«Біз жалпы сақтандыру сегментіндегі өсімнің төмен қарқынын болжап отырмыз (2020 жылы нақты мәнде шамамен 5%), олар айтарлықтай дәрежеде бәсекелестік деңгейіне, сатып алу қабілетіне және инфляция қарқынына тәуелді болады», – S&P сақтандыру секторы бойынша жасалған шолуда айтылады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
«Жалпы сақтандыру секторындағы болжамды төмен өсу қарқынын назарға ала отырып, біз сақтандыру нарығы өсуінің негізгі факторы бұдан әрі өмірді сақтандыру секторында өсу болады деп есептейміз, алайда осы екі секторда да меншікті капитал рентабельділігі мен табыстылығының жоғары көрсеткіштерін көрсетуге қабілетті», – деп көрсетіледі хабарламада.
S&P сарапшыларының пікірінше, Қазақстандағы операциялық қызметтің күрделі жағдайлары өмірді сақтандыру секторы мен жалпы сақтандыру секторының дамуына қысым көрсетеді.
«Қазақстанда әл-ауқаттың нақты көрсеткіштері төмен болып қалуда: жан басына шаққандағы ЖІӨ 2019 жылдың соңында шамамен $8600 құрады. Біз ел халқы қаражатты негізінен бірінші қажеттілік заттарына жұмсайтынын және сондықтан әрдайым барабар сақтандыру қорғанысына ие болмайтынын немесе сақтандыру полистерін мүлдем сатып алмайтынын (міндетті сақтандыру полистерін қоспағанда) атап өтеміз. Бұл фактор, сондай-ақ төмен төлем мәдениеті және қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейі сақтандыруға жұмсалатын шығыстардың төмен деңгейін (жан басына шаққанда орташа есеппен 70$) негіздейді және өмірді сақтандыру секторының да, жалпы сақтандыру секторының да дамуына кедергі жасайды», – деп көрсетіледі шолуда.
Жалпы, ақпаратта көрсетілгендей, сақтандыру секторының өсу перспективалары қолайлы болып қала береді. «Біз Қазақстанның экономикалық өсуінің тұрақты қарқынының нақты мәнде сақталуын болжаймыз (біздің бағалауымыз бойынша 2020-2022 жылдары орташа 3,6%-ға жуық), алайда Қазақстанда сақтандыру қызметтерінің ену деңгейі дамыған елдердің ұқсас көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен болып қалады», – деп көрсетіледі шолуда.
S&P талдаушылары реттеуші органның бастамалары орта мерзімді перспективада өмірді сақтандыру секторының дамуын ынталандырады деп күтуде, онда өсу қарқыны 20%-дан астам болады. «Бұл бастамаларға инвестициялық құрамдасы бар сақтандыру өнімдерін күтілетін енгізу және өмірді сақтандырумен айналысатын компанияларға зейнетақы қаражатын басқару жөніндегі функциялардың бір бөлігін беру жөніндегі реттеуіштің ықтимал шаралары жатады», – деп хабарламада нақты көрсетіледі.
Бұл бастамаларға инвестициялық құрамдасы бар сақтандыру өнімдерін күтілетін енгізу және өмірді сақтандырумен айналысатын компанияларға зейнетақы қаражатын басқару жөніндегі функциялардың бір бөлігін беру жөніндегі реттеуіштің ықтимал шаралары жатады. «Біз жалпы сақтандырумен және өмірді сақтандырумен айналысатын қазақстандық компаниялардың («Еуразия» СК» АҚ, «Nomad Life» ӨСК» АҚ, «Номад Иншуранс» СК» АҚ, «Лондон-Алматы» СК» АҚ, «JYSAN Garant СК» АҚ, «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ, «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Freedom Finnace Insurance» СК» АҚ) бәсекелестігінің күшеюіне қарамастан, өз позицияларын сақтайтынын күтеміз», – деп көрсетілген шолуда.
S&P-да бәсекелестік корпоративтік және бөлшек сақтандыру сегментінде жоғары болып қалады, ал авто сақтандыру, жауапкершілік пен мүлікті сақтандыру үлесіне 2020-2021 жылдары жалпы сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйлықақысының 80% - ға жуығы келеді деп күтілуде. «Бәсекелестік өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар үшін күшеюі мүмкін, бірақ бұл алдағы 12-18 айда осы нарықтағы негізгі ойыншылар тобының құрамындағы елеулі өзгерістерге әкелмейді. Біздің пікірімізше, бәсекелестіктің өсуі сақтандыру компанияларын қатаң реттеумен сүйемелденетін болады», – делінген хабарламада.
Агенттікте атап өткендей, реттеуші орган бірнеше лицензиялардың қолданылуын тоқтатып, 2018-2019 жылдары бірқатар лицензияларды қайтарып алды, бірақ «2020-2021 жылдары мұндай жағдайлар аз болады және олар тек шағын және әлсіз сақтандыру компанияларын қозғауы мүмкін».
Жалпы S&P жалпы сақтандыру секторы компанияларының құрамдастырылған коэффициенті шамамен 95%-ды құрайды, ал сектордың табыстылық көрсеткіштері жоғары болады деп күтуде: меншікті капиталдың рентабельділігі (return on equity-ROE) шамамен 15-20% құрайды. «Біз өмірді сақтандыру секторындағы ROE орташа мәні 2020-2021 жылдары жылына 25%-дан астам, ал активтердің рентабельділігі (return on assets – ROA) сол – шамамен 6%-ды құрайды деп күтеміз, бұл біз өмірді сақтандырумен айналысатын еуропалық компаниялардың көрсеткіштерімен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш ретінде бағалаймыз», – делінгн шолуда. Агенттікте инвестициялық қызметтен түскен табыс соңғы екі жылда инвестициялардың орташа таза кірістілігінің 6,8%-ға дейін төмендеуіне қарамастан, барлық қазақстандық сақтандыру компанияларының қорытынды нәтижелерінде елеулі үлес болады деп пайымдайды. Сонымен қатар, S&P-да жалпы сақтандыру секторының компаниялары үшін болашақта сақтандыру қызметі көрсеткіштерінің құбылмалылығын болжайды, «алайда бұл көрсеткіштер бұрынғысынша өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялардың біздің бағалауымызға оң әсер етеді».
Ақпаратқа сәйкес, S&P тәуекелге ұшыраудың жалпы бағасы S&P Global Ratings рейтингтері бар қазақстандық сақтандыру компанияларының көпшілігі үшін жағымсыз болып табылады. «Сонымен қатар, елдің банк секторына байланысты тәуекелдерге ұшырауы бұрынғысынша сақтандыру компаниялары активтерінің сапа көрсеткіштеріне қысым көрсетеді. Қаражат «В» медиандық рейтингі бар қазақстандық банктерде орналастырылады, бұл халықаралық контекстегі төмен көрсеткіш болып табылады», – деп көрсетіледі шолуда.
Сонымен қатар, агенттікте қазақстандық сақтандыру компанияларының рейтингтері өте жоғары валюталық тәуекелге ұшырағанын атап өтті.
Дереккөзі: https://inbusiness.kz/ru/last/osnovnym-faktorom-rosta-strahovogo-rynka-v-kazahstane-budet-razvitie-sektora-strahovaniya-zhizni-s-p
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды