте өмірді жинақтаушы сақтандыру ұзақ мерзімді екені белгілі, олар 2 жылдан 15 жылға дейін мерзімге жасалады және орта және ұзақ мерзімді болашақта, әдетте, ірі сатып алуларды қаржыландыру үшін, мысалы, балалардың білім алуына ақы төлеу үшін жинақтарды қалыптастыруға бағытталған», - деді Қайрат Чегебаев.
Сурет ашық дереккөздерден