Қазақстанның бірыңай зейнетақы жинақ қоры 13 наурызда активтер, төлемдер және әртүрлі салымшылардан жинақталған сомалар бойынша деректерін жариялады, деп береді Today.kz. бүгінде қордың теңгеріміндегі жалпы қаражат көлемі 7,8 триллион теңгені құрайды.
2018 жылғы қаңтар айында түсімдер, 2017 жылмен салыстырғанда 4,5 миллиардқа өсіп, 65,3 миллиард теңгені құрады– өсім жеті пайызға теңеседі.
"2018 жылғы 1 ақпандағы барлық шарт түрлері бойынша салымшылардың (алушылар) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 миллион бірлікті құрады, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен – 9,62 миллион. Міндетті зейнетақы жарналарының есебі бойынша салымшылардың (алушылар) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті құрады, ерікті зейнетақы жарналары есебі бойынша – 39 мың бірлік", -деп хабарлайды БҰЗҚ баспасөз-қызметі.
Жүйеде 16 жылдан астам уақыт бойы тұрған, зейнетақы жасына дейінгі ерлердің орташа жинақ сомасы 2,6 миллион теңгені, әйелдерде – 2 миллионға жуық теңгені құрайды. Тұрақты түрде жасалатын зейнетақы жасына дейінгі салымшылардың жинақ (жылына 9 реттен кем емес) жарналары ерлерде 3,3 миллион теңгені, әйелдерде 2,3 милион теңгені құрайды.
Дереккөз: http://today.kz./news/finansyi/2018-03-13/761920-kazahstantsyi-za-odin-mesyats-perechislili-v-enpf-65-milliardov-tenge/
alau.kz, ratel.kz сайттарынан фотосуреттер.