bs-preloader__icon
ru kz en

Америкалық компаниялар қызметкерлерінің сексуалды алымсақтығы мен ұнамсыз әрекеттері үшін талаптардан сақтандыруға жылына $2 млрд жұмсайды

30 жылдан кем уақыт ішінде қызметкерлердің талаптарына байланысты жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру раритеттен үлкен бизнеске айналды. 1991 жылы Анита Хилл жоғарғы сот лауазымына дауысқа түскен Кларенс Томасқа қарсы түсініктеме берген атышулы іске дейін, мұндай жағдайлар мүлдем болмаған. Жұмыс орнында сексуалды алымсақтық туралы жаңалықтар бүгінде кеңінен таралған, есесіне зардап шеккендерге төленетін төлемақылардың көлемдері миллиондаған долларға жете бастаған.
Америкалық компаниялар қызметкерлерінің сексуалды алымсақтығы мен ұнамсыз әрекеттері үшін талаптардан сақтандыруға жылына $2 млрд жұмсайды

Секс-жанжалдар толқыны АҚШ-ты басып алды. Бәрі сол голливудтық продюсер Харви Вайнштейннен басталды. Ондаған актриса оны алымсақтықта айыптады.

Бүгінде компанияларды қызметкерлердің талаптарынан сақтандыру нарығының көлемі, Business Insider мәліметтері бойынша $2 млрд-қа жеткен. Мұндай өнім тіпті Berkshire Hathaway Уоррен Баффеттте де бар. Ол сексуалды алымсақтық пен «интернеттегі ұнамсыз әрекеттерді» қоса есептегенде, түрлі тәуекелдерден қорғаныс ретінде $25 млн дейін сомаға сақтандыруды ұсынады.

Business Insider еңбек қатынастары бойынша заңгер Стефани Джирондудың «Талап қоюдың қалыпты іске айналғаны соншалық, бұны тіпті бизнес жүргізудің бір бөлігі десе де болады», – деген сөздерінен дәйексөз келтіреді.

Сақтандырушылар талап қоюлар санының өсуін күтеді. ExecutivePerils басқарушы директоры Питер Таффэ: «Біз талап қою саны тым көбейіп кететін жаңа дәуірге аяқ бастық. Бәлкім, орта буындағы еркек қызметкерлер өздеріне әйелдермен соңғы кезде орынсыз деп есептелетіндей түрде сөйлесуге немесе лайық емес әрекеттер жасауға болатынын сезініп, бұзушылықтар мен сот талқылауларының саны артады», - деп мәлімдейді.

Дерекнама: https://www.vedomosti.ru/finance/articles/2017/10/27/739591-seks-skandali-razogrevayut

https://tvzvezda.ru/news/vstrane_i_mire/content/201711021524-6z94.html

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы: өзің жаса! Қарттыққа ақшаны қайда жинағаны дұрыс
Зейнетақы: өзің жаса! Қарттыққа ақшаны қайда жинағаны дұрыс

РФ Үкіметі зейнетақы жасының өсуі бойынша ұсы...

Уилл Смиттің секіруі $200 млн-ға сақтандырылған
Уилл Смиттің секіруі $200 млн-ға сақтандырылған

Байлығы мен жалақысы олардың бет-әлпетіне нем...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру