bs-preloader__icon
ru kz
✕

БЖЗҚ салымшылары биыл ӨСК ге 740 млрд теңге аударды

Қазақстандықтардың зейнетақы активтері сегіз айда үш трлн теңгеге өсіп, 20,9 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
БЖЗҚ салымшылары биыл ӨСК ге 740 млрд теңге аударды

2024 жылдың 8 айында БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударымдар мен жарналардың барлық түрлері бойынша төлемдер түріндегі шығыс ағындары 740 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы осыған ұқсас кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есеге артық.

322,6 млрд теңге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖТ) құрайды.

Зейнетақы жасына жетуіне байланысты төлемдер шамамен 130,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 26% - ға жоғары.

Аталған кезеңде мұрагерлік бойынша төлемдер – 40 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 26,1 млрд теңгеден астам, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер – шамамен 6,7 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 212 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ – дан орташа айлық төлем сомасы 33 817 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы-945 752 теңгені құрады.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандырудың бір полисінен артық рәсімдеуге бола ма
Өмірді сақтандырудың бір полисінен артық рәсімдеуге бола ма

Оның көмегімен қарттыққа жинауға, мұраны тапс...

Өмірді сақтандыру нарығы туралы ҚҚҚ-да айтып берді
Өмірді сақтандыру нарығы туралы ҚҚҚ-да айтып берді

ҚҚҚ талдау орталығы 2022 жылғы қазақстандық өмі...

АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін небәрі 15 минутта рәсімдеуге болады
АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін небәрі 15 минутта рәсімдеуге болады

The Penn Mutual Life Insurance Company (Penn Mutual) жаңартылған Accelerat...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру