bs-preloader__icon
ru kz en

ҚНРДА-да өмірді сақтандыру нарығын дамыту жоспарлары жайлы айтты

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша (ҚНРДА) соңғы үш жылда сақтандыру нарығының активтері 76%-ға өскен және қарашаның аяғына 1,7 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нен 2,3%-ды құрады. Өмірді сақтандыру секторының даму жоспарлары туралы баспасөз қызметінде айтып берді.
ҚНРДА-да өмірді сақтандыру нарығын дамыту жоспарлары жайлы айтты

Қазақстан Парламенті Мәжілісі  ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарауға кірісті. Реттеуші мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің аясында білім беру жинақтаушы сақтандыру өнімін және бірлескен зейнетақы аннуитетті - жаңа әлеуметтік өнімдерді енгізуге бастамашылық жасап отыр.

«Өмірді сақтандыру компаниялары банктермен қатар, олардың клиенттерінің жинақтары мемлекетпен қаражаттандарылатын МБЖЖ-ға тартылатын болады. Ата-ана еңбекке қабілеттілігінен айырылған немесе қайтыс болған жағдайда, сақтандыру компаниясы оқу ақысының толық төлеміне кепілдік беретін болады. Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы банктің білім беру депозиттеріне ұқсас жинақтарға 5% немесе 7% мөлшерінде белгіленетін болады. Бүгінгі күні сақтандыру нарығында мемлекетпен қаражаттандырылатын мұндай өмірді сақтандыру өнімдері жоқ», - деді реттеушінің баспасөз қызметінде.

Бірлескен (ерлі-зайыптық) зейнетақы аннуитеті – бұл Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің кең таралған түрлерінің бірі. Мұндай полис зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін жақын адамдарға зейнетақы жинақтарын (мысалы, ерлі-зайыпты, туған апалы-сіңлілер, анасы мен баласы) біріктіруге және өмірді сақтандыру компаниясынан өмір бойылық төлемдерді алуға мүмкіндік береді. «Мысалы, егер ерлі-зайыптының біреуінде зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз, ал екіншісінде артығы болса, онда бірлескен зейнетақы аннуиететі оларға бірге өмір бойылық төлемдерді алуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл түрі азаматтардың үлкен санын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деп нақтылады ҚНРДА-да.

Өмірді сақтандыруды цифрландыру

Агенттікпен өмірді сақтандыру компанияларын цифрландыруды дамыту бойынша заңнамалық бастамалар жүргізілуде. Мысалы, заңнамалық деңгейде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын бірыңғай сақтандыру деректер қорынан (БСДҚ) ақпаратты алушылар және жеткізушілер тізіміне қосу жоспарланып отыр. Мұндай қолжетімділік зейнетақы аннуитеті шартын жасасу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда клиент зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін ӨСК-ге БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының болуы туралы ақпаратты ұсынуы қажет. Содан кейін клиент БЖЗҚ-ға жасалған зейнетақы аннуиететі шартын беруі тиіс. Сонымен, БЖЗҚ және БСДҚ ақпараттық жүйелерді біріктіру осы үдерісті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын деректерді беру салымшының келісімімен ғана жүреді. Бұл шара зейнетақы аннуитеті шартын жасасу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді деп болжануда.

«Өмірді сақтандыру саласының әлеуметтік елеулі сыныптарының бірі қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) болып табылады. БСДҚ мен ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйелері арасында біріктіру жүзеге асырылды, ол ҚР ЕХӘҚМ-ға басқасынан бөлек, жұмыс берушілерде ЖОМС шарттарының бар-жоғы туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді», - дейді ҚНРДА-да. 

Сонымен қатар, «өмірді сақтандыру» саласында қызметтерді цифрландыру аясында ӨСК-ге жеке тұлғаның мәртебесі (тірі/өлген), жеке және заңды тұлғалар бойынша деректерді іздеу және тексеру (дербес ақпарат), кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі жөнінде қызметтерді беру бойынша іс-шаралар көзделген.

Қаржы бақылауында мемлекеттік базалармен біріктірілген БСДҚ-ның осы қызметтерін пайдалану ӨСК-ге бизнес-процесстерді оңтайландыруға және тәуекелдерді дұрыс бағалау және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтанушылар бойынша анық және сапалы ақпаратты алуды жылдамдатуға мүмкіндік береді деп болжайды.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру