Кездесуге келген қонақтар алдында «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Алексей Акимов және «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев сөз алды. Сонымен қатар әлемде өмірді сақтандыру рөлі және оның Қазақстанда дамуы ерекшеліктері туралы тәуелсіз аудит, консалтинг және салық саласындағы қызмет көрсету саласында алдыңғы қатардағы әлемдік компаниялардың бірі «Grant Thornton» компаниясының басқарушы серіктесі Ержан Досымбеков баяндап берді.
Қайрат Чегебаев атап көрсеткендей, өмірді жинақтаушы сақтандырудың жаңа өнімі «Золото номадов» қазақстандықтар үйреніп қалған депозиттерге ұқсас келеді. Ол өзіне өмірді сақтандыру полисі мен жинақтаудың құралының артықшылықтарын қамтыған. Полис бойынша барлық сомалар АҚШ доллары бағамының өзгеруіне байланысты индекстеледі және полистің бүкіл қолданылу мерзіміне белгіленеді.
Сондай-ақ, АҚШ долларындағы өнім табыстылығының деңгейі өте жоғары және 3,26%-ды құрайды, ол ұзақ – үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге кепілдендіріледі. Оның үстіне клиент бағдарламаның қолданылуының бүкіл кезеңінде сақтандыру арқылы қорғауға ие болады.
Өнімнің басқа артықшылығы заң артықшылықтары болып табылады: мұрагерлер арасында мүліктік даулар, тәркелеу, ажырасу барысында мүліктік даулар, үшінші тұлғалардың талабы тәуекелдеріне жол берілмейді. Сақтандыру сыйлықақысын декларацияда көрсету қажеттілігі жоқ. «Золото Номадов» қорланымына салық салынбайды, бұл шетелдік қор нарығында орналастырылатын қорланымдар алдында елеулі артықшылығы болып табылады.
Ержан Досымбековтың сөзінше, Қазақстанда сақтандыру нарығы өзінің дамуының бастапқы кезеңінде орналасқан. Мысалы, сингапурда сақтандыру сыйлықақылары бір адамға шаққанда шамамен 3300 АҚШ долларын, ал Қазақстанда тек қана 11 АҚШ долларын құрайды. Сондықтан «өмірді сақтандыру нарығының өсу әлеуеті өте ауқымды және біздің еліміз үшін пайдалы», деп сарапшы атап көрсетті.
«Кездесудің форматы өте қызықты және барлық қатысушыларды қызықтырған жаңа бизнес өнімін ұсыну үшін тиімді болды, – деп, шараның қорытындылары бойынша өз пікірін Досымбеков мырза білдірді. – Бұл өнім Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының дамуына қомақты үлес қосады, сонымен қатар елімізде қаржыландырудың едәуір қолжетімді және ұзақ мерзімді дереккөзін ұсынады, деп сенемін».
Бизнес-таңғы астың қонақтары спикерлерге сұрақ қойып, «Сбербанк» АҚ ЕБ және «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ басшылары мен менеджерлерінен «Золото Номадов» бағдарламасының талаптары бойынша жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Кездесу соңында iPhone X (256 Гб) смартфоны ойнатылды.
«Золото Номадов» инвестициялық өнім бойынша полисті тіркеу және ресімдеу үрдісі sberzoloto.kz сайтында онлайн-режимінде жүзеге асырылады.
Өнім туралы толық ақпаратты http://sberzoloto.kz/ сайтынан ала аласыз.