bs-preloader__icon
ru kz en

ӨСК позицияларын қалпына келтірді

ӨСК 2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша сыйлықақылар динамикасын ұлғайтты.
ӨСК позицияларын қалпына келтірді

ӨСК-ның брутто-сыйлықақылары 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 158,6 млрд теңгеге жетіп (жылдан жылға), 14%-ға өсті. Салыстырмалы түрде, жылдық көрініспен қаңтар-тамызда ӨСК-ның брутто-сыйлықақылары 10,1%-ға, қаңтар-шілдеде – 6,2%-ға өсті.  
Өмірді сақтандыру секторы нарықтың драйвері болып қалады және тоғыз айдың қорытындысы бойынша өте жақса нәтиже көрсетті. Сыйлықақылар 63,2 млрд теңгеге жетіп, 19,4%-ға (жылдан жылға) өскен. Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың максималды портфелі «Halyk life» ӨСК-да.

2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ӨСК-ның портфелі соңғы екі айдың құлауын тоқтатып 0,6%-ға жылдық өсімін көрсетіп, 26,4 млрд теңгені құрады. Дегенмен, динамиканы қалпына келтіру өмірді сақтандыру секторында «Halyk life» ӨСК-ның нарықтық үлесінің кеңеюіне әкелген жоқ. Үлес 41,9%-ға дейін қысқарған, ал сол кезде сегіз айдың қорытындысы бойынша үлес 42,7%-ды құраған.

Портфель көлемі бойынша өмірді сақтандыру секторында екінші позицияны «Nomad Life» ӨСК алады. Компания 19,8 млрд теңгені жинап, 122,3% сыйлықақылардың айтарлықтай динамикасын көрсетті. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Nomad Life»-тың өмірді сақтандыру бойынша жиынтық сыйлықақыларының үлесі 31,4%-ға дейін өскен. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) сыйлықақылар көлемін қысқарта отырып, өмірді сақтандыру секторында үшінші позицияда қалып отыр. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша сыйлықақылар 12,4 млрд теңгені құрап, 2019 жылдың осы кезеңіне 22,1%-ға азайған. Өмірді сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақыларында ЕСК-ның үлесі сондай-ақ төмендеуді жалғастыруда. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 2020 жылдың қаңтар-тамыздың қорытындысы бойынша 20,1%-ға қарсы 19,6%-ды құрады. Сыйлықақылардың тұрақты жоғары өсу қарқыны «Standard Life» ӨСК-да екенін айта кеткен жөн. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша сыйлықақылар жылдық көріністе 1 млрд теңгеден асып, 78,4%-ға өскен. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өмірді сақтандыру бойынша ӨСК-ның жиынтық портфелі бір жыл бұрын 38%-ға қарсы ӨСК-ның жиынтық жинауында 39,9%-ды алды.

2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру сыйлықақыларын өсіруді жалғастыруда. Жылдық өсім 9,2%-ға (сегіз айдың қорытындысы бойынша өсім 4,4%-ды құрады) дейін өскен. Абсолюттік цифрлармен сыйлықақылар 55,2 млрд теңгеге дейін өскен. Алайда, аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылар өмірді сақтандыру бойынша қарағанда кемірек серпінді өсуде, сондықтан 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ӨСК-ның жиынтық сыйлықақыларында аннуитеттік сақтандырудың үлесі 2019 жылдағы 36,3%-ға қарсы 34,8%-ға дейін төмендеген.

Аннуитеттік сақтандырудың құрамына кіретін зейнетақылық аннуитеттер 11,1%-ға серпінді көрсетіп, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өз өсуін бекітті. Зейнетақылық аннуитеттер бойынша ӨСК-ның жиынтық портфелі 51,1 млрд теңгені құрады және бір жыл бұрынғы 33%-ға қарсы ӨСК-да жиынтық сыйлықақыларда 32,2%-ды алады.

Зейнетақылық аннуитеттер сегментінің және аннуитеттік сақтандыру секторының көшбасшысы болып «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 2020 жылдың қыркүйек айының аяғына аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК-ның портфелі осы сегменттің 36,7%-ын алып, 20,2 млрд теңгені құрады. Зейнетақылық аннуитеттер бойынша «Nomad Life» ӨСК-ның портфелі дәл осы күнге 19 млрд теңгені құрады, ол зейнетақылық аннуитеттер сегментінің 37,4%-ын құрайды. 

Портфельдер көлемі бойынша екінші орында  - «Halyk life» ӨСК. 2020 жылдың қырқүйек айының аяғына компания аннуитеттік сақтандыру бойынша (сақтандырудың осы сегментінің 24,8%-ын алады) 13,7 млрд теңге және зейнетақылық аннуитеттер бойынша (осы сегменттің 23,7%-ын алады) 12,1 млрд теңге сыйлықақылар жинады.

2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК-ның ең ірі үштігіне «Евразия» ӨСК кірді. Аннуитеттік сақтандыру бойынша компанияның портфелі 6,9 млрд теңгені (аннуитеттік сақтандыру сегментінің 12,6%), зейнетақылық аннуитеттер бойынша 6,7 млрд теңгені (сегментте 13,2% үлесі) құрады. Сегментте бұрын үшінші орынды алған «Standard Life» ӨСК төртінші орынға орналасты. Компания аннуитеттік сақтандыруда 6,5 млрд теңгені жинады және осы сегменттің жиынтық сыйлықақыларында 11,9%-ды алады.

2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Жұмыс берушінің жауапкершілік аннуитеттері» (ЖЖА) класы бойынша сыйлықақылар 17,4%ға (жылдан жылға) теріс серпінді көрсетті. Дегенмен, 2019 жылдың қорытындысына қарай түсу 121,5%-ды құраған кездегі, қаңтар-тамыз айларының нәтижелерімен салыстырғанда сыйлықақылардың құлауы айтарлықтай тоқтаған. Ақшалай көріністе ЖЖА бойынша ӨСК-ның жинағы 3 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ЖЖА сегментіндегі көшбасшылар үштігінде өзгерістер болды. Бірінші орынға қайтадан «Nomad Life» ӨСК жайғасты. Портфель ЖЖА сегментінің 29,2%-ын алып, 889,8 млн теңгені құрады. Екінші орынға ЖЖА сегментінің 29%-ын алып, 885,1 млн теңге портфельмен «Halyk life» ӨСК орналасты.

Төртінші орыннан үшінші орынға «KM Life» ӨСК ауысты. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша оның портфелі ЖЖА сегментінің 10,5%-ын алып, 321,2 млн теңгені құрады. Бұрын үшінші орынды алған «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК (МАК) 264,5 млн теңге портфелімен сегментте 8,7%-ға дейін нарықтық үлесін қысқартты.

2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті жылдық көріністе 19,1%-ға сыйлықақылардың өсуін көрсетті. ӨСК-ның жинағы 1,1 млрд теңгеден асты. Осы сегментте сыйлықақылардың жинағын «Halyk life» ӨСК анықтайды, ол сегментте 64,7%-ға дейін нарықтық үлесін ұлғайтып, 715 млн теңге сыйлықақы жинады және «Nomad Life» ӨСК анықтайды, ол 273,8 млн теңгені жинады және сегменттің 24,8%-ын алады. Сегментте көшбасшы-компаниялардың үлесі 89,5%-ға дейін өсті. Үшінші орынды 6% нарықтық үлеспен «KM Life» ӨСК алады. Ол 66,4 млн теңге сыйлықақы жинады. Төртінші маңызды ойыншы болып нарықтың 4,2% үлесімен «Freedom Finance Life» ӨСК қалады. Бұл компанияның портфелі 45,9 млн теңгені құрады.

ӨСК жинайтын, жазатайым оқиғадан (ЖО) сақтандыру бойынша жинақтар айтарлықтай өсімді көрсетуді жалғастыруда. 2020 жылдың тоғыз айында ӨСК-ның осы сегменттегі жиынтық сыйлықақылары 9,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың қорытындысына 41,2%-ға көбірек. Сыйлықақылардың 2602,2%-ға (жылдан жылға) ең жоғары өсімін портфельді 207,2 млн теңгеге дейін ұлғайтып, «Nomad Life» ӨСК көрсетті.

Басқа сыйлықақылардың керемет жылдық өсімі (389,1%) «Freedom Finance Life» ӨСК-да. Компания портфелі 2,1 млрд теңгеге жеткен, нәтиже нарықтың 22,1% үлесімен ЖО сегментінде үшінші орыннан екінші орынға көтерілуге мүмкіндік береді. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша бірінші орынды «Halyk life» ӨСК алып отыр. Ол сыйлықақылардың 2,6 млрд теңгесін жинады және ӨСК тұрғысында ЖО сегментінде 26,7%-ды алады. Үшінші орынға «KM Life» ӨСК ауысты. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ол қаңтар-тамыздағы 22,5%-дан 20,6%-ға дейін нарықтық үлесін азайтып, 2 млрд теңгені жинады.

ӨСК тұрғысында ЖО сақтандыру секторының шоғырлануы түсуді жалғастыруда. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігі 2020 жылдың сегіз айына 72,1% сыйлықақыларға қарсы және 2019 жылдың осы кезеңінде екі көшбасшы компаниялар жинайтын сыйлықақылардың 93%-на қарсы сыйлықақылардың 69,5%-ын жинады.

2020 жылдың тоғыз айында ӨСК тұрғысында ауырған жағдайда (ЕМС) сақтандыру бойынша сыйлықақылар «KM Life» ӨСК-ның күш салуының арқасында 915,2 млн теңгеге дейін жылдық көріністе 6274,7%-ға өскен. Компанияның портфелі 876,9 млн теңгені құрады және сыйлықақылар сегментінің 95,8%-ын жинады. 2020 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда «KM Life» ӨСК-ның нарықтық үлесі басқа компаниялардың пайдасына төмендеді. Осылайша, «Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК-ның (ЕСК) үлесі қаңтар-тамызда 0,92%-дан 1,88%-ға дейін, «Freedom Finance Life» ӨСК-ның үлесі тиісінше 1,28%-дан 1,30%-ға дейін өсті.

«Қызметкерді еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» секторында (ЖОМС) сыйлықақылар әлсіз серпінді көрсетуді жалғастыруда және 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 2,8%-ға жылдық көріністе 29,3 млрд теңгеге дейін өсті.

ЖОМС бойынша 7,4 млрд теңгеде ең ірі портфель «Nomad Life» ӨСК-да қалады және ЖОМС бойынша жиынтық сыйлықақыларда 25,2% үлесті алуға мүмкіндік береді. Екінші орында сыйлықақылардың 6,59 млрд теңгесін жинаған «Halyk life» ӨСК және ЖОМС сегментінің 22,5%-ын алады. Үшінші орынды 4,6 млрд теңге портфельмен және ЖОМС сегментінің 16%-ын алып отырған «Евразия» ӨСК алып отыр. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ӨСК-ның жиынтық активтері 566,5 млрд теңгеге дейін 42,7%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері 25,3%-ға ұлғайып, 399,6 млрд теңгені құрады. ӨСК-ның меншікті капиталы 105,99 млрд теңгеге дейін, 61,3%-ға (жылдан жылға) өскен.  

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сізге өмірді сақтандырудың қанша мөлшері қажет
Сізге өмірді сақтандырудың қанша мөлшері қажет

Өмірді сақтандырудың қажетті көлемін анықтау ...

Зейнетақы жинақтарының орташа жылдық өсу қарқыны 19% -ды құрайды
Зейнетақы жинақтарының орташа жылдық өсу қарқыны 19% -ды құрайды

БЖЗҚ инвестициялық портфель құрылымындағы ва...

Өмірді инвестициялық және жинақтаушы сақтандыру қалай ерекшеленеді
Өмірді инвестициялық және жинақтаушы сақтандыру қалай ерекшеленеді

ӨИС немесе өмірді инвестициялық сақтандыру-бұ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру