bs-preloader__icon
ru kz en

Ерлан Бурабаев: «Өмірді сақтандыру саласының Қазақстанда болашағы зор»

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Қор және сақтандыру секторын дамыту орталығының Басқарушы директоры Ерлан БУРАБАЕВ LifeInsurance берген сұхбатында неліктен өмірді сақтандыру тиімді болғаны, және мемлекет республикамызда өмірді сақтандыру саласының дамуына түрткі беріп өзіне және азаматтарға қалайша көмектесе алатындығы жайлы айтып берді.
Ерлан Бурабаев: «Өмірді сақтандыру саласының Қазақстанда болашағы зор»

- Ерлан, бүгінгі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының даму деңгейін Сіз қалай бағалайсыз?

- Әзірше, жеткілікті деңгейде емес, деп есептеймін. Өмірді сақтандыру компаниялары азаматтардың, олардың отбасыларының әлеуметтік қорғалуы деңгейін көтеруге мүмкіндік бергенімен, сонымен мемлекетке әлеуметтік жүктемені төмендетеді. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан бізге еліміздегі өмірді сақтандыру саласының дамуын ынталандыру қажет.

Өткен жылы, жалпы соңғы бірнеше жыл ішінде біз өмірді сақтандыру үлесін арттыру бойынша трендін, басқа секторлармен салыстырғанда өте жоғары өсу қарқындарын байқап отырмыз. Өмірді сақтандыру компанияларының динамикалық өсуі жалғасатынына сенімдімін.

- Кеңес кезеңінде азаматтардың барлығы дерлік өз өмірін сақтандырып келді. Сіз өмірді сақтандыруға сұраныстың кейінгі төмендеп қалуы КСРО-ның құлдырауымен байланысты деп ойлайсыз ба?

- КСРО-да өмірді сақтандырудың танымалдылығын оның пайдалы болуымен түсіндіруге болады: қор жинау мүмкіндігі, оған қоса сақтандыру қорғалуы. Ол кезде, қазіргі кездегідей өмірді сақтандыру ада мен оның отбасының мүдделерін қорғайды. Кеңес Одағының құлдырауынан кейін халықта өмірді сақтандырумен айналысатындай қаражаты жоқ еді. Қазіргі кезде жаңа заң жобасына сәйкес осы салада сондай-ақ кепілдіктер енгізілуде, сондықтан ол депозиттерден кем болмайды.

- Сарапшылардың сөзінше, қазақстандықтар инвестициялаудың қысқа мерзімдеріне үйреніп қалды, ал өмірді сақтандыруда өнімдер 10 және одан көп жылға дейін салым салуды көздейді. Сондықтан біздің азаматтарымызға ұзақ мерзімді инвестициялардың артықшылықтарын түсіндіру қажет дейді сарапшылар...

- Мен жоғарыда айтқанымдай, өмірді сақтандыруда, қаражат жинау мүмкіндігінен басқа, өмірді сақтандыру факторы бар, сондықтан сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, ӨСК клиенті немесе оның отбасы, жиналған қаражатқа қарамастан толық сақтандыру сомасын алады. Және бұл маңыздырақ. Сол депозиттен тиімдірек болады. Алайда жалпы, Сіздікі де дұрыс, халыққа ұзақ мерзімді инвестициялаудың, өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтары туралы ақпаратты жеткізу қажет.

Жаңа өнімді енгізу қарастырылған заң жобасы – unit link – өмірді инвестициялық сақтандыру  Парламент Мәжілісімен мақұлданып, Сенатқа әрі қарай қарастыру үшін тапсырылды.

Өзім unit link – бұл тек қана ақша табуға ғана емес, сонымен қатар клиенттерді қорғауға мүмкіндік беретін жақсы өнім, деп қосар едім.

- Қазақстандықтардың менталитетінде: «Өмірді сақтандырудың не қажеті бар, болашақта жаманшылықты болжауға болмайды» деген пікір бар. Сіз бұған не айтасыз?

- (күліп). Менің ойымша, бұл сұраққа жауап «өмір» деген сөзінің ішінде жатыр, бұл біз үшін ең қымбат, сондықтан өзіне, өз туыстарыңа және жақындарыңа қатысты жауапты болуы тиіс. Әрине, халық арасында «Құдай сақтасын!» деп айтылатыны рас, ия, расында, бәрі Құдайдың қолында, бірақ бір жағдай болып қалса, адам немесе оның отбасы үлкен қаржы қиындықтарға тап болуы мүмкін. Өз өмірін сақтандырып алып, сіз ештеңкеден айырылмайсыз ғой, тек өз қорғалу деңгейіңізді көтересіз.

Адамдар неліктен жолды жасылға өтеді? Бұл жай ғана ереже емес қой, бұл қауіпсіздік. Иә, әр түрлі жағдай туындауы мүмкін, бірақ өзіңді және өз туыстарыңды сақтандыру арқылы ықтималды қаржы мәселелерден қауіпсіздендіру қажет. Шетелде адам өз өміріне жауапты екенін нақты түсінеді, сондықтан сақтандыру мәселелеріне саналы түрде қарайды.

Мен әдетте айтамын: сіздің ата-анаңыздан кейін сіздің сақтандыру компаниясы сияқты басқа ешкім сіздің қауіпсіздігіңізді ойламайды.

- Сіз сақтандыру нарығында өткен жылы және осы жылдың басында қандай негізгі үдерістерді байқадыңыз?

- Сақтандыру нарығы басқа секторларға қарағанда өсіп келеді, өмірді сақтандыру өте жоғары қарқынды көрсетті, бұл қуантарлық жәйт. Өмірдің дамуы мен сақтандыруын көздейтін сақтандыру мәселелері бойынша заң қабылданғаннан кейін, біз бұдан да жоғары қарқынды көреміз деп ойлаймын.

- Сіздің ойыңызша, өткен жылда ӨСК сыйлықақыларын жинаудың өсуі немен байланысты болған?

- Зейнетақы аннуитеті және ҚЖОМС – қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру сияқты өнімдер бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Егер, жалпы, өткен жылда сақтандыру нарығы бойынша  3% пайызды құраса, онда өмірді сақтандыру бойынша біз 20% пайызға өсуін байқап отырмыз, аннуитеттік сақтандыру бойыша –  17% пайызға, ҚЖОМС бойынша –  10% пайызға өсті. Бұл адамдар аннуитеттік сақтандыруға жоғары қызығушылық таныта бастағанымен байланысты болды деп есептеймін, зейнетақы қамтамасыз етумен байланысты өнімдерге де сұраныс арта бастады, оның үстіне зейнетақы аннуитеттері өмір бойғы төлемдерді кепілдендіреді.  Банктер де өз қарызгерлерінің өмірін сақтандыру мәселесінде қызығушылық танытады, қарызгер жазатайым оқиғаға түскен кезінде клиенттерді үйден щығармай, сотқа бермей-ақ, компаниядан сақтандыру өтемақысын ала алады.

- Өмірді сақтандыру саласындағы қандай өнімдерді біздің елде дамыту қажет, деп ойлайсыз?

- Біз осы жылы заң жобасын қабылдау өмірді сақтандыру нарығына, жоғарыда мен айтқан, сақтандырудың жаңа өнімі – unit link өмірді инвестициялық сақтандыру үлкен бір түрткі болады деп болжап отырмыз. Батыста бұл халық арасындағы кең тараған өнімдердің бірі.

- Халықтың төмен қаржылық сауаттылығынан басқа, Сіздің ойыңызша, Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларының дамуына қандай факторлар кедергі болып тұр?

- адамдарды өмірді сақтандыру өнімдеріне қызықтыру қажет. Бұл тұрғыдан мемлекеттің сыйлықақы бөлігіне қатысуы көмектесер еді. Мысалы, «Тұрғынқұрылысжинақбанкі» немесе «Қаржы орталығының» үлгісі, мұнда депозит ашқандар мемлекет тарапынан сыйлықақы алады. Бұл сыйлықақыларға қаражаттың бір бөлігін жолдау арқылы келешекте мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік шығындарын қысқартуға мүмкіндік беретін еді. Мұндай бағдарлама халықтың өмірді сақтандыру өнімдеріне сұранысын ынталандыратын еді.

- Осы нарықты қолдау бойынша ҚҚҚ осы жылға қандай міндеттерді қояды? Сіз сақтандыру мәселелері бойынша жаңа заң жобасының әзірлеуіне және жылжуына тікелей қатыстыңыз. Бұл жұмыс қаншалықты қиын болды?

- Жалпы, біз осы мәселеде мемлекеттің қолдауын көріп отырмыз, сондықтан қиындық болмады. Келешекте мемлекет өмірді сақтандыруға бұдан да үлкен қызығушылық танытады деп ойлаймын, өйткені әлеуметтік жүктемені бизнеске аудару және азаматтардың өздерінде өзіндік қорғалуын ынталандыру мүмкіндігін береді. Әсіресе, егер мемлекеттен сыйлықақы түрінде ынталандыру шаралары қабылданатын болса.

Қазір біз жаңа заң жобасымен жұмыс жасап жатырмыз, онда өмірді сақтандыруды әрі қарай дамыту мәселелері де қаралады.

- Нақты қандай мәселелер?

- Әзірше олар тек талқылау үстінде, бірақ біз мемлекеттен салық стимулдары, сыйлықақылары, кепілдендіру жүйелерін жетілдіру мүмкіндігі туралы ойластырып отырмыз.

- Иә, Батыста, тәжірибе көрсеткендей, салық стимулдары ӨСК өнімдеріне сұранысты көтеруде жақсы жұмыс жасайды екен.

- Қайткенде де, бұл мәселеге кешенді түрде қарау керек. Салықтар осыншама әсер беретіндігіне кепілдіктер жоқ. Бұл орайда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, белгілі бір бағдарламаларды оңтайландыру да маңызды болмақ. Сондықтан біз сақтандыру тұтынушыларға да, мемлекетке де, бүкіл қаржы секторына қызықты болатындай етіп түрлі нұсқаларды қарастырамыз.

- Дәстүр бойынша бүкіл қаржы, экономика тұрғыдан белсенді азаматтар біздің екі астанамызда, сонымен қатар республиканың кейбір ірі қалаларында өмір сүреді, ал өңірлер өте енжар, немесе оларға тиісті ақпарат жетпей жүрген шығар. Бұл жағдайда қандай шара қолдану қажет?

- Сіз өте маңызды мәселені көтеріп жатырсыз. Бұл ақпаратты тек жеткізіп қана қоймай, адамдар оның мәнін түсініп, салыстыра алатындай етіп жасау қажет. Сондай-ақ өңірлерде жалақылары аса жоғары еместігін де ескеру қажет.

Айтпақшы, жаңа заң жобасында сақтандыру компаниясының өңірде өкілділігі жоқтығына қарамастан, сақтандыру өнімдерін онлайн режимінде сатып алуға мүмкіндік беретін онлайн-сақтандыруды дамыту қарастырылған.

Біз өмірді сақтандыруға өңірлердің де белсенді қатысуын қалап отырмыз, сондықтан, әрине, олардың назарларына да қажетті ақпаратты жеткізіп отырамыз. Оларда сол ақпаратты пайдалану мүмкіндіктері бар ма, мәселе осында. Сондықтан біз өңірлерде сақтандырудың осы сегментінің, ірі қалалардағыдай қарқынды өсуіне емес, белгілі деңгейге дейін өсуіне үміттеніп отырмыз.

- Ерлан, Сіз өзіңіздің жұмыс ерекшелігіне байланысты өмірді сақтандыру компанияларымен белсенді түрде өзара қарым-қатынаста боласыз, Қазақстанда 7 өмірді сақтандыру компаниясы бар. Сіз нарықтағы жағдайды білесіз. Халықпен жұмыс жүргізгеннен басқа, тағы қандай жақтарға назар аударту қажет?

- Менің ойымша, осы компаниялардың көбісі қазіргі кезде нарықты, оның ішінде шетелдік нарықты да, перспективалы болып танылуы мүмкін сақтандыру өнімдерін зерттеп келеді. Компаниялар жаһандық сандық жүйеге көшіруді ескере отырып, жаңа технологияларды алға жылжыту қажет. Біз қазір заңнамада тиісті тармақтарды енгізе отырып, компаниялардың технологиялық деңгейге дейін көтеру үшін жағдай жасаймыз. Осы мәселеде көптеген компаниялар озып, заңнамаға қандай да бір өзгерістерді енгізуді ұсынады.

Жалпы, сақтандыру компаниялары өте белсенді, олар нарық дамуының қазіргі деңгейі жеткілікті емес, оның перспективалары, оның ішінде табыстардың өсімі де өте жоғары. Ал нарықтың өсуінен компаниялар да, тұтынушылар да жеңеді. Біз ДСҰ-ға, БЭК-ке ендік, бізге шетел компаниялары келуі мүмкін, сондықтан технологиялық дамуға үлкен назар аудару керек. Екінші жағынан біздің компанияларға көмек ретінде біздің заңнамамыз, біз өмірді сақтандыру саласында кепілдендіру жүйесінің енгізілуін күтудеміз.

Анықтама

Ерлан Бурабаевтың Қазақстанның қаржы жүйесінде 24-жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 1994 жылдан бастап 2003 жылға дейін ҚР Ұлттық Банкінде  түрлі қызметтерді атқарған. 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін бағалы қағаздар нарығы мен зейнетақы жүйесіне қатысушылары болып табылатын түрлі ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқарған. 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін – түрлі сақтандыру ұйымдарында басшы қызметтерді атқарды. 2014 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында сақтандыру және қор нарығымен өзара әрекеттесу жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істейді.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру компанияларының клиенттері қандай бонустар алады
Сақтандыру компанияларының клиенттері қандай бонустар алады

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынш аге...

Қазақстан 385 тоннадан аса алтынға ие
Қазақстан 385 тоннадан аса алтынға ие

Осы жылғы ақпанның басына елдің жалпы халықар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру