bs-preloader__icon
ru kz

ҚНРДА-да осы жылға жұмыс жоспары туралы айтты

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова 2021 жылы қадағалау саясатының нәтижелерін және сақтандыру секторының қадағалау саясатының 2022 жылға арналған негізгі басымдықтарын талқылап, сақтандыру ұйымдарымен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Ұлттық Банк өкілдері мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
ҚНРДА-да осы жылға жұмыс жоспары туралы айтты

2021 жылғы наурызда алғаш рет «Сақтандыру секторы қадағалау саясатының негізгі басымдықтары» деген құжат әзірленіп, жарияланды, оның шеңберінде тәуекелге бағдарланған қадағалау жүзеге асырылды. Агенттік сақтандыру ұйымдарына SRES жүйесі бойынша  бағалау жүргізді және қадағалап ден қоюдың деңгейін айқындады. Сақтандыру ұйымдары қызметінің 2021 жылғы нәтижелері бойынша 4 сақтандыру ұйымына экстремалды қадағалау, 6 ұйымға қарқынды қадағалау, 6 ұйымға жан-жақты қадағалау, 3 ұйымға байқау, 9 ұйымға стандартты қадағалау белгіленді.

Сақтандыру ұйымдары Insurance Regulatory Information System (IRIS) халықаралық реттеушілік жүйе негізінде әзірленген әдістемені басшылыққа ала отырып, алғаш рет 2021 жылы тәуекелдерге дербес бағалау жүргізді.

2021 жылы қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандырудың әлеуметтік-маңызды міндетті сыныбы (ЖОМС) бойынша сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігін бағалау жұмысы жүргізілді. Осы кезеңде сақтандыру ұйымдарынан, мемлекеттік органдардан, дерекқорлардан және басқа да дереккөздерден сақтандыру резервтерін қалыптастыру үшін қажетті статистиканың толық және дәйекті болуы тұрғысынан алынған мәліметтерге талдау жасалды.

2022 жылғы 1-жартыжылдықта  әрбір сақтандыру ұйымымен ЖОМС сыныбы бойынша сақтандыру резервтерінің жеткіліктілігін бағалауға бағытталған жұмыс жүргізілетін болады.

Тәуекелге бағдарланған қадағалауды одан әрі дамыту мақсатында ҚНРДА 2022 жылы сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ішкі, сол сияқты сыртқы жүйелерін сапалы жақсартуға бағытталған заңнамалық талаптарды жетілдіру және жаңа реттеушілік бастамаларды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін тәуекелге бағдарланған қадағалаудың ішкі жүйесі (SRES) пысықталады, атап айтқанда тәуекелдерді сандық бағалау (EWS) Ресей Федерациясы Орталық банкінің тәжірибесі бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың сақтандыру ұйымдарына негізгі шағымдарын ескере отырып белгіленеді.

2022 жылы Solvency II сақтандыру ұйымдары үшін төлем қабілеттілігінің халықаралық стандартының және №17 «Сақтандыру шарттары» халықаралық қаржылық есептілік стандартының элементтерін енгізуге дайындық маңызды жаңалық болады.

2022 жылы сондай-ақ Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес сақтандыру қызметтерін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады.

Кездесуге қатысушылар сақтандыру ұйымдарын пруденциялық реттеу тәсілдері мен есептілікті оңтайландыру мәселелерін, сондай-ақ сақтандыру делдалдарының қызметі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері
Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері

Қаржы алаяқтарының схемалары күннен күнге түр...

Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды
Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды

2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында қазақстанд...

Сыйлықақы жинау тұрақталды
Сыйлықақы жинау тұрақталды

2024 жылғы маусымда ӨСК мамыр айындағы ұқсас дин...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру