Жаңа жұмысты бастай отырып, сіз медициналық талдауларды тапсырмай жұмыстың алғашқы 30 күнінде топтық сақтандыруды ала аласыз. Егер сіз топтық сақтандыруы болған жұмыстан шығып жатсаңыз, онда сізде медициналық талдауларды тапсырмай дәл сол сақтандыру компаниясында осы сақтандыруды жеке жалғастыру үшін 30 күніңіз бар.
Өмірді сақтандыруы бар канадалықтардың көбісі (62%, жақындағы сауалнамаға сәйкес) сақтандыру өтелімін жұмыс орнында топтық жеңілдіктер жоспары арқылы алады. Осы зерттеу топтық жоспарлар әдетте жұмыскердің жылдық табысынан бір-екі есе ғана көбірек сақтандырады, ол 55 000-нан 110 000 долларға дейінді құрайды.
Өмірді сақтандыру туралы шарт – бір жақты шарт. Сақтандыру компаниясы сақтандыру оқиғасы (сақтандырылушының қайтыс болуы) басталған кезде сіздің мұрагерлеріңізге сақтандыру сомасын төлеу міндеттемесін өзіне алады. Ол шарттың мерзімі аяқталса немесе сіз төлеуді доғарсаңыз ғана шартты тоқтата алады.
Белгілі бір адамның жеке жағдайына байланысты анағұрлым қолайлысы үлкен сақтандыру өтелімі болуы мүмкін. Бұдан бөлек, жұбайлары мен балалары топтық жоспардың қолданылуына жатпауы мүмкін, ол отбасын тәуекелдерден қорғау стратегиясындағы олқылық. Сонымен қатар, жұмыс берушіде бар сақтандыру өтелімін ұлғайту шешімі, - мысалы, өмірді сақтандыру бойынша жәрдемақы мөлшерін ұлғайту немесе жұбайын/зайыбын қосу – жұмыскерлерді әлсіз етеді, себебі олар әдетте, жұмысты ауыстырған кезде өздерінің топтық өтелімін өздерімен бірге алып кете алмайды.
Адам жұмыс берушіден осындай жеңілдікпен өзін қорғаныста сезінеді, бірақ әрқайсымызда кейде өмір әкелетін күтпеген жағдайлардан жеткілікті сақтандырудың барына көз жеткізген жөн.
Дереккөзі: https://www.advisor.ca/partner-content_/expert-advice_/is-group-life-insurance-enough/
Сурет ашық дереккөздерден