bs-preloader__icon
ru kz

S&P Global Ratings Nomad Life-тің рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты»

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Nomad Life-тің рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».
S&P Global Ratings Nomad Life-тің рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты»

S&P Global Ratings таяудағы екі жылда Nomad Life қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында өз позицияларын одан да көп бекітеді деп күтеді. Сыртқы факторларға қарамастан Компания активтерді дұрыс үлестіруге көңіл бөліп, өтімділіктің жақсы резервтерін сақтады.

«Тұрақты болжам Nomad Life Компаниясы бұл ретте ұқсас-компанияларға қарағанда, кірістіліктің тағы анағұрлым жоғары көрсеткіштерін сақтай отырып, таяудағы 12-18 айда қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында өзінің мықты қалыптасқан позицияларын өзгеріссіз қалдыратынына қатысты біздің болжамымызды көрсетеді». Nomad Life көбінесе «ВВВ» деңгейінде орташа кредиттік сапасымен отандық жүйе құрушы банктерге және мемлекеттік ұйымдарға инвестициялайды. Осылайша компания активтер мен пассивтерді басқарудың өз тәуекелдерін тиімді басқарады. «Nomad Life» Компаниясы тұрақты ағымдағы қызметтің арқасында, өз капиталының жеткіліктілігін кем дегенде «А» деңгейінде сақтайды, – деп санайды S&P талдаушылары.

«Күрделі қаржылық жылда S&P Global Ratings-тен рейтингті растау Компанияның даму стратегиясының дұрыстығын көрсетеді. Біз бір орында тұрған жоқпыз – нарыққа сақтандырудың жаңа бағдарламаларын шығарудамыз, жалпы өмірді сақтандыру саласының дамуына нарықпен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қаржы институтының сенімділігі сақтандырушыны таңдаған кезде негізгі фактор болып табылады, оның қызметі ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты», - деп пікір білдірді «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Камбетбаев.

Nomad Life өмірді сақтандыру нарығында жетекші орындарды алады, Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарында 17 филиалдар мен 14 кеңселерден тұратын, дамыған өңірлік желісі бар.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтар сақтандырудан қалай табыс таба алады
Қазақстандықтар сақтандырудан қалай табыс таба алады

Unit-Linked өмірді жинақтаушы сақтандыру мен инвес...

Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда
Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда

Қазақстанның актуарийлер қоғамы мен Nomad Life өмі...

AM Best Халык-Life-тің қаржылық тұрақтылық рейтингін B+ деңгейінде растады
AM Best Халык-Life-тің қаржылық тұрақтылық рейтингін B+ деңгейінде растады

Халык-Life-тің қаржылық тұрақтылық рейтингін В+ ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру