bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандырушылардың активтері бір триллион теңгеден асты

2018 жылдың 11 айы ішінде сақтандыру компанияларының активтері 8,6%-ға өсті, деп afk.kz хабарлайды.
Сақтандырушылардың активтері бір триллион теңгеден асты

Қазақстандық сақтандыру компанияларының активтері оң динамикасын көрсетуді жалғастыруда, желтоқсан айының басына қарай алғаш рет бір триллион теңге – 1 004,8 млрд теңге шегінен асты. Қараша айындағы өсу 14,4 млрд теңгені құрады, ал 2018 жылдың 11 айы ішіндегі өсу 79,5 млрд теңгені құрады.

Дереккөзі: ҚР ҰБ

Қараша айындағы сектордың жиынтық сақтандыру қорлары 484,8 млрд теңгеге дейін, 9,4 млрд теңгеге өсті, ал жылдың басынан орын алған өсім 24,2 млрд теңгені немесе 5,3%-ды құрайды. Сақтандыру қорларына сектордың барлық міндеттемелерінің 90,4% шақ келетінін атап өткен жөн.

Сол арада сақтандыру компанияларының өзіндік капиталы пайданы капитализациялау негізінде өсуін жалғастырады. Осылайша, сақтандыру компанияларының өзіндік капиталы жылдың басынан 468,2 млрд теңгеге дейін 13,7%-ға артты, ал жарғылық капитал 233,4 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға ғана өсті. Өзіндік капиталдың өсімі бойынша көшбасшы Еуразия СК болып табылады – 143,3 млрд теңгеге дейін 31,0%.

Қараша айында тартылған сақтандыру сыйлықақысының жиынтық мөлшері 347,1 млрд теңгеге дейін 29,4 млрд теңгеге артты. 2017 жылдың 11 айымен салыстырғанда, сыйлықақының сомасы 5,7%-ға азайды. Сол арада сыйлықақылардың 82,4 млрд теңгесі қайта сақтандыруға тапсырылған еді, ал бір жыл бұрын бұл сома 124,1 млрд теңгені құраған. Осылайша, биылғы жылда сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы 20,5%-дан жоғары және 264,7 млрд теңгені құрайды. Сол арада ерікті жеке сақтандырудың барлық түрлері бойынша алымдар өсуде – плюс 23,2 млрд теңгеге артты, ал ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылары – минус 23,8 млрд теңгеге төмендеді.

Дереккөзі: ҚР ҰБ

2018 жылдың 11 айы ішінде сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері 83,0 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы жылғы осыған ұқсас кезеңі үшін төлемдердің мөлшерінен 4,9%-ға артық болды. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары бойынша төлемдерді есепке ала отырып, сақтандыру төлемдерінің таза сомасы 74,2 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 9,7%-ға артық. 2018 жылда жеке сақтандырудың ерікті түрлері бойынша (-8,2%) және сақтандырудың міндетті түрлері бойынша (-9,2%) төлемдер азайды, бірақ ерікті мүліктік сақтандыру бойынша төлемдер еселене түсті (+42,3%).

2018 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша сақтандыру секторының таза пайдасы 78,8 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,3 млрд теңгеге артық болды. Бұл ретте сектордың ROAA көрсеткіші 5,8%-дан 8,0%-ға дейін жақсарды. Сектордың 2017 жылғы таза пайдасы бір жыл бойында 57,4 млрд теңгенң құрады. Сол арада негізгі қызметтен сектордың кірістері 3,5%-ға 252,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал инвестициялық қызметтен түскен кірістер 42,3%-ға 78,4 млрд теңгеге өсті. Дәл сол кезде сақтандыру секторындағы компаниялардың жиынтық шығындары тек қана 1,7%-ға 243,6 млрд теңгеге дейін (КТС есепке алмай) артты.

Дереккөзі: http://www.afk.kz/ru/analytics/monitor-nbrk/aktivyi-straxovshhikov-prevyisili-odin-trillion-tenge.html

Фотосурет: Сравни.ру сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әрбір 10-ыншы ресейлік қана өз балаларына ақылы білім беруге қауқарлы
Әрбір 10-ыншы ресейлік қана өз балаларына ақылы білім беруге қауқарлы

Ресейліктердің шамамен 22%-ы балаларына ақылы б...

Дағдарыс бөгет емес
Дағдарыс бөгет емес

2020 жылдың алғашқы бес айында ӨСК түсім бойынша...

Өмірді сақтандыру: жыл қорытындылары және болжам
Өмірді сақтандыру: жыл қорытындылары және болжам

Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі өм...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру