bs-preloader__icon
ru kz en

«Өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру сыйақылары екі айда 16,4%-ға артты

2018 жылдың екі айының нәтижелері бойынша «Өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру сыйақылары 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ға артып, 10,6 млрд. теңгеге дейін жеткен. Жалпы сақтандыру сыйақыларындағы «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйақыларының үлесі 2017 жылғы 1 наурыздағы 12,1%-бен салыстырғанда, 13,6% құраған деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы сақтандыру сыйақылары екі айда 16,4%-ға артты

ҚР Ұлттық Банкінің хабарламасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының 2018 жылғы 1 наурыздағы активтерінің жиынтық көлемі 935,8 млрд. теңге құраған деп мәлімденеді (жыл басынан 1,0%-ға өскен). 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша Қазақстанның сақтандыру секторында 32 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тіркелген. 

Сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан  1,7%-ға артып, 522,1 млрд. теңгеге дейін өскен. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жылдың басынан 3,7%-ға артып, 477,5 млрд. теңгеге дейін жеткен.

Жекеменшік капиталы 413,7 млрд. теңгені құраған (жыл басынан 0,2%-ға өскен).

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша сақтандыру сыйақылары 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, 77,6 млрд. теңгеге дейін жеткен, соның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйақыларының көлемі 66,9 млрд. теңгені құраған.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының көлемі 21,3 млрд. теңгені немесе сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемінен 27,4% құраған. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының 77,8%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне табысталған.

2018 жылдың басынан жасалған сақтандыру төлемдерінің (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша сақтандыру төлемдері шегерілген) жалпы көлемі 12,5 млрд. теңге құраған, бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 5,0%-ға артық деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Фотосурет capital.market.md сайтынан алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы аннуитеті кімге қолайлы
Зейнетақы аннуитеті кімге қолайлы

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасудың негізгі ...

"Сақтандыру көмекшілері": неге олар өз ақшаларына сенбегені жақсы
"Сақтандыру көмекшілері": неге олар өз ақшаларына сенбегені жақсы

Соңғы жылдары сақтандыру нарығында жосықсыз "...

Дюкан диетасы: қатері мен пайдасы туралы ғылыми деректер
Дюкан диетасы: қатері мен пайдасы туралы ғылыми деректер

Бірде бір диета өздігінен арықтаудың ұзақ мер...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру