2024 жылдан бастап Қазақстанда "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізілді. Ол мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде жасалған әрбір сақтандыру шартына немесе банктік салым шартына ағымдағы жылы 5 жасқа толатын баланың пайдасына мемлекет бастапқы капиталды (барлығы үшін 60 АЕК және жетім балалар үшін 120 АЕК) есептейтінін көздейді. Бұл білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жинақтардың жалпы мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді және тиісінше МБЖЖ қатысушылары үшін жағдайларды жақсартады.
"Естеріңізге сала кетейін, МБЖЖ қазақстандықтарға жыл сайын 5-тен 7% - ға дейінгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысын және сақтандыру ұйымынан немесе банктен қосымша табыс ала отырып, балалардың білім алуына қаражат жинауға мүмкіндік береді. Сақтандыру ұйымдары МБЖЖ жүйесіне 2023 жылдан бастап қосылды. Бүгінгі таңда 1 млрд теңге сомасына 4,7 мыңнан астам сақтандыру шарттары жасалды. Салыстыру үшін Банктер 2013 жылдан бастап МБЖЖ шеңберінде жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 89 мың депозиттік шарт жасасты", - деп нақтылады Мария Хаджиева.
Біздің азаматтарымызды сақтандыру өнімдерін пайдалана отырып, қаражат жинауға ынталандыру үшін 2025 жылы өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлеріне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктерін кеңейту жоспарлануда. Тиісті заңнамалық түзетулер ҚР Парламентінде қаралады. Қазір Қордың кепілдігі 10 сыныпқа: 8 міндетті сыныпқа, зейнетақы аннуитеттеріне және МБЖЖ шарттарына қолданылады.
"Қабылданған шаралар өмірді сақтандыру өнімдерін халық үшін неғұрлым тартымды етеді және азаматтарды ұзақ мерзімді жинақтауға ынталандыру арқылы олардың қаржылық қорғалуын жақсартуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша шараларын қабылдау жоспарлануда", - деп нақтылады ҚНРДА төрағасының орынбасары.
Агенттік сондай-ақ ерікті сақтандыру шарттарына базалық талаптарды белгілеу бойынша заңнамалық түзетулер дайындады. Бұл сақтанушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, сақтандырудың қажетсіз немесе қолайсыз шарттарын енгізу, көрінеу төленбеген сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру төлемдерін негізсіз кешіктіру мүмкіндігін болдырмайды.
"Біз бұл шаралар азаматтардың ерікті сақтандыруға деген сенімін нығайтуға және оны одан да қолжетімді әрі түсінікті етуге көмектеседі деп күтеміз", - деп атап өтті ол.
2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыскерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан (ЖОМС) міндетті сақтандыру жүйесінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 55 жастан 63 жасқа дейінгі 4 ең төменгі күнкөріс деңгейі (184 912 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлемдер көзделген. Төлемдер төрт көзден (республикалық бюджет есебінен, жұмыс берушінің есебінен, зейнетақы жинақтары есебінен және сақтандыру ұйымдарының есебінен) әрбір көзден 1 КД (46 228 теңге) жүзеге асырылады.
"Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 12 мыңға жуық қызметкер ерте зейнетке шығу мүмкіндігін пайдаланды, олар үшін сақтандыру ұйымдары есебінен 26 млрд теңгеге жуық сомаға төлемдер көзделген, оның 4,5 млрд теңгесі төленген", - деп қорытындылады спикер.
Сақтандыру ұйымдарының міндеттемелерінің өсуіне байланысты 2025 жылғы ақпанда ЖОМС жүйесін тұрақтандыру үшін қайта сақтандыру пулы құрылды. Пул жүктемені оның қатысушылары арасында тиімді қайта бөлуге, сақтандырудың жалпы шығындарын азайтуға мүмкіндік береді және сақтанушыларға жақсы шарттар алуға мүмкіндік береді.
Ашық дереккөзден алынған сурет