2022 жылғы наурызда ӨСК жиынтық брутто сыйлықақылары 12,7%-ға теріс динамиканы көрсетті. Ақшалай көріністе ӨСК Unit-linked өнімі бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін ескеріп 82 млрд теңге жинады.
«Nomad Life» ӨСК Unit-linked өмірді инвестициялық сақтандыру өнімін ұсынатын жалғыз өмірді сақтандыру компаниясы болып қалады. Бұл өнім бойынша наурызда сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі 3,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес 2022 жылғы наурыз айының қорытындылары бойынша «Nomad Life» ӨСК unit-linked сатуларды ескеріп, жиналған сыйлықақылар (29,3 млрд теңге) бойынша ӨСК арасында көшбасшы болып табылады. 2022 жылғы сәуірдің басына өмірді сақтандыру саласында компанияның нарықтық үлесі Unit-linked сатуларды ескеріп, 35,8%-ды құрады. Наурызда өмірді сақтандыру сегментінде сыйлықақылар динамикасының төмендеуі белгіленді. Жылдық көріністе динамика ақпандық 47,9% өсімге қарсы 29,6%-ды құрады.
Өмірді сақтандыру сегментінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. 49,9%-ға (жылдан жылға) компания жинақтарының динамикасы нарық өсімінің қарқынынан жоғары болды, абсолюттік көріністе жинақтар 16,3 млрд теңгені құрады. Сыйлықақылардың жоғары өсімі компанияға өмірді сақтандыру сегментінде нарықтағы үлесін ақпандағы 34,8%-дан 38,5%-ға дейін ұлғайтуға көмектесті.
«Halyk life» ӨСК жылдық ақпандағы 29,8% өсімге қарсы 1%-ға (жылдан жылға) жинақтар динамикасын көрсетіп, екінші позицияны алады. ӨСК сегментте үлесін 33,4%-ға дейін төмендетіп, 14,1 млрд теңге жинады. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» (ЕСК) ӨСК өмірді сақтандыру сегментінде үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. Наурыздың қорытындылары бойынша ӨСК сыйлықақылары жылдық көріністе 5,7 млрд теңгеге дейін 13,6%-ға өсті, дегенмен сегментте компанияның үлесі 13,5%-ға дейін төмендеді.
2022 жылғы наурызда аннуитеттік сақтандыру түсім тереңдігін біршама кері қайтарды. Егер ақпанда сыйлықақылардың жылдық түсімі 61%-ды құраса, наурызда түсім 52,8%-ға (жылдан жылға) дейін қысқарды. Аннуитеттер бойынша сыйлықақыларды жинайтын шамамен барлық ӨСК өсімнің теріс аймағына шықты. Аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық портфелі ӨСК жиынтық сыйлықақыларында 25%-ды ала отырып, 20,57 млрд теңгені құрады.
Зейнетақы аннуитеттері бойынша сыйлықақылар жинағы ақпандағы 65,3% (жылдан жылға) түсімге қарсы жылдық көріністе 51,7%-ға түсті. Абсолюттік көріністе жинақтар 17,96 млрд теңгені құрады. Аннуитеттік сақтандыру секторы мен зейнетақы аннуитеттері сегментінің көшбасшысы 2022 жылғы наурыздың қорытындылары бойынша «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Аннуитеттік сақтандыру бойынша компанияның сыйлықақылар портфелі 6,9 млрд теңге сыйлықақыларды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 6,45 млрд теңгені құрады. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 33,7%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 35,9%-ды құрайды. Аннуитеттік сақтандыруда 6 млрд теңге мөлшерде көлемі бойынша екінші портфель, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 5,2 млрд теңге портфель «Halyk life» ӨСК-де. Ол аннуитеттік сақтандыру сегментінің 29,5%-ын, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 29,2%-ын алады. Үшінші позицияда «Freedom Finance Life» ӨСК тұр. Аннуитеттік сақтандыру сегментінде оның сыйлықақылар портфелі 3,6 млрд теңгені, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 3 млрд теңгені құрады. Нәтиже ӨСК-ге сегментте нарықтық үлесін 2022 жылғы ақпандағы 15,9%-дан 17,6%-ға дейін, зейнетақы аннуитеттерінде үлесін 17,1%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
«Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар жиыны 2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша оң аумаққа шықты және ақпанға қарағанда біршама өсті. Егер ақпанда жылдық динамика 5,3%-ды құраса, ал наурызда ол 29,5%-ға дейін үдеді. Үш ӨСК нарық өсімі қарқынынан жоғары, екеуі – төмен өсімді көрсетті, екі ӨСК сыйлықақылар түсімінің қызыл аймағына шықты. Жылдық көріністе ЖЖА сегментінің сыйлықақылары 1,4 млрд теңгеден асты.
ЖЖА сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. 2022 жылғы сәуірдің басына ӨСК портфелі сегментте 36,1%-ға дейін ұлғайып, 519,3 млн теңгені құрады. Екінші орында «Nomad Life» ӨСК тұр. Компания сыйлықақыларының портфелі 398,9 млн теңгеге дейін өсті, ал сегментте жиынтық сыйлықақыларда нарықтық үлесі 27,8%-ға дейін ұлғайды. «KM Life» ӨСК ЖЖА сегментінде үшінші ірі сақтандырушы болып қалады. Наурызда компанияның портфелі 162,96 млн теңгеге дейін өсті, алайда сегменттің жиынтық сыйлықақыларында нарықтық үлесі ақпандағы 12,7%-ға қарсы 11,3%-ға дейін төмендеді.
«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті 2022 жылғы наурызда 111,9%-ға жылдық динамиканы көрсетті, ал ақпандық жылдық динамика едәуір 173,4%-ға жоғары болған. Ақшалай көріністе ӨСК жиынтық жинақтары 1,17 млрд теңгені құрады. Наурыздың қорытындылары бойынша сегмент көшбасшысы «Freedom Finance Life» ӨСК болып қалады. Ол 463,4 млн теңге сыйлықақыларды жинады, алайда 2022 жылғы ақпанның қорытындылары бойынша 48%-ға қарсы 39,4%-ға дейін қысқарған, сегментте нарықтық үлесін ұстап тұра алмады.
«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегментінде ірі ӨСК – басқа екі компанияларда позицияларды бөлуде өзгерістер болды. Үшінші орыннан екінші орынға 335,6 млн теңге жинаған «KM Life» көтерілді, ол оған сегментте 28,6% нарықтық үлесті алуға көмектесті. Үшінші позицияға 301,7 млн теңге жинаған «Halyk life» ӨСК түсті, ол сегментте оның нарықтық үлесін 25,7%-ға дейін төмендетті.
ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғадан сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша түсім динамикасын қысқартты. Сыйлықақылар түсімі жылдық көріністе ақпандағы 63,9%-ға жинақтардың жылдық түсіміне қарсы 27,6%-ды құрады. Төрт ӨСК сыйлықақылар жинағының оң динамикасын, төртеуі – теріс динамиканы көрсетті. Жиынтық түрде ӨСК 3,57 млрд теңге жинады.
Наурызда ӨСК бөлігінде ЖО-дан ірі сақтандырушылар үштігінде айтарлықтай орын ауыстырулар болды. Үшінші позициядан бірінші орынға сыйлықақылардың 975 млн теңгесін жинаған және сегментте 27,3% үлесті алған, «Halyk life» ӨСК шықты. Екінші позицияға 872,4 млн теңге портфельмен «Freedom Finance Life» ӨСК орнықты. Сегментте компанияның үлесі ақпанның қорытындылары бойынша 33,7% нарықтық үлестен 24,4%-ға дейін төмендеді. ЕСК ӨСК бірінші орыннан 769 млн теңге көлемде сыйлықақылар жинап, және сегментте нарықтық үлесін ақпанның қорытындылары бойынша 35,7% үлестен 21,5%-ға дейін қысқартып, үшінші орынға түсті.
«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ҚЖОМС) секторында сыйлықақылар 2022 жылғы наурыздың қорытындылары бойынша жылдық көріністе ақпандағы 18,8%-ға жылдық динамикаға қарсы 31,2%-ға дейін қарқындады. ҚЖОМС бойынша ӨСК жиынтық портфелі 10,5 млрд теңгеден асып түсті.
2022 жылғы наурыздың қорытындылары бойынша сегмент көшбасшысы 2,57 мрлд теңге сыйлықақыларды жинаған және сегментте нарықтық үлесін ақпандағы 22,6% үлестен 24,5%-ға дейін ұлғайтқан «Halyk life» ӨСК болды. «Nomad Life» ӨСК ҚЖОМС жиынтық сыйлықақыларында 22,8%-ды ала отырып, 2,4 млрд теңге портфельмен ҚЖОМС сегментінде екінші орынды алады.
«Евразия» ӨСК ҚЖОМС-тың үшінші ірі сақтандырушысы болып қалады. Наурызда компанияның сыйлықақылар портфелі 1,5 млрд теңгеге дейін, ал сегментте нарықтық үлесі 14,4%-ға дейін өсті.
ӨСК бөлігінде ауыру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйлықақылар 2022 жылғы наурызда ӨСК жинақтарының барлық сегменттері арасында өсімнің ең жоғары динамикасын көрсетті. Жылдық көріністе сыйлықақылар 101,9% жылдық ақпандағы динамиканы озып 112,7%-ға өсті. Сыйлықақыларды жинайтын бес ӨСК-ден төртеуі оң, біреуі теріс динамиканы көрсетті.
Сегмент көшбасшысы «KM Life» ӨСК болып қалады. Жылдық көріністе компанияның портфелі 91,4%-ға өсті, 2022 жылғы ақпандағы қатысы бойынша - 2,8%-ға өсті. Әлсіз бір айдағы өсім ЕМС бойынша «KM Life» портфелін 1,2 млрд теңге сыйлықақылар көлемінде қалдырды және сегментте нарықтық үлесін қаңтардағы 91,8% үлеске қарсы 85,3%-ға дейін төмендетті. ЕСК ӨСК 201,8 млн теңге жинап және сегментте нарықтық үлесін ақпандағы қорытындылар бойынша 7,6%-ға қарсы 13,9%-ға дейін ұлғайтып, жылдық көріністе сыйлықақыларды 610,8%-ға, айдың қорытындысы бойынша - 103%-ға ұлғайтты.
2022 жылғы наурыздың қорытындылары бойынша ӨСК жиынтық активтері 775,6 млрд теңгені құрап, 21,4%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері жылдық көріністе 572 млрд теңгеге дейін 24,8%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 134,6 млрд теңгені құрап, 12,7%-ға (жылдан жылға) өсті.
Сурет ашық дереккөздерден