bs-preloader__icon
ru kz
✕

Банктік секторға қарағанда отандық сақтандырушылар өткен қысты сенімді өсумен аяқтады

Сақтандырушылардың жиынтық активтері соңғы қыстық айда 0,2% пайызға 935,8 млрд теңгеге дейін өсті, бұл абсолюттік сипатта – 1,9 млрд теңгеге артық. Бұл жағдайда нарықтың жетекші қатысушыларының орналасуы өзгермеді, деп хабарлайды dknews.kz.
Банктік секторға қарағанда отандық сақтандырушылар өткен қысты сенімді өсумен аяқтады

Өмірді сақтандыру компанияларынан активтердің мөлшері бойынша бірінші ондыққа келесі компаниялар кіреді: «Halyk-Life» (66,4 млрд теңге), «Казкоммерц-Life» (63,5 млрд теңге), «Номад-Life» (68,3 млрд теңге), «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» (34,6 млрд теңге). 

Сонымен қатар, dknews.kz мәліметтері бойынша сақтандырушылар қызметінің жалпы қаржылық нәтижесі де сенімді позитивке ие болды – бұл олардың пайдасы (бөлінбеген табыс). Ақпан айында бұл табыс  18,2 (!) есеге 6,2 млрд теңгеге дейін өсті, абсолюттік сипатта – 5,9 млрд теңгеге артық. Бұл, әрине, сақтандыру секторы тұрақтылығының әрі қарай өсуіне ықпал етеді, деп жазады портал. Осы көрсеткіш бойынша шоғырландыру өте жоғары – 1 млрд теңге мөлшеріндегі биіктікке көктемнің басында тек екі сақтандырушы ғана қол жеткізе алды! Нарықта «Евразия» компаниясы алға шығып отыр – оның пайдасы ақпан айында 5 есеге 4,0 млрд теңгеге өсті, ал абсолюттік сипатта – 3,2 млрд теңгеге артық. Екінші орында «Номад Life» компаниясы, оның пайдасы 2,3 есеге, 1,2 млрд теңгеге өсті. Осы жұптың сақтандыру секторының қосынды пайдасындағы үлесі 83,9% пайызды құрап отырғандығын есептеу қиынға соқпайды!

Сақтандырушылар ақпан айында жинаған сыйлықақыларының жиынтықтағы мөлшері – 1,6 есеге 77,6 млрд теңгеге, абсолюттік сипатта – 29,3 млрд. теңгеге өсті, деп хабарлайды dknews.kz. 

Дереккөзі: https://dknews.kz/in-the-newspaper/70976-prizrak-duopolii-brodit-po-strakhovomu-rynku.html

Фотосурет Finance.ua, Report.az сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жаңа зейнеткерлер
Жаңа зейнеткерлер

Елімізде зейнетақы жинақтарының жеткілікті м...

Ресейде фрилансер немесе үй шаруасындағы әйел де зейнетақы алады
Ресейде фрилансер немесе үй шаруасындағы әйел де зейнетақы алады

Новосібір облысы РЗҚ органдарына «міндетті зе...

Ақшаны ӨСК-ден БЖЗҚ-ға қалай аударамыз
Ақшаны ӨСК-ден БЖЗҚ-ға қалай аударамыз

Зейнетақы аннуитеті шарты бар қазақстандықта...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру